Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 ж. 7 қарашадағы № 1104 қаулысы
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына сәйкес және ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеу жөніндегі жұмыстардың тізбесi бекітілсiн.
2. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 14 (он төpт) миллион теңге, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiне 4 (төрт) миллион теңге;
2) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттігіне 10 (он) миллион теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 7 қарашадағы
№ 1104 қаулысымен
бекітілген
Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар
саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін
iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесімдердi
әзiрлеу жөнiндегі жұмыстардың тiзбесi
р/с N | Жұмыстың атауы (аяқталу нысаны) | Аяқталу нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындалу мерзiмi | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 Байланыстың магистральдік Нормативтiк АБА 2003 2 500 операторын анықтау құқықтық жылдың жөніндегі талаптар мен кесiмнiң желтоқ- өлшемдер жобасы саны 2 Қалааралық және (немесе) Нормативтiк АБА 2003 4 000 халықаралық телефон құқықтық жылдың байланысын ұсынғаны үшiн кесiмнiң желтоқ- бюджетке төленетiн ақының жобасы саны жылдық ставкалары 3 Халыққа әмбебап байланыс Нормативтiк АБА 2003 1 500 қызметтерiн көрсететiн құқықтық жылдың операторларға шығындарды кесiмнiң желтоқ- өтеу үшiн әмбебап жобасы саны байланыс қызметтерiнiң құнын субсидиялау eрежесi 4 Байланыс операторларының Нормативтiк ТМРА 2004 4 000 трафиктi қосуға және құқықтық (келi- жылдың өткізуге арналған кесiмнiң сiм 1-тоқ- тарифтердi есептеу жобасы бойын- саны әдiстемесі ша) 5 Ұялы байланыс Нормативтiк АБА 2003 2 000 қызметтерін көрсету құқықтық жылдың ережесі кесiмнiң желтоқ- жобасы саны |
Жиыны: 14 000 000 (он төрт миллион) теңге