Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1270 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 330; 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1120
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi.
2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |