Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде конкурс нәтижелерiн оның атауын, жеңiмпазы мен оның мекен-жайын, конкурс жеңiмпазы ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауын және бiрлiгiнiң бағасын көрсете отырып, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мерзiмдi баспасөзде жариялау жолымен барлық қатысқан ықтимал өнiм берушiлерге хабарлайды.
17-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттама ресiмдеуге мiндеттi, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерi және жеңiмпаз анықталатын талаптар көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен орналасқан жерi;
3) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік деректерi туралы немесе осындай деректердiң жоқ болуы туралы;
4) әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы және басқа да негiзгi жағдайларының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалаудың мазмұны және оларды салыстыру;
6) конкурстық өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн көрсету;
7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, себептерiн көрсету;
8) конкурстық құжаттамаға түсiндiрме беру туралы сауалдардың, оларға қайтарылған жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
9) мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiс болған мерзiм (конкурс жеңiмпазы хабарламаны алған кезден бастап үш жұмыс күнiнен аспауыы керек).
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) егер конкурс өткен жағдайда, - сатып алуға бөлiнген сома.
Конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнiм беруші конкурстың қорытындылары мерзiмдi баспасөзде жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн iшiнде конкурстың қорытындылары бойынша уәкiлеттi органға шағым жасауға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл ақпаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтер болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртіппен беріледi.
3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа
тәсілдермен жүзеге асыру
18-бап. Жабық конкурс
1. Жабық конкурс уәкiлеттi органның келісімi бойынша, тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер олардың күрделi немесе мамандандырылған сипатта болуы себебiмен ықтимал өнiм берушiлердiң конкурсты ұйымдастырушыға алдын ала мәлiм шектеулi санында ғана болған жағдайларда өткiзiледi.
2. Жабық конкурс өткізу туралы хабарлама сатып алынатын тауарлары, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерi бар барлық ықтимал өнiм берушiлерге осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiберiлуге тиiс.
Хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
3. Жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
19-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн толық тұжырымдау, олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын және ықтимал өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрау не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе талдамалар жасау қажет болған;
3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс жеңiмпазды анықтауға жеткiзбеген жағдайларда өткiзiледi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты ұсыныстарды ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық құжаттама негiзiнде сұрату; ықтимал өнiм берушiлер конкурстық құжаттамаға сәйкес бағасын көрсетпей табыс еткен бастапқы конкурстық өтiнiмдердi қарау; ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік деректерiн қарау; қажет болған жағдайда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi біліктілік талаптарына сай келетiн ықтимал өнiм берушiлермен талқылау;
2) ықтимал өнiм берушiлер табыс еткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамалары негiзiнде конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының өзгерістер енгізуi; конкурстың бiрiншi кезеңiнен өткен ықтимал өнiм берушiлердiң түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi табыс етуi; олардың бағасы мен бағалық ұсыныстарын және бағалау өлшемдерiн ескере отырып салыстыру, конкурс қорытындыларын шығару кезеңдерiнiң жиынтығы болып табылады.
3. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бастапқы конкурстық құжаттамада осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 7) - 9) тармақшаларында айтылған ақпарат болмауы мүмкiн.
4. Ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтару құқығын жоғалтпай, түпкi конкурстық өтiнiмдi табыс етпеуге құқылы.
5. Конкурстық комиссия түпкi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурстың қорытындыларын шығарады.
6. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын ашық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 18-бабында көзделген нормалар қолданылады.
20-бап. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды ппайдалана отырып ттаңдау
1. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау тапсырыс берушi үшiн егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң елеулi маңызы жоқ, нақтылы бар тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жүргiзiледi, бұл орайда баға шешушi талап болып табылады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау, осы тармақтың екiншi бөлiгінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемдері құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштiң екі мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдауға құқылы.
3. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын пайдалана отырып таңдау әдiсiн қолдану мақсатында қаржы жылы iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгенен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
4. Тапсырыс берушi кем дегенде екi аффилиирлендiрiлмеген ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын сұратады және белгiленген мерзiмде түскен барлық баға ұсыныстарын қарайды. Тапсырыс берушi ең төмен баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алады.
