5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақтың, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексін, осы Заңды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтай отырып, импорттаушы елдердің құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтау тұрғысынан жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сəйкестігін; экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға жəне қағидаларға сəйкестігін; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен ветеринарлық есепке алу есебін жүргізуді жəне ұсынуды; ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруды; жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіріп-өсіру, дайындау (мал сою), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды, техникалық регламенттерді сақтауды; биологиялық қалдықтарды кəдеге жаратуды жəне (немесе) жоюды растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жүргізу туралы шешімді осы Заңның 14-1-бабының 5-1-тармағына сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау нəтижелері бойынша осы Заңға, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес құжаттар жасалады, сондай-ақ осы Заңға сəйкес жедел ден қою шаралары қабылданады.
Бақылау жəне қадағалау субъектілері құжаттарда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Экспорттаушыларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау импорттаушы елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
Экспорттаушылар болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері импорттаушы елдердің талаптарын сақтау тұрғысынан оларды алдын ала хабардар етпестен, жылына кемінде екі рет инспекциялауға, осы объектінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерінің қауіпсіздігін мониторингтеуге жатады. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне импорттаушы елдердің талаптарына сəйкес жүргізіледі жəне зертханалық мониторингті, клиникалық мониторингті (тек жануарларды əкеткен кезде), ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің дұрыстығына жəне айналымдағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді таңбалаудың дұрыстығына мониторингті қамтуға тиіс.
Инспекциялау аяқталғаннан кейін экспорттаушы болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің басшылығына анықталған сəйкессіздіктер туралы мəліметтер жəне мерзімдерін көрсете отырып, оларды түзету жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар беріледі.
Субъектілер ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Инспекциялауды жүзеге асырған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор инспекциялау аяқталғаннан кейін жүргізілген инспекциялау туралы есепті қалыптастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ғана өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етіледі.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеу қолданылатын кезеңде ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті тіркеу сынақтары өткізілуге тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткізуді, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар өндіру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға міндетті.
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға
арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп
қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауіпсіздігін барлық сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтау мерзімдері және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде техникалық регламенттерге, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сəйкес оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнімдегі заттардың жəне ветеринариялық препараттар құрамдас бөлiктерiнің қалдықтары техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде белгіленген нормативтерден аспауға тиіс.
3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етілмейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-5-бап өзгертілді
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезінде өндірушілер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс.
2. Мынадай:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның, техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарына сəйкес келмейтін;
2) бүлінудің анық белгілері бар;
3) олардың шығарылу тегін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тіркелуі туралы ақпараты жоқ;
4) берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін және оларға қатысты олардың шығарылу тегін растайын құжаттардың жалғандығы туралы негізделген күмәні бар;
5) белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде көзделген мəлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараты жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрі пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемі көрсетіліп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иісі күшті шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнімге тән емес рең беретін бояғышпен жарамсыздандырылуға тиіс.
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
8) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;»;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;
13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буфер (қорғаныш) аймағын қоса алғанда, індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып әзірленетін және қолданылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі ескеріле отырып анықталатын ғылыми деректерге, жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың, компартменттің болуы, өңірлендіру ескерілуге тиіс.
4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 26-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
1) қолайлы аймақ;
2) бақылау аймағы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) буфер (қорғаныш) аймағы;
4) қолайсыз аймақ;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған өзге де аймақтар.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аумақты аймақтарға, компартмент пен олардың шекараларына бөлу және өңірлендіру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi орган шектеу іс-шараларын белгілейді.
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)