Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған
бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға,
коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау
жөніндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі № 787 қаулысы
(2005.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау жөніндегі біліктiлiк талаптары бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 16 шiлдедегi
№ 787 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың
қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге,
сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты
қызметтi лицензиялау жөніндегі біліктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінің 20.01.04 ж. № 57 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред қара)
1. Азаматтық пиротехникалық заттарға және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарға (бұдан әрi - пиротехникалық бұйымдар) жылу, жарық, от, дыбыс, түтiн, газ немесе олардың комбинациялары түріндегі эффектiлердi техникалық немесе тұрмыстық мақсаттарда өндiруге арналған пиротехникалық қоспалар, солардың негiзiнде әзiрленетiн бұйымдар жатады.
Пиротехникалық бұйымдар қолданылу кезiнде ықтимал қауiптілігі дәрежесiне қарай 4 сыртқа бөлiнедi:
1-сынып - қауiптi факторлар ретiнде соққы беретiн толқындар мен жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс күшi 0,5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 0,25 м аралықтағы акустикалық сәулеленуi 125 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауiптi аймақ радиусы 0,5 м-ден аспайтын бұйымдар (бенгаль шамдары, шартылдақтар, үстелге қойылатын фонтандар, зырылдауықтар, көбелектер);
2-сынып - қауіпті факторлар ретiнде соққы беретiн толқындар мен жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс күшi 5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 2,5 м аралықтағы акустикалық сәулеленуi 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауiпті аймақ радиусы 5 м-ден аспайтын бұйымдар (ұшатын фейерверктер, түтiндi фейерверк бұйымдары, шағын-отшашулар, концерттiк фонтандар);
3-сынып - қауiптi фактор ретiнде соққы беретiн толқындар мен жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс күшi 20 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 5 м аралықтағы акустикалық сәулеленуi 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауiптi аймақ радиусы 20 м-ден аспайтын бұйымдар (шағын рим шырақтары, үйкелiс петардалары, бiлтелi петардалар және петарда орамдары, жер үстi фейерверктерi, шағын зымырандар);
4-сынып - қауiптi факторлар ретiнде соққы беретiн толқындар мен жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, ал қауiптi аймақ радиусы қалған факторлардың бipеуi бойынша 20 м-ден астамды құрайтын бұйымдар (азаматтық кәсiби пиротехникалық бұйымдар);
Пиротехникалық бұйымдар мақсаты мен қолданылу шарттары бойынша:
1) тұрмыстық мақсаттағы 1-3 қауiптiлiк сыныбындағы халыққа еркiн сатылатын, оларды қолдану арнаулы білім мен дағдыны талап етпейтiн пиротехникалық бұйымдар;
2) оларды қолдану орындаушылардың (пайдаланушылардың) арнаулы білімi мен дағдысын және (немесе) техникалық жарақтаудың белгiленген шарттарын қамтамасыз етудi талап ететiн техникалық және арнаулы мақсаттағы 4 қауiптiлiк сыныбындағы пиротехникалық бұйымдар болып бөлiнедi.
ҚР Үкіметінің 20.01.04 ж. № 57 (бұр.ред қара) ; 2005.30.06 № 662 ( бұр . ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге және (немесе) өндiруге және (немесе) жөндеуге және (немесе) сатуға және (немесе) сатып алуға және (немесе) коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға байланысты лицензия алуға үмiткер өтiнiш берушiге қойылатын білiктілiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаның немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын заңды тұлғаның қызметкерiнiң жоғарыда аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру құқығын беретiн курстарды бiтiргендiгi туралы куәлiгi болуы тиiс;
2) лицензия алуға үмiткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын заңды тұлға қызметкерiнде мәлiмделген қызметті жүзеге асыруға байланысты терiс көрсеткiштерiнiң (психикалық аурулары, алкоголизм немесе нашақорлық) бар-жоғы туралы медициналық анықтамалардың болуы;
3) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнiмнiң сақталуын, қатаң есепке алынуы мен бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн арнайы жабдықталған пиротехникалық бұйымдарды сақтау мен сатуға арналған үй-жайлардың болуы;
4) лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру жағдайы өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай екендiгi туралы өртке қарсы қызмет органы қорытындысының болуы;
5) азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегi экологиялық, тау-кен техникалық және санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының болуы.
3. Пиротехникалық бұйымдарды әзiрлеуге және өндiруге байланысты қызметтi жүзеге асыру үшін мынадай қосымша талаптар қойылады:
1) пиротехникалық бұйымдарға және олардың компоненттерiне химиялық зерттеу жүргiзуге арналған зертханалардың болуы;
2) пиротехникалық бұйымдарға бақылау сынақтарын жүргiзу үшiн арнайы жабдықталған аумақтың болуы.
4. Пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға байланысты лицензияны алуға үмiткер өтiнiш берушiге қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды қамтиды: 1) өтiнiш берушіде пиротехникалық бұйымдармен сауда жасау және (немесе) оларды коллекциялау және (немесе) экспонаттау құқығына лицензияның болуы;
2) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына жауапты адамның болуы;
3) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына жауапты адамның мәлiмделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты терiс көрсеткiштерiнің (психикалық аурулары, алкоголизм немесе нашақорлық) бар-жоғы туралы медициналық анықтамаларының болуы;
4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiнің талаптарына сәйкес келетiн және есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алынуы мен бар-жоғын тексеру мүмкіндiгiн қамтамасыз ететiн арнайы жабдықталған үй-жайлардың болуы.
ҚР Үкіметінің 20.01.04 ж. № 57 қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды
5. 4-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiне лицензиясы бар заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер 1-4 қауiптілік сыныбындағы пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға берiлген лицензия бойынша сатып алады (қосымшаға сәйкес), ал 1-3 қауiптiлік сыныбындағы пиротехникалық бұйымдарды оларды сатып алуға лицензия талап етпей, халыққа еркiн сатады.
Қосымша
ҚР Үкіметінің 20.01.04 ж. № 57 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының Ішкіісмині
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы )
20 __ж. "___" ____________
N ____ лицензияның түбіртегі
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың,
___________________________________________________________________
өкілдіктің толық атауы, жеке кәсіпкердің Т.А.Ә.,
___________________________________________________________________
олардың заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке куәлігінің немесе төлқұжатының нөмірі,
___________________________________________________________________
сериясы, кім және қашан берген)
дербес жауапкершілігі бойынша
___________________________________________________________________
(азаматтық пиротехникалық заттардың
___________________________________________________________________
және олардың қолданылуымен жасалған
___________________________________________________________________
бұйымдардың атауы және саны)
_________________________________________ сатып алуға берілді.
Берілген күнінен бастап алты ай
мерзім ішінде жарамды
М.О.
Бастық _________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Ескерту. Лицензия берген ішкі істер органында қалады.
(Бланкінің жалғасы)
Қазақстан Республикасының Ішкіісмині
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы )
20 __ж. "___" ____________
N ____ лицензияның нұсқасы

Ескерту. Сатып алушының қолында қалады. Пиротехникалық бұйымдарды
сатып алу кезінде сатушы ұйым сыртқы жағына сатылған пиротехникалық
өнімнің атауы мен санын көрсетіп жазады.
(Бланкінің жалғасы)
Қазақстан Республикасының Ішкіісмині
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы )
20 __ж. "___" ____________
N ____ лицензия
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, филиалдың,
___________________________________________________________________
өкілдіктің толық атауы, жеке кәсіпкердің Т.А.Ә.,
___________________________________________________________________
олардың заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке куәлігінің немесе төлқұжатының нөмірі,
___________________________________________________________________
сериясы, кім және қашан берген)
дербес жауапкершілігі бойынша
___________________________________________________________________
(азаматтық пиротехникалық заттардың
___________________________________________________________________
және олардың қолданылуымен жасалған
___________________________________________________________________
бұйымдардың атауы және саны)
_________________________________________ сатып алуға берілді.
Берілген күнінен бастап алты ай
мерзім ішінде жарамды
М.О.
Бастық _________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Ескерту. Сатушы ұйымда қалады. Сыртқы жағына сатылған пиротехникалық
өнімнің атауы мен саны көрсетіліп жазылады.
Пиротехникалық бұйымның атауы | Саны | Шығарған елі | Пиротехникалық бұйымның атауы | Саны | Шығарған елі |
қор- ап | дана | қо- рап | дана |
|
|
|
|
20___ж. "___"_______ Сатушы ұйымның мөртаңбасы _________________________ (жауапты адамның қолы) | 20 ___ ж. "___"_______ Сатушы ұйымның мөртаңбасы_____________________ (жауапты адамның қолы) |
| | | | | | | | |