Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 қыркүйектегі № 1005 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Барыс» күзетшiлердi даярлау жөніндегі оқу орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнде күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлау және қайта даярлауды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде белгіленсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |