Объектілер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 сәуірдегі № 363 қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 Қаулысымен күші жойылды
«Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған объектілер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 16 сәуірдегі
№ 363 қаулысымен
бекітілген
Объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейі
1. Жалпы ережелер
1. Осы объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейi объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуына қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейi деп объектілер мен аумақтардың объектінің персоналын, халықты және материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерi жағдайында қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге қабiлеттілігі (мүмкiндігі) ұғынылуы тиic.
2. Объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуын
қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзілетiн iс-шаралар
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды орталық және жергіліктi атқарушы органдар және ұйымдар жүргiзедi.
4. Объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар осы мақсатта шешiлетiн мiндеттердi негiзге ала отырып, мыналарды қарауды қажет етедi:
1) объектiлер мен аумақтардың персоналын және халқын қорғау мыналарды көздейдi:
қорғану баспаналарымен қамтамасыз етiлу;
жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлу;
эвакуациялық iс-шаралар;
төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға оқып-үйрету;
мүлiкпен құрал-жабдықпен және жарақпен қамтамасыз етiлу;
объектілер мен аумақтардың материалдық-техникалық қорлармен қамтамасыз eтілуі, сондай-ақ персонал мен халықты қорғауға жәрдемдесетiн басқа да iс-шаралар;
2) өндiрiс құралдарын, объектiлер мен аумақтарды қорғау мыналарды көздейді:
өндірiсті авариясыз тоқтату;
құтқару құралдарының болуы;
негiзгi өндiрiс құралдарын қауiпсiз орындарға эвакуациялау;
3) төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгiн болдырмау немесе азайту мыналарды көздейдi:
әсерi күштi улы, өрт-жарылу қаупi бap заттардың деңгейiн төмендету;
ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмалық элементтерiн, тоспаларды, бөгеттердi, өзендердiң арналарын, су қоймаларын нығайту және материалдық құндылықтарды қорғауға ықпал ететiн басқа да iс-шаралар;
4) тұрақты басқару және жабдықтау жүйесiн құру және бұзылған өндiрiстi қалпына келтiруге әзiрлiк мыналарды көздейдi:
объектiнің тоқтап қалуын болдырмау үшін отынның әр түрiнiң: газдың, мұнайдың, көмiрдiң, жағармай материалдарының қорлары жасалуы, сондай-ақ жинақтаушы және буып-түю бұйымдарын дайындауға арналған материалдардың, шикiзаттың резервтерi, сала шегiнде қорлар маневрi ұйымдары құрылуы тиiс. Барлық материалдардың қоры, мүмкіндігінше, олар неғұрлым аз зақымданатын жерлерде жинақталып сақталуы тиic;
объекті мен аумақтың қалпына келтіру жұмыстарын орындауға әзiрлiгi қолда бар объекті мен аумақты қалпына келтiру жоспарымен, қалпына келтіру жұмыстарының толығымен адам ресурстарымен қамтамасыз етiлуiмен, қолда бар материалдық-техникалық құралдар қорымен, қолда бар құтқару жабдықтарымен және техникамен, құрамалар мен персоналдың құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзуге әзiрлігімен айқындалады, бұл ретте, жоспарлар баяндалуы бойынша шектеулі қысқа, экономикалық орынды және объектілер мен аумақтардың нақты мүмкіндіктерін көрсетуі, төтенше жағдай жөніндегі аумақтық органдармен келісім бойынша тиiстi басшылар әзiрлеуi және бекiтуi тиiс, жоспарлардың мазмұны адам шығыны мен материалдық шығынды барынша азайтуға және объектілер мен аумақтардың тiршiлiк қызметiн қамтамасыз етуге бағытталуы тиiс;
төтенше жағдайлар жағдайында объектi мен аумақтың қызметiн сенiмдi басқаруға әзiрлiк басқару пункттері мен байланыс құралдарының болуымен, сапасымен және әзiрлігімен, олардың қосарлануымен, сондай-ақ сырқаттануы, жарақаттануы немесе қаза болуы салдарынан объектi мен аумақтың басшы құрамының жүктелген мiндеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған кезде, олардың орнын басу тәртібін әзiрлеумен белгiленедi.
5. Объектілер мен аумақтардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.