Басшы құрам әйелдерінің беретiнде белдiктiң орнына алтын түстi трунцалдан бау тiгiлген.
Береттiң ортасына белгiленген нысандағы кокарда бекітіледi.
7. Плащ (басшы құрам мен қызметкерлер үшiн) (7-қосымша).
Қара түстi су жұқпайтын матадан. Астарлы, алмалы-салмалы қапсырмалы белдiкпен тік силуэт. Қос өңiрлi бес нысанды түймеде бiтеу түймелеумен. Жағасы тiгiнен қайырылған. Арқасы ортаңғы тiгiспен, терең шлицамен аяқталатын қырлы иiнiшпен. Иық тiгiсiнің бүйiр бөлiктерiнде рельефтер. Рельефтерден солға және оңға қарай қырлы иiнiш, бел сызығынан төмен жапырақшасы бар тілiк қалталар. Жеңi қондырмалы, бiр тiгiстi, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген патпен. Жеңiнiң қалқан тiгiсiне бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген негiзгi матадан тiгiлген қондырмалы погондар бекітілген. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша, бұйымның төменгi жағына шетiнен енi 0,5 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
8. Басшы құрамға арналған қысқы пальто (8-қосымша).
Қара түстi драптан, терiден, қара түстi елтiрiмен әдіптелген жаға. Бiр өңiрлi, жасырын түймелеумен. Арқасында иық тiгiсiнен рельефтер, ортаңғы тiгiс терең шлицамен аяқталады. Рельефтің иық тiгiсiнен бүйiр бөліктерiнде, бел сызығы бойына рельефтерге арқаға ауысатын, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiкше қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды жапсырма қалталар. Жеңдерi бiр нысанды түймеге түймеленген қондырмалы бiр тiгiстi патпен. Иық тiгiсiнің қалқаны бойынша, бiр нысанды түймеге түймеленетiн негiзгi матадан погондар қондырылған. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша шетiнен енi 0,3-0,7 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
9. Басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн қысқы күртеше (9-қосымша). Қара түстi плащтық матадан, терi жағалы және лацканы қара түстi елтiріден. Қос өңiрлi, төрт нысанды түймеге түймеленедi. Арқасында ортаңғы тiгiспен қиық екi қабатты иiнiш. Иінiштегi бүйiр бөлiктерi әдiптелген, шетiнен 3 см тiгiммен бекітілген. Бел сызығы бойынша, арқаға қарай ауысатын және ортаңғы тiгiс деңгейінде бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдік қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды тiлік қалталар, жеңi қондырмалы, жеңiнің төменгi жағында бiр нысанды түймеге түймеленетiн екi тiгiстi жайғаң белдiкше. Иық тiгiс жиегiнде, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белгiленген айырым белгiлерiмен негiзгi матадан тiгiлген погондар қондырылған. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдар бойынша шетінен 0,3-0,7 см әдiптелген тiгiм жүргiзiлген.
3. Айырым белгілерi
10. Басшы құрам және қызметкерлер үшiн айырым белгiлерi алтын түстес оқадан жасалған жеңдік және иықтық айырым белгiлерi (жапсырмалар) болып табылады (10-қосымша).
11. Костюм материалымен түстес аспапты шұғадан жасалған қалыптарға жеке тігілген жеңдік жапсырмалар нысанды киімде жеңнің сыртқы жағына, төменгi жиегiне қатарлас орналасады. Жеңнiң төменгi жиегiнен төменгi оқаға дейiнгi қашықтық 80 мм құрайды.
Жеңдiк жапсырмалар - алтын түстес оқалар (кең, орташа, жіңішке). Оқа мөлшерi: кеңiнің ені - 30 мм, орташасы - 13 мм, жiңішкесi - 6 мм, ұзындығы - 150 мм, оқалар аралағындағы саңлау - 3 мм.
Жіңішке оқалар ортаңғының үстiне ортаңғылары кеңiнiң үстiне орналасады.
Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлiгiнде жоғарғы жиек үстiнен, сыртқы қабырғалары 16 мм және оқа ені 6 мм ромб тiгiлген.
12. Иықтық жапсырмалар нысанды киiмнiң иықтық тігісiнде орналасады және қара аспаптық шұғадан жасалған, қара шеттігi бар бөзбен қосарланған (периметрi бойынша жалпы енi 45 мм және ұзындығы 120 мм).
Төменгi қалып шетiнен 10 мм қашықтықта тиiстi лауазымдарға белгіленген аралығы 3 мм саңыраумен алтын түстес оқадан жапсырмалар тiгiлген. Оқаның ені: кеңi - 30 мм, ортаңғысы - 13 мм, жіңішкесi - 6 мм.
Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы жиек үстiнен қабырғалары 16 мм және оқа ені - 4 мм ромб тiгiлген. Ромбтың көлденең диагоналы 14 мм тең.
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.16.06. № 913 қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Теңiз және ішкі су көлiгіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің лауазымдары (кәсiптерi) үшін мынадай айырым белгiлерi анықталған:
1) басшы құрам:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетi Су көлігiндегi бақылау басқармасының бастығы - 2 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы бастығының орынбасары - 1 кең және 2 орташа оқа;
теңiз портының капитаны - 1 кең және 2 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктік бақылау комитетінiң Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауіпсiздігі бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
теңiз порты капитанының орынбасары - 1 кең және 1 орташа оқа;
2) қызметкерлер:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінің Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң бас маманы - 1 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің бас маманы - 1 кең оқа;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлiктік бақылау комитетi аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлімінің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi бөлiмінің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi лоцман қызметiнiң бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi кемелер қозғалысын басқару қызметiнің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңіз және ішкі су әкімшілігі дипломдық-паспорттық қызметінің бастығы - 1 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
порт теңiз әкімшiлiгiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгiнiң жетекшi маманы - 1 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінің аумақтық органы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнің жетекшi маманы - 1 орташа оқа.
4. Кеудеге тағылатын белгі (жетон)
14. Теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын басшы құрам мен қызметкерлер үшiн нысанды киiммен бiрге тағылатын кеудеге тағатын жетон (11-қосымша) көзделген.
Кеудеге тағатын жетон ашық көк түстi фонды, диаметрi 80 мм шеңбер нысанында, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме бар, металл қоспасынан дайындалады.
Белгінің жоғарғы бөлiгiнде 30 мм диаметрмен Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Елтаңбадан төмен төменгi жиегiмен 2 мм қашықтықта алтын түстi жазу орналасқан
ПОРТТЫҢ биiктiгi 3 мм
ТЕҢIЗ ӘКIМШIЛIГI биiктiгi 5 мм
Белгiнің төменгi жағында 10 x 25 мм ақ тiктөртбұрыш орналасқан, iшінде «Т» жазуымен осы белгінің келесi үш таңбалы реттiк нөмiрi орналасқан
T 001
Осы тiктөртбұрыштың екi жағынан жоғарыға қарай, белгi жиегінің бойымен, көк түсті жапырағы бар бұтақтар тарайды. Бұтақтардың жоғарғы бөліктерi ПОРТТЫҢ TEҢІЗ ӘКIМШIЛIГI жазуының төменгi шекарасына дейін келеді.
Жоғарғы жазу мен төменгi тіктөртбұрыштың арасында су көлiгiн көрсететiн түрлi-түстi стильденген бейне симметриялы орналасқан. Бейне сары, көк, ақ және қара түстердi пайдаланып орындалған.
5. Кокарда, нысанды түймелер
15. Кокарда фоны қара түстi сопақша келген, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме және онда алтын түстес зәкір бар. Сопақша емен жапырақтардан жасалған бұтақтармен жиектелген, онда алтындалған бүркiт бейнеленген. Кокарданың мөлшерi 5 см х 4 см (11-қосымша).
16. Нысанды түймелер жиегiнде шеңберi бар дөңес нысанды дөңгелектi бiлдiредi, ортасында зәкiрдiң бейнесi орналасқан. Түймелердің диаметрi: үлкендерi - 22 мм және кiшкентайлары - 14 мм (11-қосымша).
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
1-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюм
Костюм повседневный для руководящего
состава и работников
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюмге китель
Китель к повседневному костюму для руководящего
состава и работников
Күнделікті костюмге арналған шалбар, жейде,
галстук, фуражка және құлақшын
Брюки, сорочка, галстук, фуражка и шапка-ушанка
для повседневного костюма
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
2-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті күртеше
Куртка повседневная для руководящего состава и работников
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
3-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
алмалы-салмалы жылытқышымен плащ-пальто
Плащ-пальто со съемным утеплителем для руководящего
состава и работников
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
4-қосымша
Басшы құрамға арналған қысқы пальто
Пальто зимнее для руководящего состава
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
5-қосымша
Қызметкерлерге арналған дауылда киетін күртеше
Куртка-штормовка для работников
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен 6 қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
6-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
әйелдердің күнделікті костюмі
Костюм женский повседневный для руководящего состава
и работников
Китель
Китель
Юбка, шалбар,әйел жейдесі, галстук және берет
Юбка, брюки, блузка, галстук и берет
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
7-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған әйелдердің плащы
Плащ женский для руководящего состава
и работников
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
8-қосымша
Басшы құрамға арналған әйелдердің қысқы пальтосы
Пальто женское зимнее для руководящего
состава
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
9-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
әйелдердің қысқы күртешесі
Куртка зимняя женская для руководящего состава
и работников
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
10-қосымша
Айырым белгілері
Знаки различия
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
11-қосымша
Кеудеге тағатын белгі, кокарда және нысанды түймелер
Нагрудный жетон, кокарда и форменные пуговицы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңiз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң
нысанды киiм киiп жүру ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Нысанды киiм киіп жүру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдары негiзiнде әзiрлендi.
2. Ереже теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнің нысанды киiм киiп жүру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.16.06. № 913 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
кеудеге тағатын белгi (жетон) - теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге жеке қол қойып берiлетiн сериялы және реттік нөмiрi бар белгiленген үлгідегi эмблема;
теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшелерi - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармалары, порттың теңiз әкiмшiлiгi;
теңіз және ішкі су көлігіндегі уәкілетті мемлекеттік бақылау органының аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары, порттың теңіз әкімшілігі;
нысанды киiм - белгiленген үлгi мен түстегi теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң қызметтiк бiрыңғай формасы.
2. Нысанды киiм киіп жүру
4. Теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң лауазымдарының (кәсiптерінің) тiзбесiне сәйкес нысанды киiм берiлетiн теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiм киіп жүруге құқығы бap.
5. Киiм нысанының барлық заттары белгiленген үлгiлер мен сипаттамаларға жауап беруi тиiс.
6. Нысанды киiм күнделiктi киюге белгiленедi, ол ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлiнедi. Жыл мезгiлiне байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанды киім киiп жүрудiң түрлi жиынтығы белгiленген.
Күнделiктi нысанды киiм қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде киіледі.
7. Қысқыдан жазғы және жазғыдан қысқы нысанды киiм жиынтығына ауысу теңiз көлігіндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi орган басшысының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Мыналарға:
белгiленбеген үлгідегi нысанды киiм заттарын, айырым белгiлерiн тағуға;
осы Ережеде көзделмеген кеудеге тағатын белгiлердi нысанды киiмге тағуға;
жазғы және қысқы нысанды киімдердің заттарын, сондай-ақ нысанды киiмдi азаматтық киiммен ауыстыруға;
нысанды киімдi, айырым белгiлерi мен кеудеге тағатын белгiлердi оларға беруге жатпайтын адамдарға беруге;
жеңдiк және иықтық белгiлердi бiр уақытта тағуға тыйым салынады.
9. Нысанды киiмнің барлық заттары тазаланған және үтiктелген болуға тиiс. Пальто, пиджак, сыртқы жейде қалталарының клапандары сыртқа шығарылуға тиiс.
10. Аяқ киiм жақсы жағдайда болуға, үнемi тазаланып, бәтеңке мен қысқа бәтеңке ұқыпты байлануға тиiс. Аяқ киiм мен шұлықтың түсi нысанды киiм түсiне сәйкес келуге тиiс. Аяқ киiм мен шұлық сауда желілерінен сатып алынады.
11. Берет қастан үш саусақ жоғары қашықтықта он жағына қарай түсіріле киіледі.
12. Құлақшынның екi жағын түсіруге ауаның температурасы минус 10 Со және одан төмен болған кезде рұқсат етiледi.
13. Жазғы уақытта ақ қабы бар нысанды фуражка кию керек.
14. Қамтамасыз ету нормаларында көрсетiлген нысанды киiмдi киіп жүру мерзiмi нысанды киiмдi пайдалануға берген күнге қарамастан мерзiм сайын есептеледi (теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкілеттi органы басшысының қысқыдан жазғы жиынтыққа не керiсiнше көшу туралы бұйрығы есеп күнi болып саналады).
15. Қызметкер жұмыстан босаған немесе нысанды киiм киіп жүру көзделмеген жұмысқа ауысқан кезде, қызметкер жұмыстан босаған кезiнде киіп жүру мерзiмi өтпеген нысанды киiмдi қоймаға тапсыруға немесе теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi органы басшысының бұйрығы бойынша қалған бағасы бойынша айырмасын өтеуге міндеттi.
16. Құрметтi атақ белгiлерi кеуденің оң жағына тағылады. Жоғарғы немесе орта оқу орнын бiтiргендiгi туралы белгiлер кеуденiң оң жағына тағылады.
17. Кеудеге тағатын жетон күртешенің (кительдiң, жейденiң) алдыңғы сол жағында қалтаға орналасады.
18. Теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiне берiлетiн нысанды киiм мен кеудеге тағатын белгi теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi органының меншiгi болып саналады және жұмыстан босатылған кезде қайтарылуға тиiс.
19. Нысанды киiмнiң сақталуы мен оның сыртқы түрiне теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерi жауапты болады.
20. Қызметкердiң кiнәсiнен қызметтiк бiрыңғай нысанды киiм жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер өз есебiнен нысанды киiмнiң жиынтығын немесе жекелеген заттарын сатып алады және оны алынған нысанды киiмді киiп жүру мерзiмi өткенге дейiн пайдаланады.
Нысанды киiм қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оның орнына жаңа нысанды киiм алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.
21. Қызметкердiң кiнәсiнен кеудеге тағатын белгi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оны өз есебiнен сатып алады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына өз қаражаты есебiнен кеудеге тағатын белгiнi жарамсыз деп тану туралы хабарландыру бередi.
Кеудеге тағатын белгi қызметтік міндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер орнына жаңа кеудеге тағатын белгi алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киім киіп жүру ережесіне
қосымша
Жыл мезгіліне байланысты нысанды киім киіп жүру жиынтығы
(ерлер)
┌──┬────────┬───────────────────────────────────────────────────────┐
│№ │ Киім │ Нысанды киім тізбесі │
│Р/│ түрі ├──────┬───────┬─────┬──────┬───────┬──────┬──────┬─────┤
│с │ ├Қысқы │Дауылда│Плащ-│Күнде.│Күнде. │Күнде.│Күнде.├Қара │
│ │ │пальто│киетін │паль.│лікті │лікті │лікті │лікті │фураж│
│ │ │ │күртеше│ то │костюм│күртеше│шалбар│жейде │ ка │
├──┴────────┴──────┴───────┴─────┴──────┴───────┴──────┴──────┴─────┤
│ 1. Басшы құрам │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1 Жазғы │
│ күнде. │
│ лікті - - + + + + + + │
│2 Қысқы │
│ күнде. │
│ лікті + + - + + + + + │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Мамандар │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│3 Жазғы │
│ күнде. │
│ лікті - - + + + + + + │
│4 Қысқы │
│ күнде. │
│ лікті - + - + + + + + │