3. Банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банктің дауыс беруші акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал жасай алу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға.
4. Жиынтығында банк акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар деп танылады.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Осы Заңның 20-бабы 2-тармағы б), в) тармақшаларының және 3-тармағы а), в) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке адамға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
Ұлттық Банк талап еткен құжаттарды бермеу;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңдардың талаптарының бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирлендірілген тұлғасы) немесе Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын реттер;
өтініш беруші өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын шетелдік банк болып табылатын реттер;
өтініш берушінің банктердің құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы.
6. Мыналардың бірі:
өтініш беруші заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш берушінің міндеттемелері өз активтерінен асып кетуі;
соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;
өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
банкке және (немесе) оның депозиторларына залал келтіру мүмкіндігін дәлелдейтін өзге де негіздердің болуы өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері болып табылады.
7. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған жағдайда Ұлттық Банк бұл тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
8. Банк холдингі - банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-заңды тұлға.
Банк холдингі мәртебесін иелену банктің ірі қатысушылары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Жиынтығында банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1)өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды адам немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
10. Банк тобы банктен және банк қатысушысы болып табылатын ұйымдардан тұрады";
16) 19-баптың 4-тармағының үшінші абзацындағы "банкіге аудиторлық тексеру" деген сөздер "банк қызметінің аудитін" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 20-бапта:
1-тармағында:
"Басқарманың төрағасы мен оның орынбасарлары" деген сөздер "Басқарманың төрағасы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) оларға бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізгенде негізге алынатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге де басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағындағы "бухгалтерінің жұмыстың кәсіби бағдарына сай жоғары немесе" деген сөздер "бухгалтерінің жоғары немесе кәсіби бағдарына сай" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 21-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ұлттық Банк банк қатысушыларының (құрылтайшыларының, акционерлерінің) осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында, банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мен қаржылық есептерін беруін талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтер сұратуға құқылы.";
2-тармақта:
"Банктің құрылтайшысы болып табылатын, банкке бақылау жасау құқығын беруді өтінуші" деген сөздер "Iрі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алу туралы өтінім жасаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы в) тармақшасымен толықтырылсын:
"в) банктің ірі қатысушыларын және банк холдингтерін айқындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының резиденті еместерінің қатысуымен банк құру және оның қызметі мәселесі жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құжаттар";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан да көп процентін иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының резидент-банкінің жарғылық капиталына осы қатысуы тиісті мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтіндігі туралы өз мемлекетінің уәкілетті органының тиісті хабарламасын ұсынады.";
19) 22-баптың 1-тармағында:
а) тармақшасындағы "тіркелген" деген сөз "жарияланған" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) шетел қатысқан банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс проценті Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.";
20) 25-баптағы "министрлігінің" деген сөз алып тасталсын;
21) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.";
22) 28-баптың 1-тармағындағы және 29-баптың 8-тармағының үшінші бөлігіндегі "министрлігінің" деген сөз алып тасталсын;
23) 30-бапта:
2-тармағының бірінші бөлігінде:
ж) тармақшасындағы "несие беру" деген сөздер "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
л) тармақшасындағы "клиенттердің" деген сөзден кейін "құжаттамалық нысанда шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы у), ф) және х) тармақшалармен толықтырылсын:
у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.";
3-тармақта:
"банктер" деген сөзден кейін "және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
г) және г-1) тармақшалары алып тасталсын;
д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) лизинг қызметін жүзеге асыру;";
5-тармақта "банктік болып табылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
24) 34-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі "несие" деген сөз "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ "банктің" деген сөзден кейін "немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 40-бапта:
2-тармақта:
екінші абзац "мәміле жасай қоймайтын" деген сөздерден кейін ", банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.";
3-тармақтың б) тармақшасындағы "акционері" деген сөз "қатысушысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банк қандай да бір тұлғамен оған:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмитациялаған бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру мақсатымен мәміле жасай алмайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле жасау осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша) ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің басшы қызметкері банк пен:
олардың өздерінің;
өзінің кез келген жақын туысының;
өзі немесе өзінің жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлғамен арадағы кез келген мәмілені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспауы тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.";
Мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Банк Ұлттық Банкке өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандар бойынша ақпарат беруге міндетті.";
26) 41-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін Ұлттық Банк белгілейді.";
27) 42-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банктер тобы міндетті түрде сақтау үшін Ұлттық Банк белгілейтін пруденциалдық нормативтердің құрамына:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері енеді.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банк банк заңдарына сәйкес банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады";
3-тармақ "банк" деген сөзден кейін "және банк тобы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған жағдайда, банк Ұлттық Банкке қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.
