Әскери (арнаулы) оқу орындарының шақыру жасына жеткен және тәртiпсiздiгiне байланысты оқудан шығарылған курсанттары (тыңдаушылары), егер олар әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтемеген болса, мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн әскери бөлiмдерге жiберiледi. Бұл жағдайда әскери (арнаулы) оқу орнында оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң арнаулы оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) арнайы есепке алына отырып, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан босатылады.
19-бап. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өту
Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда қызмет атқарады.
20-бап. Әскери қызметшiнiң қызмет бойынша өсуi, әскери атақтың берiлуi (төмендетiлуi), ауысуы және ауыстырылуы
1. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң қызмет бойынша өсуi, әскери атақтың берiлуi (төмендетiлуi), ауысуы және ауыстырылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, келісім-шартқа қажеттi өзгерістер енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
2. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң бiр ведомстводан басқа ведомствоға ауысуы және ауыстырылуы келісім-шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
21-бап. Әскери қызметтен өту туралы келісім-шартты тоқтату және бұзу негiздерi
1. Келісім-шарт:
1) егер тараптардың келісімi бойынша келісім-шарт мерзiмi ұзартылмаса, келісім-шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн;
2) ұйымның таратылуына, адам саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты, егер әскери қызметшi ұсынылған басқа лауазымға келiспесе;
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп тануына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
4) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
2. Келісім-шарт:
1) тараптардың келісім-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
2) әскери қызметшiнiң дәлелсiз себептермен қызметке шықпай қалуына байланысты бұзылуы мүмкiн.
3. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын:
1) өзiне қатысты келісім-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi түрде бұзылуына байланысты;
2) отбасы жағдайына байланысты босатылуға құқылы.
4-тарау. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өту
туралы заңдарды бұзғаны үшін әскери
қызметшінің жауапкершілігі
22-бап. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң жауапкершiлiгi
Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi жүктелген мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны, сондай-ақ қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздерде және тәртiппен тиiсiнше әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық немесе қылмыстық жауаптылықта болады.
23-бап. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi тәртiптiк жауапқа тартылған кездегi оның құқықтық кепiлдiктерi
1. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi өзiнiң тәртiптiк жауапқа тартылуына байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.
2. Жауапқа тартылған әскери қызметшi лауазымды адамдардың әрекеттерi мен шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртібі
1. Осы Заңның күшi, ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған әскери қызметтен өту туралы келісім-шарттар олар жасалған мерзiм бойы қолданылады.
3. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының