Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 876 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 462 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 330-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
"бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 8.4.1-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |