4. Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
5. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.";
15) 317-бапта:
алтыншы бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.";
жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгіндегі iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.";
16) 345-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген жағдайда немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негiзделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi.";
17) 353-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "тараптардың өтiнiшi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
18) 363-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "Алдын ала анықтау жүргiзiлген" деген сөздер "Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 371-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 18) тармақпен толықтырылсын:
"18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы.";
20) 373-баптың бесiншi бөлiгіндегі ", кассациялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
21) 380-бапта:
бiрiншi бөлiктiң 4) тармағындағы "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сотталушының iс-әрекеттерiн қайта дәрежелеу қажеттiгi туралы тұжырымға келiп немесе кейбір баптардың (бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкiмнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде әрекеттi сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) көрсетедi және артық тағылған бапты (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) алып тастау керектiгiн көрсетедi.";
"22) 383-баптың 4) тармағындағы "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
23) 384-баптың үшiншi бөлiгіндегі "сондай-ақ iстi апелляциялық (апелляциялық және кассациялық қарауға қатысу туралы өтiнiш жасау) қарауға қатысу құқығын" деген сөздер "сондай-ақ iстi апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiнiш беру құқығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 46-тараудың тақырыбындағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
25) 396-бапта:
тақырыптағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
бiрiншi бөлiктегi "үкiмдерiне" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкiмдерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылып, "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
26) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"397-бап. Заңды күшiне енбеген үкiмдерге шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөніндегі алқасы қарайды.
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы қарайды.";
27) 398-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
28) 399-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
29) 402-бапта:
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бiрiншi сатыдағы сот үкiмге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтiру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, осы Кодекстiң 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейiн істi келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жiбередi және процеске қатысушыларға iстiң апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды.";
үшiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
30) 403-бапта:
екiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
31) 404-бапта:
тақырыбындағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын, "сатыларда" деген сөз "сатыда" деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
32) 47-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"47-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША IСТЕРДI ҚАРАУ
405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөніндегі тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
407-бап. Апелляциялық шағым, наразылық
Апелляциялық шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;
2) iс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;
3) шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;
4) үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;
5) шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкімінiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөніндегі дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;
6) арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;
8) шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.
2. Жасалған шағым, келтiрiлген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берiлген деп есептеледі, бiрақ аяғына дейiн ресiмдеу үшiн мерзiмi көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшiнде сотқа табыс етiлмесе, олар берiлмеген болып есептеледi.
408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгiлеу
1. Бiрiншi сатыдағы сот апелляциялық шағым мен наразылық келтiруге арналған мерзiм бiткен соң және осы Кодекстiң 401-бабының талаптары орындалғаннан кейiн iстi қараудың жоғары тұрған сотпен келiсе отырып белгiленетiн уақыты мен орнын көрсетiп, iстi тиiстi апелляциялық сатыға жiбередi.
2. Бiрiншi сатыдағы сот iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталғанды сот отырысына шақыру туралы мәселенi апелляциялық сатыдағы сот шешедi.
Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтiнiшi қанағаттандырылуға тиiс.
3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
Апелляциялық сатыға прокурордың қатысуы мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 396-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес үкiмге шағымдану құқығы берiлген адамдар, сондай-ақ үкiм шығарылғаннан кейiн тапсырма алушы сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң өкiлi соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жiберiледi. Оларға өздерiнiң өтiнiштерi бойынша келтiрiлген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негiздеп сөйлеу үшiн сөз берiледi.
409-бап. Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртібі
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады, қандай iс және кiмнiң апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейiн төрағалық етушi сот құрамын, iс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.
2. Төрағалық етушi отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда iстi қараған кездегi iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi.
3. Төрағалық етушi тараптардан олардың бас тартуы мен өтiнiмдерiнiң бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлiмделсе, оларды қараудың нәтижелерi бойынша қаулы шығарады.
4. Iстi қарау баяндамашы судьяның iстiң мәнiн, апелляциялық шағымдардың мазмұнын баяндауымен басталады. Апелляциялық наразылықтың себептерi мен дәлелдерiн прокурор баяндап бередi. Осыдан кейiн сот тараптардың шағымдарда келтiрiлген өз дәлелдерiн негiздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерiн тыңдайды. Сөз сөйлеу ретiн iске қатысушы тараптардың пiкiрлерiн ескере отырып, сот белгiлейдi.
5. Апелляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтiрілген дәлелдердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер iстi қарау басталғанға дейiн апелляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Қосымша материалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәлiметтер бiрiншi сатыдағы соттың қосымша тексеруi мен бағалауын керек етпесе, үкiмдi, қаулыны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінiң, қаулысының күшiн жойып, iстi бiрiншi саты бойынша жаңадан қарауға жiберуге негіз бола алады.
6. Сот отырысының тәртібі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстiң 326, 327-баптарының ережелерiмен белгiленедi. Судьялардың кеңесуi мен шешiмдер қабылдау тәртібі осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының ережелерiмен белгiленедi.
