Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн
өнiмдердiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 қаңтардағы № 77 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетін өнiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 22 қаңтардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға
рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесi
СЭҚ TH коды | Өнiмнің атауы |
1 | 2 |
| Байланыс құралдары |
851711000 851719900 851711000 852520910 852521990 852520990 852510900 | сымсыз трубкалы сымды байланысқа арналған телефон аппараттарын қоса алғанда, электр телефон аппараттары таксофондар факсимильдi байланысқа арналған аппаратура транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiне арналған таратушы аппаратура құрамдас бөлшектерiн қоса алғанда, таратушы аппаратура радиотелефонды және радиотелеграфты байланысқа арналған таратушы аппаратура |
| Медициналық бұйымдар |
300650000 | алғашқы көмек көрceтугe арналған дәрi-дәрмектер |
| Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар |
401490900 401490900 401490900 | вулканизацияланған резеңкеден жасалған гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар: су астында жүзуге арналған резеңке маскалар және ерінқаптар, шомылуға арналған бас киімдер резеңке жылытқыштар резеңке маталы төсенiш клеенка |
| Қаупi ықтимал өндiрiске арналған жабдықтар |
731210590 731210820 731210840 731210860 731210880 731210990 | болат арқандар (жалпы мақсаттағы, пайдалануға және терең барлау бұрғылауына арналған көтергiш тұйық, тартатын тұйық, тальдiк, арматуралық) |
| Құрылыс материалдары |
6806** 392111000 392112000 392113* 392114000 701690300 701690900 | дыбыс тұтқыш, жылу сақтағыш және дыбыс сiңiргiш материалдардан жасалған бұйымдар шыны пакеттер |
| Буып-түю ыдыстары |
732399910 | шыны ыдыстарға арналған металл қақпақшалар |
| Жеңіл өнеркәсiп өнiмдерi |
5208** 5209** 5210** 5211** 5212** 5111** 5112** 511300000 6401** 6402** 6403** 6405** | мақта маталар жүн маталар жануарлардың немесе жылқының қылшық жүнiнен тоқылған маталар былғарыдан, резеңкеден, тоқымадан және былғары мен резеңке алмастырғыштардан жасалған аяқ киім |
| Өңделген ағаш тауарлары |
360500000 940130100 940130900 940140000 940150000 940161000 940169000 940171000 940179000 940180000 | сіріңкелер тұрмыстық жиһаз |
*1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ ТН кодының
алғашқы алты саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының
алты саны) және осы қосалқы позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың
(СЭҚ TH кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.
**1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ TH кодының алғашқы төрт саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы тауарлық позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ ТН кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.