423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға кiрiсу
1. Апелляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 423-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге үкiм шығарған сотқа жiберiледi.
2. Осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес iс қосымша тергеуге қайтарылған жағдайда апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
3. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиiс болатын қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлiгiнде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды қамаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.
423-2-бап. Iстi апелляциялық сатыда қайта қарау
Егер:
1) кейбір сотталғандарға қатысты белгiленген мерзiмде берiлген апелляциялық шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты істер қаралғаннан кейiн келiп түссе;
2) шағымданудың, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн басқа сотталған адамдарға қатысты iс қаралғаннан кейiн осы Кодекспен көзделген тәртiппен сот қалпына келтiрсе, апелляциялық қаулының күшi жойылмай-ақ iстi апелляциялық сатыда қайта қарауға жол берiледi.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталғанның, оның қорғаушысының немесе өкiлiнiң шағымдарын осы адамға қатысты iс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға мiндеттi.
3. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиiсiнше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестiрiлген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бiрiнiң күшiн жою туралы ұсыным жасайды.
423-3-бап. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау
1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға тиiс.
2. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында осындай өтiнiш жасалса және оны апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкiмнің күшiн жоюдың негiзi ретiнде көрсетсе, iстi жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол берiледi.
3. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы соттың:
1) егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкiмнiң осы бөлiгiнiң күшi жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкiмде алып тасталған бөлiгiнде кiнәлi деп тануға;
2) егер бастапқы үкiмнiң күшi осы негiздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өткізудi немесе неғұрлым қатаң режимдегi колонияларда өткізудi тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
4. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы сот шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағымдануға, наразылық бiлдiруге болады. Бұл ретте, егер бiрiншi үкiмнiң күшi сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екiншi үкiмнiң күшi жазаның жеңiлдiгiне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне орай жойылса, iстi үшiншi мәрте қарап жатқан сот екiншi үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкiн, бiрақ оның бiрiншi үкiммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.";
33) 48-тарау алып тасталсын;
34) 447-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық және оған теңестiрiлген сот, облыстық және соған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзiмі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиiс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкімі ол жарияланған соң заңды күшiне енедi.
2. Апелляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтiрiлген жағдайда, аудандық немесе облыстық сот үкімінiң күшi жойылмаса, апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алынса, үкiм шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты апелляциялық iс жүргiзудiң тоқтатылғаны туралы апелляциялық сатының қаулысы шығарылған күнi заңды күшiне енедi.";
үшiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 448-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "және апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi және бесiншi бөлiктердегi "Кассациялық" деген сөз "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 449-баптың екiншi бөлiгiнiң соңғы сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.";
37) 457-баптағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен, "48" деген цифр "47" деген цифрмен ауыстырылсын;
38) 458-бапта:
екiншi бөлiкте:
2) тармақтағы және кассациялық деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақтағы "кассациялық және" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және iстi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн ауыр, орны толмас зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендiгі туралы деректердiң анықталуына байланысты енгiзiлген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол берiледi.";
39) 459-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
2) тармақтағы "ауыр немесе аса ауыр" деген сөздердiң алдынан "орташа ауырлықтағы қылмыс," деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақтағы "әкеп соғуы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "негiз болып табылады" деген сөздер алып тасталсын және абзацтан мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақтармен толықтырылсын:
"5) азаматтық талап қоюдың дұрыс шешiлмеуi;
6) iстiң сотта жаңадан қарауға заңсыз жiберiлуi негiз болып табылады.";
екiншi бөлiкте:
3) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
40) 460-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасына;
3) облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"3-1. Осы Кодексте көрсетiлген негiздер болған жағдайда, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьялары тиiстi сот сатысына шағым берiлген сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгiзедi.";
41) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"463-бап. Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау
1. Қадағалау шағымдарын облыстық және оларға теңестiрiлген соттарда алдын ала қарауды ол түскен күннен бастап 15 тәулiктiң iшiнде осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
2. Қадағалау шағымдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында алдын ала қарау тиiстi алқаларда олар түскен күннен бастап 15 тәулiктiң iшiнде осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Егер қадағалау шағымы мен оған тiркелген құжаттардың мазмұны шағым жасалып отырған сот қаулыларының заңдылығына күмән тудырса, қадағалау шағымын алдын ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдардың iстi сұратып алуға құқығы бар. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бiр ай iшiнде алдын ала қарау мерзiмi сұратылған iстiң қадағалау сатысына түскен күнiнен бастап есептеледi.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде белгiленген қадағалау шағымын алдын ала қарау мерзiмiн тиiстi соттың төрағасы не алқа төрағасы дәлелдi себептер болған жағдайда, бiрақ 1 айдан аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.";
42) 464-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"464-бап. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:
1) шағым жасалып отырған сот актiсiн қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы;
2) шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау үшiн негiздердiң жоқ екендiгi туралы шешiмдердiң бiрi қабылданады.
2. Шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау туралы ұсынымды:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқаларына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа төрағасы - облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқаларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасына;
3) облыстық және соған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьясы - осы соттың қадағалау алқасына енгiзедi.";
43) 465-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"465-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың iс жүргiзу салдары
1. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы заңды күшiне енген үкiмдi, қаулыны қайта қарау туралы ұсынымды iспен, шағыммен және оған қоса тiркелген материалдармен бiрге қарау үшiн тиiстi қадағалау сатысына жiбередi.
2. Заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау туралы ұсыным осы iстi қарау құзыретiне кiретiн қадағалау сатысының соты үшiн мiндеттi.
3. Қадағалау сатысындағы iс келiп түскен күнiнен бастап бiр ай iшiнде қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда iстi қарау мерзiмi iс жүргiзуiнде жатқан қадағалау сатысының негiздi қаулысымен ұзартылуы мүмкiн. Өздерiне қатысты шағым жасалып отырған сот шешiмi шығарылған тараптар мен өзге де тұлғаларға iстi қадағалау тәртібімен қарау уақыты мен орны туралы хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, келтiрiлген наразылықтың көшiрмесi жiберiледi.
4. Шағым жасалып отырған сот қаулыларын қайта қарауға негiздер болмағанда, қадағалау шағымының авторына жазбаша түрде хабарлама жiберiледi.
5. Осы Кодекстiң 460-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар сол қадағалау сатысына қайтадан қадағалау шағымдарын беруi мүмкiн, бұл шағымдар оларда осы адамдардың бастапқы шағымын қарау кезiнде талқыланбаған жаңа дәлелдер келтiрiлген жағдайда, оларды алдын ала қарау рәсiмiне әкеп соқтырады. Қайтадан берiлген қадағалау шағымы жаңа дәлелдер шегiнде ғана қаралады. Осы Кодекстiң 460-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар шағым жасалып отырған сот қаулыларын қайта қарау негiздерiнiң жоқ екендiгi туралы шешiммен келiспеген жағдайда, жоғары тұрған қадағалау сатысына осындай шағым беруге құқылы.";
44) 467-бапта:
1) алтыншы бөлiкте:
2) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын, ал "соттың үкімін өзгертусiз қалдыра отырып" деген сөздер "соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiкте "432" деген цифр "412" деген цифрмен ауыстырылсын;
сегiзiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлiктегi "апелляциялық саты сотының үкімі мен кассациялық қаулысын" деген сөздер "апелляциялық қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Iстi қадағалау тәртібімен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған жазаны жеңiлдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлсе, сотталғанға тағылған айып шегiнен шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуi мүмкiн. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактiлердi анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ.";
он бiрiншi бөлiктегi "егер iс жаңа кассациялық қарауға жiберiлген болса, екiншi сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"12. Iстi қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да, сондай-ақ олардың жағдайларын нашарлатпау шартымен iс бойынша барлық сотталғандарға қатысты да сот үкімінiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн толық көлемiнде тексередi. Сот жағдайды нашарлататын шешiмдi тек прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.";
45) 468-бапта:
"кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысына Пленумда төрағалық етушi қол қояды" деген сөйлем алып тасталсын;
46) 469-баптың екiншi бөлiгіндегі "кассациялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
47) 470-баптағы "Кассациялық" деген сөз "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
48) 472-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн.";
49) 474-бапта:
екiншi бөлiктегi "Азаматтардың өтiнiштерi," деген сөздерден кейiн "оның iшiнде процеске қатысушылардың осы iс бойынша өтiнiштерi," деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiктегi "460" деген цифр "471" деген цифрмен ауыстырылсын;
50) 476-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "төралқасы" деген сөз "қадағалау алқасы" деген сөздермен және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы немесе қадағалау алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "немесе кассациялық тәртiппен немесе қадағалау тәртібімен" деген сөздер "немесе қадағалау тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "430" деген цифр "467" деген цифрмен ауыстырылсын;
51) 492-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
52) 515-баптың үшiншi бөлiгіндегі "сот үш судья құрамында" деген сөздер "аудандық және оған теңестiрiлген сотта судья жеке-дара, облыстық және оған теңестiрiлген сотта үш судья құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 518-бапта:
бiрiншi бөлiк "1." цифрымен белгiленсiн, "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын, "48" деген цифр "47" деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстiң 49-тарауында көзделген тәртiппен атқаруға берiледi.".
3. "Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 645-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат):
1) 4-бап алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 5 және 6-баптармен толықтырылсын:
"5-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 30-бабымен белгiленген iстердiң мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттауына жатқызылуы осындай соттардың құрылуына қарай қолданылады. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар құрылғанға дейiн iстердi бiрiншi сатыдағы соттардың соттауына жатқызу осы Кодекстiң 27-бабында белгiленген ережелер бойынша анықталады.
6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды.".
4. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 336-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат):
1) 4, 5, 5-1-баптар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 6-баппен толықтырылсын:
"6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды.".
Қазақстан Республикасының
Президенті