410-бап. Апелляциялық сатының өкiлеттiктерi
1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен iстi қарау кезiнде сот тараптардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
1) сот-психиатриялық сараптама тағайындауға;
2) егер iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша жүргiзу мүмкiн болса, өзге де сараптама тағайындауға;
3) сотталғанның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға құқылы.
2. Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбiрленушiлердiң) әртүрлi түсiнуге мүмкiндiк беретiн айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтiнiш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда сотталғанның сот отырысына қатысуы мiндеттi. Жауап алудың алдында куәға, жәбiрленушiге жалған айғақтар бергенi және айғақтар беруден бас тартқаны үшiн осы Кодекстiң 351-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жауапты болатыны ескертiледi, олардың айғақтары хаттамаға түсiрiлiп, одан әрi дәлелдеме ретiнде қарастырылады.
411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер
1. Істi апелляциялық тәртiппен қараудың нәтижесiнде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген қосымша материалдармен бiрге бiрiншi сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негiзделген мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) үкiмдi, қаулыны өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады;
3) үкiмдi (қаулыны) өзгертедi;
4) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жiбередi;
5) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi осы Кодекстiң 303-бабында көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;
6) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.
412-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiздер
Мыналар:
1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;
2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi;
3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.
413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес деп танылады.
2. Iс бойынша:
1) айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
2) iстi соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
3) сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын деректер жеткiлiктi дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуi толық емес деп танылады.
414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi
Егер:
1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
2) сот өз тұжырымдарына едәуiр ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiреулерiн қабылдап, екiншiлерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;
4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулi қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, соның iшiнде сотталғанның, ақталғанның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.
415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы
1. Iстi сот қарауы кезiнде осы Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерi бұзылып, олар iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаса, соттың қаулысына, әдiл үкіміне немесе өзге де шешiмiне ықпал етсе немесе ықпал етуi мүмкiн болса, бұл қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.
2. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iстi талқылаудан жол берiлетiн дәлелдемелердi қателесiп алып тастаудың немесе бiр тараптың iс үшiн маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелерiн зерттеуден негiзсiз бас тартудың не мiндеттi түрде зерттелуге тиiс дәлелдемелердi зерттемеудiң салдарынан болған кезде үкiмнiң күшi жойылуға тиiс.
3. Егер:
1) сот осы Кодекстiң 37-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық iстi қысқартпаса;
2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
3) осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;
4) заң бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болғанда, iс оның қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
5) сотта сотталушының ана тілін немесе өзi бiлетiн тiлдi не аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
6) сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
7) сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
8) үкiм шығарылған кезде судьялар кеңесiнiң құпиясы бұзылса;
9) үкiмге судьялардың бiрi қол қоймаса;
10) iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің күшi жойылуға тиіс.
416-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрi мен мөлшерi жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әдiлетсiз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейдi деп танылады.
418-бап. Істi қысқарта отырып айыптау үкімінiң күшiн жою
Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) - 12) тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген негiздер болған үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады.
419-бап. Ақтау үкімінiң күшiн жою
1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкімінiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.
420-бап. Iстi сотта жаңадан талқылауға жiбере отырып үкiмнiң күшiн жою
1. Егер апелляциялық саты:
1) бiрiншi сатыдағы сот жол берiп, үкiмнiң заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзуды;
2) сот тергеуiнiң бiржақтылығын немесе толық еместiгiн;
3) азаматтық талап қою шешiлмегенiн немесе дұрыс шешiлмегенiн анықтаса, iс үкiм шығарған соттың жаңадан талқылауына, бiрақ судьялардың өзге құрамының қарауына жiберiле отырып, үкiмнiң күшi толық немесе бiр бөлiгiнде жойылуға тиiс.
421-бап. Yкiмдi өзгерту
1. Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:
1) сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстыруға;
3) тағылған айыптау шегiнен немесе соттың басты талқылауы кезiнде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегiнен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгiлеуге;
4) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігiлігi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;
5) егер бiрiншi сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
6) сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
7) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың кәнiгiлiгi бар екендiгiн тануға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге құқылы.
2. Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) - 8) тармақтарында көрсетiлген шешiмдi осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
422-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
1. Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерiнен тұрады.
2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде берiлген апелляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдерi, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерi, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерi қысқаша баяндалуға тиiс.
4. Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде шағымдардың, наразылықтың дәлелдерi негiзсiз немесе елеулi емес деп танылған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгiзгендегi негiздер көрсетiлуге тиiс.
6. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi келтiрiлуге тиiс.
7. Іс соттың жаңадан талқылауына жiберiлген жағдайда қаулыда iс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екенi көрсетiлуге тиiс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендiгi немесе дәлелденбегендiгi туралы, дәлелдемелердiң анықтығы туралы немесе бiр дәлелдемелердiң басқаларынан басымдығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелердi алдын ала шешiп қоюға құқығы жоқ.
8. Қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.
423-бап. Апелляциялық қаулы шығару
1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылады, оған судьялардың бүкiл құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келгеннен кейiн отырыс залында оқылады.
2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлiмін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iс қаралған күннен бастап жетi күн мерзiмде жасалып, оған барлық судьялар қол қояды.