Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1270 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. N 330; 24.06.04 ж. N 604 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi.
2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуін қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. N 330; 24.06.04 ж. N 604 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген 5-бөлiмде:
"Түзеу мекемелерi" деген жолдағы "11 682" деген сан "12 382" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 98-99-жолдармен толықтырылсын:
"98. ЖД-158/7 мекемесi
99. 3K-169/5 мекемесi".
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|