2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
2. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тергеп-тексеру, тексеру жəне профилактикалық бақылау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының және олардың тамақтан улануының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарауды жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлаған;
2) эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізілген;
3) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен әкетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің партиясында анықталғаны туралы нотификациялар, хабарлар, хабарламалар келіп түскен;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Облыс аумағында орналасқан екі жəне одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді уəкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Екі жəне одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағын қамтитын тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің уəкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.
4. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жəне Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардың жұқпалы ауруларының өршуіне, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден əкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі құқығын құрайтын актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау осы Заңға сəйкес:
1) тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізетін сауда базарларында;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде жəне (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
3) карантиндік аймақтарда жəне қолайсыз пункттерде, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтарда күн сайын жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жəне (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызған жағдайларды қоспағанда, жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жергілікті атқарушы органдардың жəне олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау осы Заңда айқындалған тəртіппен жылына кемінде екі рет бару арқылы жүргізіледі.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, бақылау жəне қадағалау субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді
7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелерін уəкілетті органның ведомствосы жəне оның аумақтық бөлімшелері есепке алуға тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау актісі тексеру нәтижелері туралы актілерді тіркеудің арнайы журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау уəкілетті орган ведомствосының, уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға бағытталған қызметі болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлардың өмірі мен саулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Осы бапта көзделген, тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жəне тергеп-тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сəйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша қолданылатын бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сəйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді əкелуге, əкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, (орын ауыстыруға), өндіруге, қолдануға жəне өткізуге тыйым салу, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;
2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (оны кері қайтарып алу), тоқтату;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу, оларды тоқтата тұру;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою жəне жою;
5) көлік құралын тоқтату жəне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстау.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына жəне 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау жəне көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.
5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) жəне 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық инспектор жедел ден қою шарасын қолдануды тікелей жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
11. Тергеп-тексеру актісінде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
14. Жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау жəне қадағалау субъектісі қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
10) ішкі сауда объектілері;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
11) процессингтік орталық.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.