Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 қыркүйектегі № 1005 Қаулысы
(2011.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 282 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Барыс» күзетшілерді даярлау жөніндегі оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру жөніндегі мамаңдандырылған оқу орталықтарының бірі (арнайы оқыту курсы) ретінде белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |