Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 22 тамыздағы
№ 1098 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.02.02 ж. № 248; 28.06.02 ж. № 702; 19.08.02 ж. № 921;
27.09.02 ж. № 1062; 10.02.03 ж. № 145 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.02.02 ж. № 248; 28.06.02 ж. № 702; 19.08.02 ж. № 921; 27.09.02 ж. № 1062 (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды
ҚР Үкіметінің 10.02.03 ж. № 145 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы", "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы", "KEGOC" қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы", "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы", "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры", "Қазпочта", "Қазақтелеком", "Ұлттық ақпараттық технологиялар", "Эйр Қазақстан" Астана халықаралық әуежайы акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер (бұдан әрі Министрліктер) және өзге де мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - Қоғамдар):
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысымен бекітілген ІІ топтағы мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативіне ұқсас Қоғамдардың қызметтік жеңіл автомобильдерінің тиістілік нормативтері туралы;
2) "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормаларынан аспайтын мөлшерде Қоғамдардың әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы;
3) қалааралық және халықаралық сөйлесулерге белгіленген әкімшілік шығыстар сметасының лимиттері шегінде Қоғамдардың қаражаты есебінен мобильдік байланысты пайдалану құқығын бірінші басшылар мен олардың орынбасарларына беру туралы;
4) "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапарлар үшін тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығыстарды өтеуге арналған тәулікақының мөлшері және шекті мөлшерлері мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерден екі еседен аспауы тиістігі белгіленген Ережеге ұқсас және "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 967 қаулысымен бекітілген шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормаларынан аспауы тиіс Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жіберілетін Қоғамдар қызметкерлерінің шығыстарын өтеудің тәртібі мен шарттары туралы;
5) Қоғамдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын тиісті Министрліктің министрімен немесе оның орнындағы тұлғамен келісудің міндеттілігі туралы;
6) Министрліктер және Қоғамдардың директорлар кеңестері тарапынан осы тармақтың 1)-5) тармақшаларымен көзделген шешімдердің орындалуына тұрақты қатаң бақылау енгізілуі туралы шешімдерді әзірлеуін және қабылдауын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 27.09.02 ж. № 1062 (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді) қаулымен 2-тармақ өзгертілді
ҚР Үкіметінің 10.02.03 ж. № 145 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Ақтау теңіз сауда порты", "Қазақстан темір жолы", "Қазаэронавигация", "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы қаулының 1-тармағының 1)-5) тармақшаларында аталған шешімдерді қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 10.02.03 ж. № 145 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. Министрліктер мен уәкілетті органдар жыл сайын 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативі:
1) "Қозғалтқыштың көлемі, текше см." деген 6-бағанмен толықтырылсын;
2) реттік нөмірі 13-жолдағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1 2 3 4 5 6
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
"ІІ-топ: І-топта Қызметкерлердің 1 3000-нан аспайды
көрсетілгендерден саны 50-ден 100-ге
басқа, дейін болғанда
барлық 100-ден 200-ге дейін 2 3000-нан аспайды
Мемлекеттік 200-ден 350-ге дейін 3 3000-нан аспайды
Органдар 350-ден 500-ге дейін 4 3000-нан аспайды
500-ден 750-ге дейін 5 3000-нан аспайды
750-ден 1000-ға дейін 6 3000-нан аспайды
1000-нан жоғары 7 3000-нан аспайды".
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |