Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік
комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18 сәуірдегі № 517 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 29.12.02 ж. № 1420
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 691 Қаулысымен күші жойылды
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының N 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының тиісті кандидатуралардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 18 сәуірдегі
№ 517 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 29.12.02 ж. № 1420 қаулыларымен қосымша өзгертілді
Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау
жөніндегі біліктілік комиссиясының
құрамына енетін мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша)