2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі) Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.11.04 ж. № 197ц қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. 412-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
412-қосымша
637 - Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 74091 мың теңге (жетпiс төрт миллион тоқсан бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын, мүшелерiн және оның аппаратын ұстау. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлігін жетiлдiру мақсатында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы оқу бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағдысы мен машығын жаңғырту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына, мүшелерiне және оның аппаратына жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi атқарылуына қол жеткiзу мақсатында олардың қызметiн қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бір мезгiлде ену, локальдi мiндеттердi сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң есептеу техникасына ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 23.11.04 ж. № 197ц қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Қазақстан Республика- сының Конститу- циялық Кeңесінiң қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан 2004 Қазақстан органның Республикасы жыл Республикасы- аппараты Конституциялық бойы ның Конститу- Кеңесiнiң мүше- циялық Кеңесі лерiн және оның аппаратын 29 бiрлiк мөлшерiнде бекітілген лимит саны шегiнде ұстау- Шығындық материалдар, жинақтамалар және периферилiк бөлшектер сатып алу: ксерокс қағазы, картридждер-55 дана, тонерлер-15 дана, манипулятор- мышь-29 дана, клавиатура-10 дана, Flach USB Drive 256 Mb-12 дана, дискеттер-200 дана, зарядтау қондырғысы-1, блок питания-1, цифрлық фотоаппарат, жалюздер, перделер - 48 дана. Маңдайша жазулар дайындау. 29 пайдаланушыға арналған электрон. дық почта және Интернет қызметi. Есептеу техникасы құралдарын және өзге де негiзгi құралдарды техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету және жөндеу: жұмыс станциялары: сервер - 1 бiрлiк, компьютерлер - 29 бiрлiк, ксерокс - 3 бiрлiк, принтер. лер - 27 бiрлiк, факс - 1 бiрлiк). 2 бiрлiк мөлшерiн. дегi автокөлiктi ұстау, оған қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, жылы боксты жалға алу. 7 бiрлiк мөлшерiнде бекітілген лимит негiзiнде қызмет. тiк автомашиналар. ды жалдау. 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген білік. 2004 Қазақстан қызметшi. тілік арттыру жыл Республикасы. лердiң жоспарына сай бойы ның біліктілігiн мемлекеттік Конституциялық арттыру қызметшiлердiң Кеңесі біліктілігiн арттыру жөніндегі қызметтердi сатып алу, соның iшiнде мемлекеттік тiлдi оқыту, біліктілі. гiн арттыру курстарын өтiп жатқан мемлекеттік қызметшiлердiң орташа жылдық мөлшерi 29 тыңдаушы. 4 009 Мемлекеттік 30 пайдаланушыға 2004 Қазақстан органдарды арналған вирусқа жыл Республикасы. материал. қарсы бағдарламалық бойы ның дық-техни. қамтамасыз етушi. Конституциялық калық Adobe Photo сhор Кеңесі жарақтан. бағдарламалық дыру қамтамасыз етушi - 1 дана, WinRar ағылшын-орыс аудармашысы - 1 дана, электрондық сөздiк - 1 дана, ағылшын тiліндегі нормативтiк- құқықтық актiлер - 20 дана. Бағдарламалық сүйемелдеу және бейiмдеу - "1С бухгалтерия". Веб-өкiлеттiктi және веб-хостингтi сүйемелдеу, 24 портты HUB - 1 дана, модем - 1 дана, GP2.4-Motion - 6 дана, стол жинағы - 1 дана, УРВ 153 (диспенсер) - 1 дана, Қазақстан Республикасының гербi - 1 дана, Қазақстан Pecпу. бликасының туы - 1 дана, Президент портретi - 7 дана, икебана - 5 дана, кiлем бұйымдары - 15 дана, цифрлық видеокамера - 1 дана, факс - 1 дана, Pentium 4,2 компьютері - 1 бір- лік, HP-1150 принтері - 1 бірлік, MS Windows XP Russian - 1 бірлік, MS Oficce XP SBE Rus.OEM - 1 бірлік, еденде тұра- тын BC T-610 сейфі - 1 бірлік, Dialog-4222 те- лефоны - 1 бірлік, Dialog -4223 телефоны - 1 бірлік, Nokia 8910A телефоны - 1 бірлік |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аппаратқа
жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақытылы орындалуы, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi. Қазiргі
кезеңдегi экономикалық талаптарға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызмет
талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.