"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 19 тамыздағы № 921 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 949 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 949 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "ҰАТ" ЖАҚ) оған тиесілi акцияларының пакетiн 2003 жылғы сәуiрден кейiн сатып алу құқығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне сенiмгерлiк басқаруға беру ұсынылсын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 949 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "ҰАТ" ЖАҚ акцияларының пакетiн сенiмгерлiк басқаруға қабылдап алсын;
2) "ҰАТ" ЖАҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiне аудит жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
3) "ҰАТ" ЖАҚ Директорлар кеңесiнің құрамы жөнiнде ұсыныс енгізсiн;
4) "ҰАТ" ЖАҚ-тың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi акциялар пакетінiң 2003 жылғы сәуiрде сатып алынуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп "ҰАТ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "ҰАТ" ЖАҚ (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi акцияларының құнын анықтау үшiн тәуелсiз бағалаушыларды тарта отырып, активтердi бағалауды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілсiн Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 160-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне 265 "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ";
2) "Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат). 1-тармақта:
"(бұдан әрi - Министрлiктер)" деген сөздерден кейiн "және өзге де мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И.Тасмағамбетов |