Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 462 қаулысы
(2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қолданыстағы бағдарламаларды заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "2001-2005 жылдарға арналған Республикалық "Сапа" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 209-құжат);
2) "Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 330-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 283-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 20 мамырдағы
№ 462 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 450-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған Бағдарламасында:
3-бөлiмнен басқа, мәтіндегі "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі", "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң", "Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігі", "Индустрия және сауда министрлігінiң", "Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Бағдарламаның паспортында:
"Негiзгi әзiрлеушiлер" деген үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржыландыру көздерi" деген жетiншi абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"Қаржыландыру көлемi мен көздерi.
Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет есебiнен көзделедi, жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады және 2001-2003 жылдарға 8 344 мың теңгенi құрайды, оның iшіндe жылдар бойынша: 2001 жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344 мың теңге.";
Бағдарлама мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiммен толықтырылсын:
"6-1. Қаржыландырудың қажеттi көлемi мен көздерi.
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2003 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 8 344 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344 мың теңге, 2003 жылға - 0. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.";
"Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шараларының жоспары" деген 7-бөлiм осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекiтілген "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламада:
Бағдарламаның төлқұжатында:
"Қаржыландыру көлемi мен көздерi" деген тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржыландыру көлемi мен көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2005 жылдарға арналған бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 690,0 миллион теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге.
Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың жоспарланатын көлемi шамамен 2,0 млрд. теңгенi құрайды.
Мемлекеттік тапсырысшы-Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі.";
"Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер үшiн республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне көзделетiн бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. 5 жылға арналған Бағдарламаны (2001-2005 жылдар) iске асыруға 690,0 миллион теңге бюджет қаражаты қажет болады, оның iшiнде жылдар бойынша 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.";
үшiншi абзацтағы "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiм осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң 1999-2003 жылдары тұрақты қызметi мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 5-құжат): 2-тармақта:
"Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Энергетика" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң 1999-2003 жылдары тұрақты жұмыс icтeуі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары мен көрсеткiштерiнде":
1 "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң жер қойнауын пайдалану процестерiн стратегиялық басқаруды ұйымдастыруды ғылыми-әдістемелiк және нормативтiк қамтамасыз ету", 2 "Түстi және қара металлургияның бәсекеге қабiлетi бар өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн руда және техногендiк шикiзатты кешендi пайдалану үшiн ресурс және энергия үнемдейтiн экологиялық жағынан таза технологиялар мен жабдықтар жасау және оларды iске асыру", 3 "Экология және табиғи ресурстар 2030" мемлекеттік стратегиясын дамыту үшiн тау-кен-металлургия кешенiнiң жұмыс iстеуiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн арттыру" деген кiшi бағдарламалар мынадай мазмұндағы 4 және 5 бағандармен толықтырылсын:
4. 2003 жылға арналған 5. Қаржыландыру көзi қаржыландыру көлемi, мың теңге 1-кiшi бағдарлама бойынша Республикалық бюджет "90 000" 2-кiшi бағдарлама бойынша Республикалық бюджет "100 000" 3-кiшi бағдарлама бойынша Республикалық бюджет "10 000" |
5. ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы
№ 462 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1347 қаулысымен
бекітілген
7. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың
2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын. далу мерзі. мі | Болжа. нып отырған шығыс. тар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қолайлы экономикалық орта құру |
1. 2. 3. | | 2000 жылғы қыркүйек 2000 жылдың ішінде 2000- 2003 жылдар | - - - | - - - |
2. Мемлекеттiң қорғаныс және жұмылдыру қажеттіліктерін, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мұқтаждарын қамтамасыз ету және отандық өнімді кемсіту фактілерін болдырмау |
1. | Тендер өткізу жөнiн- дегi комиссияға сала- лық министрліктердiң тұрақты өкiлдерiн енгізу арқылы рес- публикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу бойынша тендер- лердi жүргiзудi бақылау жүйесiн жетілдіру | | МСА | 2000 жылғы қыркүйек | - | - |
3. Машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өндірістерді сертификаттау мен сапаны бақылауды дамыту |
1. 2. | | ЭИСМ ИСМ | | - - |
4. Кәсiпкерлерге машина жасау өндірістерінің жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіруге және жаңасын ұйымдастыруға техникалық көмек көрсету |
1. 2. 3. 4. | Iшкi және сыртқы рынок- тардың конъюнктурасын зерттеудiң маркетингтiк орталықтарын құру және кәсiпорындарға олардың тауарларын осы рыноктар- ға жылжытуда қызметтер көрceту тетiгiн әзiрлеу Франчайзингтiк қызметтер көрсету рыногын, оның аспектiлерi мен сыйым- дылығын, сондай-ақ олар- ды қолдану тетiктерiн зерделеу Жоғарғы технологиялық өнiм өндiрiсiнде фран- чайзингтi дамыту жөнiнде кәсiпорындарға ұсынымдар, франчайзингтiк оқу-кон- сультация орталығын құру жөнінде ұсыныстар дайын- дау, Қазақстан рыногында жұмыс iстеуге мүдделілiк танытатын жетекшi фран- чайзингтiк компанияларды тарта отырып, франчайзинг бойынша өңiрлiк семинарлар өткізу "Астана-технопарк" көрме орталығының (Астана қаласы базасында тұрақты жұмыс iстейтiн ауыл шаруашылығы техникасының көрмесiн құру | | - - - - | - - - - |
5. Қайтадан құрылатын және дамушы өндірістерді техникалық және технологиялық жарақтандыру |
1. | Лизинг берушi лизингке беру үшiн сатып алуы мүмкiн машина жасау жабдықтарының, оның iшiнде республика кә- сiпорындарында пайда- ланылмайтынын және бар тізбесiн анықтау | Жабдық- тардың тізбесі | ЭИСМ, "Машина жасауды болжамдау жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы" РМҚК | 2001 жылғы қаңтар | - | - |
6. Бағдарламаны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету |
1. | "Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдық- тарды құрудың 2001-2005 жылдарға арналған ғылыми- техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдар- ламаны әзiрлеу | | ЭИСМ, АШМ, ККМ | | - |
7. Инвестициялар және қосымша қаржы қаражатын тарту үшін жағдайлар жасау |
1. | Инвестицияларды сақтан- дыру экономиканың нақты секторының жобаларына кредит беру жөнiнде бiрiншi кезекте, қаржы- лық лизингтi пайдаланып франчайзинг қағидатында жабдықтар мен технология- лар жеткiзiлiмi нысанында ұйымдастыру сызбасын әзiрлеу | | ЭМ, ЭИСМ, Инвестиция- лар жөніндегі агенттігі | | - |
8. Екінші деңгейдегі банктермен жұмысты жетілдіру және олардың импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған дайындығы жоғары дәрежедегі өнім өндіру жөніндегі жобаларды басымдықпен кредиттеу бағытындағы мүдделерін арттыру |
1. 2. | | Екінші деңгейдегі банктерге ұсыныс Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ұсыныс | ЭИСМ ЭИСМ, ЭМ, ҚарМ | 2000 жылғы қыркүйек 2000 жылғы қазан | - - | - - |
9. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың салалық және кіші салалық бағдарламаларын әзірлеу |
1. | | Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары | ИСМ 2000- 2003 жылдар | Барлығы - 8 344 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2000 - 0; 2001 жыл - 3 000 мың теңге 2002 - 5 344 мың теңге; 2003 - көздел- меген | Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет | |