Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінiң
2003 ж. 5 желтоқсандағы № 150аб қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 605-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 150аб қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 605-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
600 "Республиканың бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетін
есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік аппараттық қызметін жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі іc-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне бiр мезгілде ену.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/ н | Бағ. дар. лама. ның коды | Кіші бағ. дар. лама. ның коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер. зімі | Жауапты атқару. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 600 Республикалық Портативті компьютер - Жыл Респуб. бюджеттің 5 дана, LCD-монитор. бойы ликалық атқарылуын лар - 8 дана, компьютер. бюджеттің бақылау лер - 9 дана, лазерлі атқары. жөнiндегі принтер - 7 дана, луын есеп портативті принтер - бақылау комитетін 2 дана, фотопринтер - жөніндегі есептеу және 1 дана, автосканер - есеп техникамен 1 дана, Adobe Acrobat комитеті қамтамасыз лицензиясы - 1 дана, ету сыртқы портативтi ақпарат жинақтаушы - 1 дана |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету, бақылау объектiлерiне барып
қызметті қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс орындарын автоматтандыру
және кеңейту, электрондық шығу документациясын дайындау, мемлекеттік
органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену,
республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келісімділігiн арттыру.