Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінiң Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 519-3-жолмен толықтырылсын: «519-3 «Олимпиадалық даярлау орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны» Астана қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |