Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 482 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін.";
2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
9-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ:
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Ізтілеуов Бейсенбай Ізтілеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ басқармасының төрағасы".
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 9 сәуірдегі
№ 482 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы № 586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 19, 206-құжат).
2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 155 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 және 2000 жылғы 3 ақпандағы № 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 659 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 1476 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 138 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 40-құжат).