Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы
өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне 2003 жылгы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) қоса беріліп отырған Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесi бекiтілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрілген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтірiлген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 11, 75-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 243-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 470-құжат).
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы
№ 1037 қаулысымен бекітілген
Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің
шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу
ережесі
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу тәртібін белгілейді.
2. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылыгын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды және жеке тұлғалар орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жасаған есептемеге сәйкес жүзеге асырады.
Орман шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу азаматтық заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің нақты зиянын өтеуді, қолдан шығарылған пайданы өтеуді қамтиды.
4. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды немесе жеке тұлғалар өздерінің қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргізеді.
Жер учаскесі берілетін заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезінде жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша белгіленеді:
құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесі алқаптарының орналасқан жері, алаңы мен түрлері;
салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемі;
алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны);
алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынған шығындардың мөлшері.
5. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
6. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өтеуге жататын шығындарының мөлшері ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
7. Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу мөлшері, сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарының мөлшері жер учаскесі берілетін тұлғамен келісіліп, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімімен бекітілетін актімен ресімделеді.
8. Шығындар мен залалдар жер учаскесіне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне өтеуге жатады.