21-бап. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу
1. Бiр көзден мемлекеттік сатып алу конкурсты қолданбай сатып алуды бiлдiредi және:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер табиғи монополияның субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана нақтылы болған немесе қандай да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң баламасы жоқ болған жағдайда осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге қатысты айрықша құқықтары болған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер белгiлi бір тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісiнде ғана болған немесе балама болмаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттік монополия субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана болған;
2) дүлей зiлзалалар (жер сiлкiну, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, iндеттер мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен ормандарды аурулардың және зиянкестердiң зақымдануы туғызған төтенше жағдайлардың, сондай-ақ өнеркәсiп, көлiк авариялары мен басқа да авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар шығаратын (шығару қатерi бар) өрттер, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, бөгеттердiң бұзылуы, тiршiлiк етудiң электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелеріндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше жағдайлардың салдарынан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сол тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге конкурс өткізу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жедел қажеттiктер туындаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жабдықтар, технологиялар, жұмыстар немесе көрсетiлетiн қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде нақ сол тапсырыс берушiде бiрыңғайлау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен сыйымдылығын қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындайттыынн;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) конкурс өтпей қалды деп танылған және (немесе) тапсырыс берушi қолданған, осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға алып келмеген жағдайларда ғана жүргізiледi. Бұл ретте осы ереже конкурс жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) сатып алғанда сттратегиялық маңызы зор тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер берушiнi осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) коммуникациялар, тетiктер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдар жол жүрiп бара жатқанда сынған, iстен шыққан әрі оларды дереу қалпына келтiру талап етілген жағдайда акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар уәкiлеттi органға кейiннен мiндеттi түрде күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде хабарлай отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi конкурстың қорытындылары шығарылғанға дейiнгi кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ғана жүргiзiледi.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 8)-тармақшамен толықтырылды
8) кепiл берушi - Қазақстан Республикасының азаматы ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетсiз болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын сатып алады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Егер мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнің қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің екi мың еселенген мөлшерiнен, ал акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен артық болса, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органның келісімi бойынша жүзеге асырады. Табиғи монополия субъектiлерінің немесе белгілi бiр тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетiн қызметтерiн сатып алуы уәкiлеттi органның келісімiн талап етпейдi.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң бiртекті түрлерiн, егер олардың тіптi бiреуінің мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң:
1) мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен;
2) акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болса, сатып алудың жылдық көлемiн қаржы жылы iшiнде бөлшектеуге жол берілмейдi.
Осы баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушілер мемлекеттік монополия субъектілерiнен осы субъектiлер мемлекеттік монополия субъектiлерi ретiнде айқындалған бөлiгiнде көрсететiн қызметтердi ғана сатып алуға құқылы. Бұл ретте уәкілеттi органның келісімi талап етiлмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
3. Бiр көзден меемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия осындай ықтимал өнiм берушiден тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң осы ықтимал өнiм берушi ұсынып отырған бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұратады.
Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етілмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
4. Бiр көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ықтимал өнiм берушi, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды келiсудің тәртібін, сондай-ақ бұл жағдайларда өтiнiштердi қарау үшін қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейдi.
5. Бiр көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия сатып алу туралы хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпараттар:
1) бiр көзден мемлекеттік сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы болуға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу процесінде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес тауар биржаларында жүргiзіледi.
Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген қандай да бір бiртектi тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен, ал мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң екі мың еселенген мөлшерден аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарында өзге ең төменгі көлем белгіленбесе, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.
23-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазы - ықтимал өнiм берушiге хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес типтiк шарттың негізiнде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны оларға жiбередi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Конкурстың жеңiмпазы оның конкурстық өтiнiмiн жеңiп шықты деп тану туралы хабарламаны және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы шартқа қол қоюға немесе тапсырыс берушiнi келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмi конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар енгізуге жол берілмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлiгінде өзгерістер енгізуге жол берiледi.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған ықтимал өнiм берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердің бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескерiле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнiм берушінің екі жақты келісімi бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерістер енгізiлуi мүмкiн.
5. Тапсырыс берушi өнiм берушiден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудi талап етуге құқылы және өнiм берушi бұл қамтамасыз етудi ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде және тәртiппен енгізуге мiндеттi.
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттаа тараптардың оны орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн айыппұл санкциялары көзделуге тиiс.
4-тарау. Арнаулы ережелер
24-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алудың ерекше талаптары
Мемлекеттік сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше тәртiп белгiлеу талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. Осындай сатып алуды жүргiзудiң ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Мемлекеттік меншiкке билік етуге уәкiлеттi мемлекеттік органның көрсетілетін қызметтердi сатып алуының ерекше талаптары
Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөніндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық міндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше тәртiппен жүргiзіледi.
25-бап. Жеке адамдар үшiн мемлекет кепiлдiк берген көрсетiлетiн
қызметтердi сатып алудың ерекше талаптары
Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде мемлекет кепiлдiк берген қызметтер көрсетушiнi таңдау құқығы тiкелей жеке адамға берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен белгiленген баға (тарифтер) бойынша жеке адам таңдаған өнiм берушiден осы қызметтердi мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi жүзеге асырады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу арнайы тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асырудың арнайы тәртібін, ақпараттық жүйеге жол берудің ерекшелігін, номенклатураны, көлемдердi және мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ақпараттық жүйелер арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті тапсырыс берушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру мемлекеттік монополия болып табылады.
26-бап. Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау тааллааппттааррыы
1. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлердiң жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау кезiнде басымдығы болады, оның тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру талабы конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
3. Егер мемлекеттік сатып алудың нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын (көрсетiлетiн) жұмыстар (қызметтер) болса, тапсырыс берушi отандық (қазақстандық) шикiзат пен материалдарды, жергiлiктi (қазақстандық) еңбек және өндiрiс ресурстарын пайдалана отырып, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетудi) талап етуге құқылы. Мұндай талап конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
27-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi ұйымдарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезiнде конкурсты ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және (немесе) тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Бұл орайда мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдарындағы мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының елу бiр процентiнен кем болмауға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды