Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 203 Қаулысы
(2013.16.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінiң 2006.29.12. № 1315 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 17.07.02 ж. № 797; 31.10.03 ж. № 1083; 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.29.12. № 1315 (бұр.ред.қара); 2007.12.06. № 484 (бұр.ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.10.04 № 502 (бұр.ред.қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1686 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.06. № 774 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 963 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:
| Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы; |
| Әбдіреева Шолпан Тоқтарқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары; |
| Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi |
| Жақсыбаева Шолпан Ахметқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры |
| Кемербаев Тимур Тоқанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің байланыс бас басқармасының бастығы; |
| Омашев Намазалы Омашұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі; |
| Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
| Бұлдыбаев Аянжан Шүлембайұлы | - «Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (келісім бойынша); |
| Күзеков Асхат Сәйпиұлы | - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
| Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Қалианбеков Болат Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, хатшы |
| Бекхожин Ерлан Қалижанұлы | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
| Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
| Ықсанова Гүлнар Мұстақымқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
| Қуанышев Жапсарбай Iлиясұлы | - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша) |
| Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры; |
| Башимов Марат Советұлы | - «Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бiрлестiгiнiң сарапшысы, профессор, заң ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша) |
| Кациев Олег Ахсарович | - Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры (келісім бойынша) |
| Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы | - «Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша) |
| Матаев Сейітқазы Бейсенқазыұлы | - Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
| Оразов Нұрай Нұрғожаұлы | - «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
| Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы | - «Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша) |
| Жолдыбай Кенжеболат Махмұтұлы | - «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
| Әліғожин Бекет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы; |
| Құдайбергенов Нұрлан Баязитұлы | - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі (келісім бойынша); |
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 774 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгiленсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |