Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы № 868 қаулысы
ҚР Үкіметінің 30.04.04 ж. № 495 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі" деген реттiк нөмiрi 1-жолда "штат санының лимитi" деген бағандағы "495" деген сандар "511" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген реттiк нөмiрi 2-жолда:
"штат санының лимитi" деген бағандағы "1094" деген сандар "1050" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазынашылық комитетi" деген 1) тармақшада "148" деген сандар "138" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қаржы бақылау комитетi" деген 3) тармақшада "71" деген сандар "61" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттiк нөмiрi 7-жолда:
"штат санының лимитi" деген бағандағы "365" деген сандар "380" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығы комитетi 23";
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген реттiк нөмiрi 8-жолда:
"штат санының лимитi" деген бағандағы "457" деген сандар "414" деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Темір жол көлiгi комитетi 44";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген реттiк нөмiрi 12-жолда:
"штат санының лимитi" деген бағандағы "325" деген сандар "335" деген сандармен ауыстырылсын;
"Құрылыс iстерi жөніндегі комитет" деген 1) тармақшада "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкiлi" деген абзацта "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген реттiк нөмiрi 13-жолда "157" деген сандар "158" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi 157" деген реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi 66";
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттiк нөмiрi 4-жолда:
"штат санының лимитi" деген бағандағы "5682" деген сандар "5635" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығы комитетi 47";
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi" деген реттiк нөмiрi 5-жолдағы 2) тармақша алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі 290" деген реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын: 7 1) Құрылыс iстерi жөніндегі комитет 112
2) Стандарттау, метрология және cepтификаттау
жөніндегі комитет 178";
"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi 423" деген реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi 113".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацынан басқа, 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |