Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 26 тамыздағы N 866 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірі 17, 19-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 99, 100, 101, 102-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 106-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"106. "Қарағандыликвидшахт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Қарағанды қаласы";
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1. АЛА - 000079 "Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
ҒЗИ" ААҚ
2. АЛА - 005032 "ТрансПетролеум" ААҚ
3. АЛА - 005039 "Электр желілерін басқару жөніндегі
қазақстандық компания" ААҚ
4. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
6. "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық
операторы" ("КОРЭМ") ЖАҚ
7. ВКО - 002784 "Бұқтырма СЭС" ААҚ
8. ВКО - 001231 "Алтайэнерго" ААҚ
9. ЖМБ - 000962 "Жамбыл электр желісін таратушы
компаниясы" ААҚ
10. КРГ - 002979 "Қарағанды электр желісін таратушы
компаниясы" ААҚ
11. КСТ - 000011 "Оңтүстік электр желілері" ААҚ
12. ПВЛ - 000600 "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" ААҚ
13. ПВЛ - 000718 "Майкөбе разрезі" ААҚ
14. "Екібастұз энергия орталығы" ЖАҚ
15. СКО - 000013 "Көкшетау электр желісін таратушы
компаниясы" ААҚ
16. ЮКО - 010230 "Шардара СЭС" ААҚ
17. "Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік
басқармасы" ЖАҚ
18. "Астанаэнергосервис" ААҚ
19. ЗКО - 001292 "Батыстрансгаз" ААҚ
20. ЗКО - 010049 "Қазақгаз" республикалық компаниясы" ААҚ;
3) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
11-тармақтың 27) тармақшасында: ", сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|