Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 наурыздағы № 224 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылауды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құндылықтарды, почта байланысы қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде Ережеге 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 5 наурыздағы № 224 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
6-қосымша
"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының қызметкерлерін
қаруландыру үшін белгіленген қару және оның
патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
1. Фельдъегерь әрбір фельдъегерге 1 пистолет2. Экспедитор 2-3 қызметкерден тұратын ауысымға 1 пистолет3. Фельдъегерь-жүргізуші әрбір фельдъегер- жүргізушіге 1 пистолет4. Арнайы байланыс бөлімшесінің бастығы 1 пистолет5. Өндірістік учаске бастығы 1 пистолет (бастықтың орынбасары)6. Цех бастығы (бастықтың орынбасары) 1 пистолет7. Облыстық, қалалық арнайы байланыс 1 пистолет қызметінің бастығы (директоры), (бастықтың, директордың орынбасары)8. Аға диспетчер (диспетчер) 1 пистолет9. Почта байланысы торабының бастығы 1 пистолет10. Почта байланысы бөлімшесінің 1 пистолет бастығы11. Почта вагонының бастығы 1 пистолет12. ПТБ почта алмасуы жөніндегі жауапты 1 пистолет кезекші, арнайы байланыс қызметінің жауапты кезекшісі (жауапты кезекшінің көмекшісі)13. Почтамттың және почта байланысы 1 пистолет торабының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлімінің бастығы (меңгерушісі)14. Негізгі кассаны меңгеретін почта 1 пистолет байланысы торабының (бөлімшесінің) кассирі15. Почтаны алып жүру және алмастыру 1 пистолет жөніндегі почтальон16. Республикалық арнайы байланыс 1 пистолет қызметінің бастығы және оның орынбасарлары17. Касса торабын және кассалық 1 пистолет үй-жайларды күзету жөніндегі күзетші18. Ақшалай түсімдердің инкассациясын әрбір инкассаторға және құндылықтарды тасымалдауды 1 пистолет жүзеге асыратын инкассация қызметінің қызметкерлері (инкассаторлар)19. Ақшалай түсімдердің инкассациясын әрбір жүргізушіге және құндылықтарды тасымалдауға 1 пистолет арналған инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жүргізушілері
Ескерту:
1. Почта байланысы тораптарының және бөлімшелерінің бастықтары, ПТБ жауапты кезекшілері, почтамттардың және почта байланысы тораптарының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлімінің бастықтары, негізгі кассаны меңгеруші кассирлер жұмыс уақытында қызметтік қажеттілік болған жағдайда қаруланады.
2. Почта вагондарының бастықтары қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақшалай сомаларды тасымалдау жүзеге асырылатын бағыттар бойынша жол жүргенде қаруланады.
3. Почтаны алып жүру мен алмасу жөніндегі почтальондар тек жұмыс уақытында ғана, сақтандыру почтасын тасымалдау жағдайында автомобиль және жүк тасу бағыттары бойынша жол жүргенде қаруланады.
Оқ-дәрілер:
Р/с N | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
қару бірлігінің азаймайтын қоры | жылдық шығын |
1 адамға арналған практикалық атыстар | қару бірлігінекелетін ұрысты тексеру |
1. Пистолеттерге 36 64 4 |