2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 372, 373, 374, 375-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
372-қосымша
606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Статистика саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1338114 мың теңге (бiр миллиард үш жүз отыз сегiз миллион бiр жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiктiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындар құру мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 910 қаулысы;
"Мемлекеттік мекемелердiң негiзгi құрал-жабдықтары (активтерi) бойынша тозудың жылдық мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1308 қаулысы;
"Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- жүктелген функцияларын барынша тиiмді орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
- статистиктердiң ауылдық округтерде бастапқы сенiмдi статистикалық есептiлiктi жинауы;
- өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындауға және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiруге қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімiн, iскерлiгi мен дағдысын жаңарту;
- статистика органдары ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу және үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, статистикалық есептiлiктi өңдеу мерзiмдерiн қысқарту, өңделетiн ақпарат көлемiн ұлғайту;
- Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық статистика органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң орталық органы мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң аппараттарын ұстау, бастапқы мемлекеттік статистикалық есептiлiктiң сенiмдiлiгiн арттыру, iрiктеп зерттеулер жүргiзу әдіснамаларын енгізу;
- мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру;
- Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу, Агенттiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерінде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергiлiктi есептеу желiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; есептеу техникасының барлық құрал-жабдықтарын орнату және техникалық қызмет көрсету; телекоммуникациялық арналар бойынша статистикалық деректердi қабылдауды және жiберудi қамтамасыз ету, СТжСО-ға деректер жiберудi қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi аумақтық органдарының әкiмшiлiк үйлерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан жыл Қазақстан органның Республикасының бойына Республи. аппараты Статистика касының жөніндегі Статистика агенттiгiнiң жөніндегі орталық аппаратын агенттiгi бекітілген штат санының лимиттерi шегiнде 186 бiрлiк көлемiнде ұстау. Бекiтiлген тиiстiлiк нормативiне сәйкес саны 5 автомобиль қызметтiк автокөлiгiн ұстау. Республикалық және өңiрлiк деңгейлерде ақпараттық- техникалық қызмет көрсету және ақпараттық жүйені сүйемелдеу. Мына бағыттар бойынша қызметке (жұмысқа) ақы төлеу: статистикалық ақпараттарды өңдеудiң 195-тен кем емес бағдарламалық кешенiн әзiрлеу, енгізу және сүйемелдеу, оларды жинау жыл сайын әзiрленетiн Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады; республикалық (470-тен артық жұмыс орны) және өңiрлiк деңгейде (2000-нан артық жұмыс орны) базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi орнату және сүйемелдеу; жергiлiктi есептеу желiлерiн республикалық деңгейде (1 бiрлiк) және өңiрлiк деңгейде (16 бiрлiк) әкiмшiлiктендiру; компьютерлiк жабдықтарға (500 дербес компьютер, 20 сервер, 280 лазерлiк және 90 матрицалық принтерлер, 46 бiрлiк желiлiк жабдық) техникалық қызмет көрсету; Агенттiктiң (191 статистиканың аудандық бөлiмi, 16 облыстық басқарма, 1 орталық торап) деректер жiберу желiсiн ұстауға, телекоммуникациялық қызметтерге, СТжСО-ға қосуға. Қызметке (жұмысқа) ақы төлеу: Бағдарламалық өнiмдерге техникалық демеу телекоммуникациялық қызметтер және компьютерлiк жабдықтарға (2000 дербес компьютер, 45 сервер, 420 лазерлiк және 710 матрицалық принтерлер, 204 бiрлiк желiлiк жабдықтар) өңiрлiк деңгейде техникалық қызмет көрсету; шығыс материалдарын сатып алу. 3 002 Аумақтық Қазақстан жыл Қазақстан орган. Республикасының бойына Республи. дардың Статистика касының аппараттары жөніндегі Статистика агенттiгiнiң жөніндегі аумақтық агенттiгi бөлiмшелерiн бекітілген штат санының лимитi шегiнде 2690 бiрлiк көлемiнде ұстау. Бекiтiлген тиiстiлiк нормативiне сәйкес саны 14 автомобиль қызметтiк автокөлiгiн ұстау және 2 автомобильдi жалға алу. 4 007 Мемлекеттік Статистика жыл Қазақстан қызметшi. органдары бойына Республи. лердiң қызметкерлерiнiң касының біліктiлiгiн біліктiлiгiн Статистика арттыру арттыру жөніндегі жөніндегі