5. Банк холдингтері Ұлттық Банктің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолдануға тиіс.";
28) 44-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк банктердің қызметіне инспекция жүргізу кезінде банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.";
2-тармақ "банктер" деген сөзден кейін ", сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 46-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Осы бапта келтірілген шаралар, егер Ұлттық Банк осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің жолсыздықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банктің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты да қолданылуы мүмкін.";
30) 47-бапта:
мәтіндегі "оның күшін жоюға", "лицензиялардың күшін жою", "лицензиясының (лицензияларының) күшін жою", "лицензияның күшін жою", "лицензиясының (лицензияларының) күшін жойғаннан", "лицензияның күші жойылғаннан" деген сөздер тиісінше "оны қайтарып алуға", "лицензияларды қайтарып алу", "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу", "лицензияны қайтарып алу", "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан", "лицензия қайтарып алынғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
е) тармақшасындағы "төраға мен Байқаушы кеңестің мүшелерінен басқа," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ж) және з) тармақшаларымен толықтырылсын:
"ж) банкті салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесінен шығару туралы салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымға қойылатын талап;
з) банктің және (немесе) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.
Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, Ұлттық Банк банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.";
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "10 күн мерзім ішінде" деген сөздер "он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын";
31) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
"47-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғаларына қатысты
қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Ұлттық Банк банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне мынадай жағдайларда:
ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алмаса;
банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесіне ие болғаннан кейін осы Заңның 17-1-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болса;
осы Заңның 46-бабына сәйкес Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамаларын орындамаса, мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
Сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де Ұлттық Банк банк холдингтеріне мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, Ұлттық Банк:
ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;
банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беруші акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не банк қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беруді жүзеге асыру құқығынан бас тартуды талап етуге және банкті тәуекелдікке душар еткізетін банк холдингі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға қатысты ұйым мен банк арасындағы банкті тәуекелдікке душар еткізетін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды Ұлттық Банк белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк банктің ірі қатысушысының және (немесе) банк холдингінің акцияларын, Ұлттық Банктің банкті басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге негіз болған себептерді жоймаған жағдайда, осы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізу арқылы осы тұлғалардың акцияларын иеліктен шығаруға құқылы, бұл орайда акцияларды сатудан түскен ақша акциялары Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.
Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.";
32) 48-бапта:
атауындағы және мәтініндегі "оның күшін жою", "оның күшін жояды" деген сөздер "оны қайтарып алу", "оны қайтарып алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
а) тармақшасындағы "6-тармағының" деген сөздер "2 және 6-тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) тармақшасы "бұзу" деген сөздің алдынан "үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы м), н) және о) тармақшаларымен толықтырылсын:
"м) банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банк талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл Ұлттық Банктің банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
н) банктің инспекция жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.";
33) 48-1-бапта:
1-тармақта:
"лицензиясының күші жойылған" деген сөздер "лицензиясы қайтарылып алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Банк операцияларының" деген сөздердің алдынан "Барлық" деген сөзбен толықтырылып, одан кейінгі "Банк" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
5-тармағының екінші бөлігіндегі "Лицензиясының күші жойылған" деген сөздер "Лицензиясы қайтарылып алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 52-бапта:
мәтініндегі "ұжымдық кепілдік беру", "ұжымдық кепілдік беруді" деген сөздер "міндетті ұжымдық кепілдік беру", "міндетті ұжымдық кепілдік беруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "лицензиялау" деген сөз алып тасталсын;
35) 54-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бухгалтерлік, банктік және шоғырландырылған негізде есеп беруді қоса алғандағы өзге де есептің халықаралық стандарттарға сай келетін тізбесін, нысандарын, табыс етілу мерзімдерін Ұлттық Банк белгілейді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банктер Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде Ұлттық Банк сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады.";
36) мынадай мазмұндағы 54-баппен толықтырылсын:
"54-1-бап. Банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының есеп беруі
Банктің ірі қатысушысы өзінің қаржылық жағдайы мен қызметі туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде Ұлттық Банкке жыл сайын мәліметтер беруге тиіс.
Банк холдингі Ұлттық Банкке есеп берілген тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы қаржылық есепті, қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде аудитор куәландырмаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті, сондай-ақ:
банк холдингі қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын;
банк холдингі қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауын, оның жарғылық капиталындағы қатысу мөлшері мен үлесін, қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын, банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебін;
банк холдингінің ірі қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауын, жарғылық капиталға оның қатысу мөлшері мен үлесін, осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасын және қаржылық есебін қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін түсіндірме жазбаларды ұсынуға тиіс.";
37) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит";
38) 57-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит";
1-тармақтағы "ақпаратты аудиторлық тексеруді" деген сөздер "ақпарат аудитін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар Ұлттық Банкке табыс етуге тиіс.
Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.";
2-тармақтағы "банк қызметіне аудиторлық тексеру" деген сөздер "банк аудитін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Банк қызметін аудиторлық тексеру" деген сөздер "Банктерге аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі "Тексеру нәтижелерін", "Байқаушы кеңес пен" деген сөздер тиісінше "Аудит нәтижелерін", "Директорлар кеңесі мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлық ұйымның (аудитордың) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы қорытындысы жеке құжат түрінде ресімделеді және коммерциялық құпия болмайды.";
5-тармақтағы "жүргізілген аудиторлық тексеру туралы" деген сөздер "жүргізілген аудит туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілетін банктің немесе банк тобының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, Ұлттық Банк жолсыздықтар жойылғанға дейін: