7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
пайдаланушыларды статистикалық және талдау ақпаратымен сапалы және
уақытында қамтамасыз ету, құру процесі, өңiрлерден ақпарат жинау,
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты өңдеу, қорлану,
сақтау, iздеу, жiберу, пайдалану және тарату, Статистикалық жұмыстар
жоспарына сәйкес республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы
ақпараттық-статистикалық деректер базасын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
374-қосымша
606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік статистика органдарының
ақпараттық жүйелерiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 30060 мың теңге (отыз миллион алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік статистика органдарының бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру және дамыту, статистиканың өңiрлiк бөлiмшелерiнің техникалық жарақтану дәрежесiн көтеру, деректер алмасудың жоғары жылдамдығы мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 003 Мемлекеттік 1. Статистиканың Жыл Қазақстан статистика аумақтық бойына Республи. органдарының органдарындағы касының ақпараттық ақпараттық Статистика жүйелерін жүйенiң жұмысы жөніндегі құру үшін есептеу агенттiгi жабдықтарын сатып алу: - дербес компьютерлер - 113 дана; - желiлiк принтерлер - 19 дана; 2. Windows 2003 Server ОЖ лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 16 лицензия. 3. "Корпоративтiк желiде бөлiнген статистикалық тiркелiм" ақпараттық жүйесiн әзiрлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
статақпаратты жинау, өңдеу және сақтау жөніндегі iшкi жүйе жұмыстарының
тиiмдiлiгiн арттыру, статистикалық ақпараттың толықтығын, дәлдігін,
сенiмдiлiгiн, жоғары сапасы мен жеделдiгiн қамтамасыз ету, басқару
органдарына статистикалық ақпаратты уақытында беру, пайдаланушыларды
сенiмдi статистикалық ақпаратпен толық қанағаттандыру мүмкiндiгi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
375-қосымша
606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік статистика саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 21956 мың теңге (жиырма бiр миллион тоғыз жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: нарықтық жағдайлардағы ғылым дамуының ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк базисiн құруға бағдарланған әдiстердi әзiрлеу және енгізудi қазiргi заманғы ғылыми-зерттеу деңгейiнде қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: статистикалық және маркетингтiк зерттеулер мен республикадағы экономикалық және әлеуметтiк ахуалды зерттеу әдiснамаларын әзiрлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ақпаратты пайдаланушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында республикалық ақпараттық статистикалық жүйенi статистиканың күнделiктi жұмысына қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды әзiрлеу және енгізу жолымен жетiлдiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 004 Мемлекеттік Мемлекеттік Жыл Қазақстан статистика статистиканы бойына Республи- саласындағы қалыптастыру касының қолданбалы әдiснамасы Статистика ғылыми саласында ғылыми жөніндегі зерттеулер зерттеулер жүргiзу агенттiгi бойынша көрсетiлетiн қызметке (жұмысқа) ақы төлеу. Республикадағы экономикалық және әлеуметтiк ахуалға статистикалық, маркетингтiк зерттеулер жүргiзу бойынша, сондай-ақ республикалық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру жөнiнде 17 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлетiн болады |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
статистикалық жұмыстарды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.