бекітілген жоспарға агенттiгi сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу (біліктiлiгiн арттыру курсынан өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң орташа жылдық саны - 742 адам), сонымен қатар мемлекеттік тiлге оқыту 5 008 Мемлекеттік Қазақстан жыл Қазақстан органдардың Республикасы бойына Республи. ғимараттарын, Статистика касының үй-жайлары жөніндегі агенттiгi Статистика және аумақтық жөніндегі құрылыстарын органдарының агенттiгi күрделi әкiмшiлiк жөндеу үйлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзу бойынша қызметтерге (жұмыстарға) ақы төлеу: - Ақмола статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Атырау статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Шығыс Қазақстан статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Жамбыл статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Қарағанды статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Қызылорда статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Қостанай статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Павлодар статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Солтүстiк Қазақстан статистика басқармасының үйiн жөндеу; - Астана қаласы статистика басқармасының үйін жөндеу. 6 009 Мемлекеттік Тауарлар сатып алу: жыл Қазақстан органдарды Сейф - 1 дана, бойына Республи. материалдық- көшiру аппараттары касының техникалық - 5 дана, факс - Статистика жарақтандыру 3 дана, түптеу жөніндегі жабдығы - 1 дана, агенттігі сұрыптаушы - 1 дана, желiмдеуiш машина - 1 дана, түрлi-түстi басылысқа арналған барабан - 2 дана, жылу және ыстық су санауыштары - 1 дана. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiне жүктелген функциялардың
сапалы және уақытында орындалуы, қазiргі заманғы экономикалық жағдайлар
мен мемлекеттік кәсiби қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң
кәсiптiк деңгейін көтеру, статистика органдары ақпараттық жүйесінің
үздіксіз жұмыс істеуін сапалы және уақтылы қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
373-қосымша
606 - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1199966 мың теңге (бip миллиард бip жүз тоқсан тоғыз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 910 қаулысы; "Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық, экологиялық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базаларын құру және осы деректер негiзiнде пайдаланушыларды жедел әрi сенiмдi статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: статистикалық есептiлiк және сұрақтама бланкiлерiн дайындау, көбейту және тарату, статистикалық есептiлiктi электрондық тасымалдаушыларға енгізу, статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және жiберу; ақпараттық-статистикалық деректер базасын қалыптастыру; дайындалған ақпаратты алу; оны Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес электрондық түрде және жарияланым түрiнде немесе электрондық тасымалдаушылармен тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Республи- Ақпараттық- Жыл Қазақстан каның статистикалық бойына Республи. әлеуметтiк- орталықтарды касының экономикалық штат санының Статистика жағдайы бекітілген лимитi жөніндегі туралы шегiнде 2750 агенттiгi ақпараттық- бiрлiк көлемiнде статистикалық ұстау, соның деректер iшiнде көрсетiлген базасын құру қызметке (жұмысқа) ақы төлеу: статистиканың барлық салалары бойынша өңiрлiк деңгейде ақпарат жинау және өңдеу, iрiктеп зерттеулер жүргізу. Бекiтiлген тиiстiлiк нормативiне сәйкес саны 34 автомобиль қызметтiк автокөлiктi ұстау. Статистикалық ақпаратты республикалық деңгейде жинау және өңдеу. Қызметке (жұмысқа) ақы төлеу: статистиканың барлық салалары бойынша аумақтық органдардан ақпарат жинау және республикалық деңгейде өңдеуге, статистиканың барлық салалары бойынша ақпараттық- статистикалық деректер базасын құруға. Статистикалық және талдау ақпараттарын жариялау және тарату. Қызметке (жұмысқа) ақы төлеу: статистикалық деректердi пайдаланушылардың каталогын құру бойынша; статистикалық деректердi дайындау және тарату бойынша бiртұтас технологияны орнатуға; Агенттiк жарияланымдарының - баяндамалар, салалық жинақтар, жылнамалықтар, анықтамалықтар, бюллетендер, газеттер - кеңейтiлген серияларын әзiрлеуге, бекітуге және шығаруға. Статистикалық ақпаратты электрондық және басқа тасымалдаушылар мен байланыс құралдарында, соның iшiнде Интернетте де, тарату желiлерiн құру және кеңейту; статистикалық есептiлiк нысандарының бланкiлерi мен нұсқаулықтарын даярлау және дайындау бойынша. Жарияланымдарды (анықтамалықтар, жинақтар, баяндамалар, жылнамалықтар) өңiрлiк деңгейде шығару |