2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 813; 26.11.04 ж. № 197ю қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
6-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 614128 мың теңге (алты жүз он төрт миллион бiр жүз жиырма сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн оның аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, машықтарын, дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн оның аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби бiліктілігін арттыру, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 ғимаратта орналасқан 6-қабаттағы алаңы 967,7 шаршы метр үй-жайға күрделі жөндеу жүргізу.
ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 813 қаулысымен 6-тармақтың кестесі толықтырылды
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан органның Республикасы бойы. Республи. аппараты Премьер-Министрінің касы Кеңсесiне жүктелген Премьер- функцияларды Министрінің орындау мақсатында Кеңсесi 307 бiрлiк санында бекітiлген штат санының лимитi шегiнде оның аппаратын ұстау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларын литерлiк рейстермен қамтамасыз ету 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген Жыл Қазақстан қызметші. біліктiлiгiн бойы. Республи. лердiң арттыру жоспарына касы біліктілігін сәйкес мемлекеттік Премьер- арттыру қызметшiлердiң Министрінің біліктiлiгiн Кеңсесi. арттыру жөніндегі қызметтер көрсетудi сатып алу, оның iшiнде мемлекеттік тiлдi үйрету. Бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң орташа жылдық саны - 95. 4 008 Мемлекеттік Алматы қаласы, Жыл Қазақстан органдардың Республика алаңы, бойы. Респуб. ғимараттарын, 4 ғимаратта ликасы үй-жайлары орналасқан Премьер- және 6-қабаттағы алаңы Министрінің құрылыстарын 967,7 шаршы метр Кеңсесi. күрделi үй-жайға күрделi жөндеу жөндеу жүргiзу. 5 009 Мемлекеттік 4 жиынтық Жыл Қазақстан органдарды басшы бойы Республикасы материалдық- кабинетiн Премьер- техникалық сатып алу Министрiнің жарақтандыру Кеңсесi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелген функцияларды сапалы
және уақтылы орындау қазiргi заманғы экономикалық шарттарға сәйкес кәсiби
мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби
деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
7-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдарда ақпараттық
қауiпсiздiктi ұйымдастыру және қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 28257 мың теңге (жиырма сегiз миллион екi жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысымен бекітілген Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы № 25-1-97 бұйрығы; "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 25-1-51 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi техникалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен жарақтандыру, ақпаратты техникалық қорғау құралдарын, компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын сатып алу, ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру.
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197ю қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауiпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету 2 100 Мемлекеттік 1) 14 бiрлiк Жыл "Ақпаратты органдарда санында бекітілген бойы техникалық ақпаратты штат санының лимитi қорғау техникалық шегiнде "Ақпаратты орталығы" қорғауды техникалық қорғау мемлекеттік ұйымдастыру орталығы" мекемесi жөніндегі мемлекеттік орталық мекемесiн ұстау. 2) Мыналарды сатып алу: компьютер - 5 бiрлiк; сервер - 1 бiрлiк; Notebook - 1 бiрлiк; коммутатор - 1 бiрлiк; бағыттауыш - 1 бiрлiк; сканер - 1 бiрлiк; көшiру машинасы - 1 бiрлiк; принтер - 2 бiрлiк; бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 бiрлiк; телефондық аналог фильтрi - 106 бiрлiк; телефондық сандық фильтр - 170 бiрлiк; желiлiк фильтр - 100 бiрлiк; матрицалық генератор - 100 бiрлiк; радиотрансляциялық желiлердi қорғау құрылғысы - 1 бiрлiк. шредер - 1 бірлік шағын АТС - цифрлық - 1 бірлік; Мемлекеттік органдарда ақпаратты қорғау құралдарын орнату және олардың техникалық жай-күйiн тексеру. 3 101 Ақпарат 8 бiрлiк санында Жыл "Ақпараттық қауiпсiздiгi бекітілген штат бойы қауiпсiздiк саласында санының лимитi саласында мамандарды шегiнде мамандар даярлау "Ақпараттық даярлау және қауiпсiздiк және біліктілігін саласында мамандар олардың арттыру даярлау және біліктi. орталығы олардың лiгiн біліктiлiгiн арттыру арттыру орталығы" орталығы" MM ММ ұстау |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік органдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң
жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау, қызметтiк ақпаратты
өңдеу процестерiн автоматтандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау үшiн
ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
8-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік мекемелердi фельдъегерлiк
байланыспен қамтамасыз ету"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 212437 мың теңге (екi жүз он екi миллион төрт жүз отыз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының 15-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 12 тамыздағы № 668қ қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысы; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы № 25-1-94 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелердi фельдъегерлiк байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік мекемелердiң аса маңызды, өте құпия, құпия, үкiметтiк, дипломатиялық хат-хабарларының, бағалы жөнелтiмдерi мен жүктерiнiң жедел жеткiзiлуi мен сақталуын қамтамасыз ету, компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197ю қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 003 Мемлекеттік 1) 307 бiрлiк Жыл "Қазақстан мекемелердi санында бекiтілген бойы Республи. фельдъе. штат санының касының герлiк лимитi шегiнде мемлекеттік байланыспен Мемлекеттік фельдъе. қамтамасыз фельдъегерлiк герлiк ету қызметтi ұстау. қызметi" 2) Мыналарды республи. сатып алу: калық дербес компьютер мемлекеттік - 40 жиынтық; мекемесi монитор - 2 бiрлiк; лазерлiк принтер - 40 бiрлiк; сервер - 2 бiрлiк; магниттiк лента - 2 бiрлiк; жергiлiктi желiлерге арналған жабдық - 1 бiрлiк; бағдарламалық қамтамасыз ету - 50 бiрлiк. Шағын АТС - ұқсас - 1 жиынтық. Компьютерлiк жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi орнату. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
тасымалданатын құпия және үкiметтiк хат-хабарлардың уақтылы жөнелтiлуi
және 100% сақталуы, бұл мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнама
талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi, сұрау салуларды орындау
жөнiндегі жұмыстарды автоматтандыру (қажеттi қызметтiк ақпаратты жылдам
iздеу, өңдеу, беру және сақтау).