банкке қатысты - осы Заңның 47-бабының 2-тармағының ж) тармақшасында көзделген санкцияларды;
банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда Ұлттық Банк:
банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банктің лицензиясын қайтарып алуға;
банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";
39) 58-баптың мәтініндегі "қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу құқығына" деген сөздер "қызметіне аудит жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 59-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"59-бап. Банк қызметіне аудиторлық ұйымның (аудитордың) аудит жүргізу жөніндегі есебін, қорытындысын жарамсыз деп тану. Банк қызметіне аудит жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу, тоқтата тұру үшін негіздер";
1-тармақта:
г) тармақшасындағы "аудиторлық тексеру жүргізу құқығына" деген сөздер "аудит жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) тармақшасында "қызметін аудиторлық тексерудің" деген сөздер "қызметіне аудит жүргізудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Банкіге аудиторлық тексеру жүргізуге құқық беретін", "күшін жояды, тоқтатады" деген сөздер тиісінше "Банк аудитін жүргізуге", "қайтарып алады, тоқтата тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы "жүргізілген аудиторлық тексерудің" деген сөздер "жүргізілген аудиттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) және ж) тармақшаларында "аудиторлық тексеру жүргізуге" деген сөздер "аудит жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 65-баптың 2-тармағының в) тармақшасында "шарттардың күшін жоюға" деген сөздер "шарттарды бұзуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 67-баптың 3-тармағында "жоюға" деген сөз "қайтарып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 68-бапта:
1-тармақтың в) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақта:
"банктердің қызметін тоқтату" деген сөздерден кейін ", оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату" деген сөздермен толықтырылсын;
44) мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
"68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер
кредиторларының комитеті
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Ерікті таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк бекітеді.
Еріксіз таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банкті тарату комиссиясы мен Ұлттық Банктің бірлескен ұсынысы бойынша сот бекітеді.
2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
45) 69-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды Ұлттық Банк жүзеге асырады.";
7-тармақтағы "банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртіппен" деген сөздер "банкроттық негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 70-баптың б) тармақшасындағы "жоюға" деген сөз "қайтарып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 72-баптың мәтініндегі "жою" және "жояды" деген сөздер "қайтарып алу" және "қайтарып алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 73 бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Банктерді банкроттық негізде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақта "тізілімін сот бекітеді" деген сөздер "тізілімін Ұлттық Банктің ұсынысы бойынша сот бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "сот бекітеді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "оны тағайындаған сот" деген сөздер "Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Банктің тарату комиссиясын тағайындаған сот Ұлттық Банктен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.";
7-тармақтағы "министрлігінің" деген сөз алып тасталсын;
49) 74-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еріксіз таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру тәртібі және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
2-тармақ алып тасталсын;
50) 74-2 бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
қанағаттандырудың кезектілігі";
1-тармағында "Еріксіз" деген сөз алып тасталып, "таратылатын" деген сөз бас әріппен жазылсын;
3-тармақта:
в) тармақшасындағы "салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымның талаптары" деген сөздер "ұйымның салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі, еріксіз таратылатын банк ұсынған есепке сәйкес сома көлемінде өтем төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі алдағы талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы г-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"г-1) бесінші кезекте сақтандыру ұйымдарымен олардың таратылатын банктің банктік шоттарындағы қаражаттары бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;";
д) тармақшасындағы "бесінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
е) тармақшасында:
"алтыншы" деген сөз "жетінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер" деген сөздер "салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша міндетті төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) сегізінші кезекте заңды тұлғалардың таратылатын банктің банк шоттарындағы қаражаттары бойынша талаптары қанағаттандырылады;";
з) тармақшасындағы "сегізінші" деген сөз "тоғызыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
и) тармақшасындағы "тоғызыншы" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Әр кезектің талабы өзінің алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Кредитордың талаптары оның келісімімен заңға қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандыруға тиісті талаптар сомасына бара-бар бөлінеді.";
51) 74-4-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"74-4-бап. Ұлттық банктің таратылу процесіндегі банктерден
есеп және ақпарат алу құқығы"
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ерікті және еріксіз, оның ішінде банкроттық негізде таратылатын банктердің тарату комиссиялары Ұлттық Банкке атқарылған жұмыс туралы есеп, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беруге міндетті.
Тарату комиссиясы беретін есептер мен қосымша ақпараттың нысанын, мерзімін және кезеңділігін Ұлттық Банк белгілейді.";
3-тармағы алып тасталсын;
52) 74-5-баптың 2-тармағындағы "Банк қызметін не банк қызметіне аудиторлық тексеру" деген сөздер "Банк қызметі не банк қызметіне аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 75-бапта:
1-тармақ "айрықша тәртіппен құрылған банктерге де" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.".
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат):
3-баптың 4-тармағындағы "қатынастарды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетін, мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі өзге де құқықтық қатынастарын" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат):
1) 2-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлігіндегі "Банктерге," деген сөз алып тасталып, "сақтандыру" деген сөз бас әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "не банктер банкрот болған жағдайда, құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 67-баптың 4) тармақшасы "не банктер банкрот болған жағдайда, құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындайды" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат, № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат): 1) 3-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында акцияның нақтылы ұстаушысы өзі белгілі бір күнге дейін акцияның нақтылы ұстаушысы болып табылатын барлық тіркелген акция ұстаушылардың тізімін беруге міндетті.";
екінші бөлік үшінші бөлік болып есептелсін;
үшінші бөлік "немесе орталық депозитарийге" деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бапта:
1-тармағы мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
"ж) банк қызметі туралы заң актілеріне сәйкес банктің дауыс беруші акцияларымен жасалатын барлық мәмілелер жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау.";
2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заң актілерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында, тіркеуші акция меншігі иелерінің тізімін жасайды және талап етілгеннен кейін жиырма күн ішінде оны Ұлттық Банкке жібереді.";
3) 14-баптың 4-тармағының в) тармақшасы "клиенттің" деген сөздің алдынан ", Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; деген сөздің алдынан ", Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен деген сөздермен 4) 17-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінің б) тармақшасы "клиенттің" толықтырылсын;
5) 28-баптың 3-тармағы "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
10. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат):
3-баптың 7-тармағы "коммерциялық ұйымдар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат):
18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша банк қызметіне аудит жүргізу нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлауға міндетті.".
12. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат):
140-баптың 9) тармақшасындағы "шығарылады" деген сөз алып тасталып, бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса, шығарылады."
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарғылық капиталы шетел валютасымен төленген банктер осы Заң жарияланған күнінен бастап бір жыл ішінде өзінің жарғылық капиталын осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының