2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiкті қорғау жөніндегi агенттiгi) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. 410, 411-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөніндегi агенттiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітiлсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
410-қосымша
620 - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды
қамтамасыз ету және бәсекелестiктi дамыту"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 865560 мың теңге (сегiз жүз алпыс бес миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы (46-бап); "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы (13, 14, 17, 18-баптар); "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы (1-30-баптар); "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы (8-бап); "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесiмдерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы; 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығы; "Табиғи монополия субъектiлерiнiң 2002-2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысы; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпандағы № 2157 нөмiрмен тiркелген "Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының қызметiн қамтамасыз ету, кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерiн, машықтары мен дағдыларын жаңарту және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгiнiң аппаратын ұстау; Агенттiктiң, табиғи монополия субъектiлерiнiң және тaуар рыноктарында үстем жағдайға ие субъектiлердiң тиiмдi қызметiне тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесетiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi жетiлдiру және жаңасын әзiрлеу; табиғи монополия субъектiлерiнiң техникалық және қаржылық жай-күйiн бағалау; тауар рыноктарын талдау, уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) және тарифтiк сметалардың деңгейiне сараптама жасау; жария тыңдаулар өткізу; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктiлiгiн көтеру; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Табиғи моно- полия субъектi- лерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету және бәсеке- лестiктi дамыту 2 001 Орталық ор- Қазақстан Республикасы Жыл Қазақстан ганның аппа-Табиғи монополияларды ішінде Республи- раты реттеу және бәсекелес- 2004 касының тiктi қорғау жөніндегі жыл Табиғи агенттiгiнiң орталық монополия- аппаратын штат саны - ларды рет- 165 бiрлiк лимитiнiң теу және шегiнде ұстау- бәсекелес- Бекiтiлген тиесiлiлiк тікті қор- нормативiне сәйкес 4 ғау жөнін- бiрлiк автокөлiгiн дегі ұстау. Табиғи агенттігі. монополия субъектiлерiнiң қызметiне кем дегенде 20 сараптамалық бағалаулар жүргiзу: табиғи монополияның мынадай салалары: энергетика, көлiк, байланыс, су шаруашы. лығы және канализация жүйелерi, труба құбырларымен тасымалдау бойынша тендерлiк негiзде тәуелсiз сарапшылар мен сараптау ұйымдарын тарту; тәуелсiз сарапшылар мен сараптау ұйымдарының қызметтерiне ақы төлеу; сараптау қорытын- дыларының уақытылы орындалуын бақылау- Табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттейтiн кем дегенде 13 нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу және жетiлдiру: тендерлік негiзде нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу жөніндегі консультанттар белгiлеу; консультанттардың қызметiне ақы төлеу; әзiрленетiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердiң уақытылы орындалуын бақылау- Тауар рыноктарына талдау, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және техникалық сараптама жүргiзу; тендерлiк негiзде сарапшылар белгiлеу; тауар рыноктарына талдау жүргізу бойынша; қаржылық сараптама жүргiзу бойынша - 30 қорытынды; техникалық сараптама жүргiзу бойынша - 30 қорытынды; сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу; сарапшылардың аралық және түпкiлікттi қорытындыларды уақытылы ұсынуын бақылау- Кем дегенде 30 жария тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу- 3 002 Аумақтық Қазақстан Республикасының Жыл Қазақстан органдар- Табиғи монополияларды ішінде Республи- дың аппа- реттеу және бәсекелес- касының раттары тікті қорғау жөніндегі Табиғи агенттiгi аумақтық монополия- органдарының аппаратын ларды рет- штат саны - 408 бiрлiк теу және лимит шегiнде ұстау- бәсекелес- Бекiтiлген тиесiлiлiк тікті қор- нормативiне сәйкес 16 ғау жөнін- бiрлiк автокөлiк жалдау- дегі аген- Жария тыңдаулар өткізу- ттігі 4 007 Мемлекеттік Бiлiктiлiктi көтерудiң жыл Қазақстан қызметшілер-бекітілген жоспарына ішінде Республи- дің білікті-сәйкес мемлекеттік касының лігін арт- қызметшiлердiң Табиғи тыру біліктiлiгiн көтеру монополия- оның iшiнде мемлекеттік ларды тiлдi үйрену жөніндегі реттеу жә- қызметтердi сатып алу- не бәсеке- Бiлiктiлiктi арттыру лестікті курсынан өтетiн қорғау жө- мемлекеттік ніндегі қызметшiлердiң орташа агенттігі жылдық саны - 172 адам- 5 009 Мемлекеттік Агенттiктiң орталық Жыл Қазақстан органдарды аппараты мен оның iшiнде Республи- материалдық-аумақтық органдары касы Таби- техникалық үшiн кем дегенде 200 ғи монопо- жарақтанды- бірлік жиһаз сатып лияларды ру алу реттеу жә- не бәсеке- лестікті қорғау жө- ніндегі агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау
жөніндегі агенттiгi қабылдайтын табиғи монополия субъектiлерi мен белгілi
бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттеу
жөніндегі шешiмдердiң сапасы мен жеделдiгiн арттыру; кәсiби мемлекеттік
қызметшiнiң талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк деңгейiн
осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
411-қосымша
620 - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Монополистер қызметiнiң мониторингi бойынша электрондық деректер
базасын құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 104364 мың теңге (бiр жүз төрт миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; "Табиғи монополия субъектiлерiнiң 2002-2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Монополистердiң қызметiнiң мониторингi бойынша деректердiң ақпараттық базасын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң қызметтерiн автоматты түрде мониторингiлеу үшiн тетiктер мен деректер базасын жасау.
бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу.
ақпараттық базаны техникалық жарақтандыру.
әкiмшiлер мен жүйе пайдаланушыларды үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Монополис- Монополистердiң қызметi- Жыл Қазақстан тер қызме- нің мониторингi бойынша iшiнде Республи- тiнiң мони-деректердiң электрондық касының торингi базасын жасау: Табиғи бойынша тендерлiк негiзде бағдарла- монополия- электрон- малық қамтамасыз етудi ларды рет- дық дерек- құру, енгізу жөнiнде теу және тер база- әзiрлеушiлердi бәсекелес- сын құру тарту; тікті қор- тендерлiк негiзде есептеу ғау жөнін- және оргтехникаларын сатып дегі аген- алу; ттігі серверлер - 4 бiрлiк; пайдаланушылардың жұмыс стансалары - 51 бiрлiк; принтерлер - 14 бiрлiк; сканерлер, плоттерлер - 9 бiрлiк; белсендi желiлiк жабдық - 2 бiрлiк; электр жабдықтары - 55 бiрлiк; оргтехника - 7 бiрлiк- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Табиғи
монополия субъектiлерi мен белгілi бiр тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие субъектілер қызметтерiнiң бiрыңғай электрондық
деректер базасындағы көрсеткіштерінің жай-күйi мен серпiні туралы ақпарат
ықпалдастығы;
Табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды орындауына және белгiлi бiр тауар рыногында үстем {монополиялық) жағдайға ие субъектілердің баға түзуiне жедел бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі қабылдайтын шешiмдердiң, тауар рыноктарын талдаудың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың атқарылу сапасын арттыру.