10) нұсқамада, шешiмде көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындауға мiндеттi.
2. Монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкiмшiлiк тәртiппен айыппұлдар салуға құқылы.
22-бап. Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшiн жауаптылық
Монополияға қарсы заңдардың бұзылғанына кiнәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі, ҚР Қылмыстық кодексi қараңыз
23-бап. Рынок субъектiлерiнiң жауаптылығы
1. Рынок субъектiлерi мынадай құқық бұзушылықтар:
1) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешiмiн мерзiмiнде орындамағаны;
2) осы Заңның 17 және 18-баптарында көзделген тәртiптi бұза отырып iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасағаны;
3) монополияға қарсы органның осы Заңның 17-бабының 3-тармағына және 18-бабының 4-тармағына сәйкес қоятын заңды талаптарын орындамағаны;
4) құжаттарды не осы Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес табыс етiлуге тиiс өзге ақпараттарды монополияға қарсы органның талап етуi бойынша мерзiмiнде табыс етпегенi;
5) монополияға қарсы органға күмәндi мәлiметтер бергенi;
6) осы Заңның 17 және 18-баптарында көзделген өтiнiштер мен хабарламалар негiзiнде ақпарат берудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн айыппұл төлеу түрiнде жауапты болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген айыппұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
24-бап. Рынок субъектiлерi басшыларының, мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы
1. Рынок субъектiлерiнiң басшылары, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың (олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) лауазымды адамдары мынадай құқық бұзушылықтар:
1) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешiмiн мерзiмiнде орындамағаны;
2) монополияға қарсы органның талап етуi бойынша құжаттарды не оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты мерзiмiнде табыс етпегенi;
3) монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң өздерiне жүктелген міндеттемелерін орындауына кедергі келтіргені үшін әкiмшiлiк жағынан жауапты болады.
2. Рынок субъектiлерiн монополияға қарсы органның келісімiнсiз тiркеген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары осы Заңның 18-бабында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жағынан жауапты болады.
3. Жеке кәсiпкерлер мынадай құқық бұзушылықтар:
1) монополияға қарсы органның талап етуi бойынша құжаттарды не оның қызметiн жүзеге асыруға қажеттi өзге де ақпаратты мерзiмiнде табыс етпегенi;
2) осы Заңның 17 және 18-баптарында көзделген тәртiптi бұзатын iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасағаны;
3) монополияға қарсы органның осы Заңның 17-бабының 3-тармағына және 18-бабының 4-тармағына сәйкес қоятын заңды талаптарын орындамағаны үшiн әкiмшiлiк жағынан жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 3-тармақтарында көзделген айыппұлдарды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
5-тарау. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
мен шешімдерін қабылдау, оларға шағым жасау
және оларды орындау тәртібі
25-бап. Монополияға қарсы органдардың монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарауы үшiн негiздер
1. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңдарды бұзушылық фактілерін қарап, олар бойынша өз құзыретiнiң шегiнде нұсқамалар мен шешiмдер қабылдайды.
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық жөніндегі фактiлердi тексеру үшiн мыналар негiз болып табылады:
тауар рыноктарын талдау;
жеке, заңды тұлғалар мен өзге де мүдделi тұлғалардың арыздары;
мемлекеттік органдардың ақпараты;
құқық қорғау органдарының хабарламалары;
қоғамдық ұйымдардың өтiнiштерi;
бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;
басқа да мемлекеттік органдармен бiрлесiп жасалған тексерулер;
монополияға қарсы органның өз бастамасы.
2. Арыздар монополияға қарсы органға монополияға қарсы заңдарды бұзушылық фактілерін куәландыратын құжаттар қоса тiркелiп жазбаша нысанда берiледi.
3. Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық жөніндегі iстердi қарауды монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
26-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындау тәртібі
1. Монополияға қарсы органның шешiмi мен нұсқамасы онда белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс. Аталған шешiм мен нұсқаманы мерзімінде орындамау осы заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген салдарға апарып соқтырады.
Тәртiп бұзушылыққа дейiнгi жағдайды қалпына келтiру туралы шешiм мен нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган тәртiп бұзушылыққа дейiнгi жағдайды қалпына келтiруге мәжбүр ету туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн актiнiң күшiн толығымен немесе iшiнара жою туралы нұсқама мен шешiм орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган актiнi толығымен немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн шартты өзгерту немесе бұзу туралы не рыноктың басқа да субъектiсiмен шарт жасасу туралы нұсқама мен шешiм орындалмаған кезде, монополияға қарсы орган шартты толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы не шарт жасауға мәжбүр ету туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық нәтижесiнде алынған табысты бюджетке аудару туралы нұсқама мен шешiм орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган сотқа монополияға қарсы заңдарды бұзушылық нәтижесiнде алынған табысты бюджетке өндiрiп алу туралы талап қоюға құқылы.
2. Айыппұлды белгiленген мерзiмде төлеуден жалтарған немесе айыппұл толық мөлшерде төленбеген жағдайда, монополияға қарсы орган айыппұл сомасын, сондай-ақ айыппұл сомасының немесе оның төленбеген бөлiгiнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн 1 процент мөлшерiнде өсiм өндiрiп алу туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Монополияға қарсы орган кiнәлі тұлғадан өндiрiп алған айыппұл сомалары республикалық бюджетке оның жеке қаражатынан төленедi.
Айыппұл төлеу монополияға қарсы органның нұсқамасы мен шешiмiн орындау немесе монополияға қарсы заңдарда көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасау мiндетiнен босатпайды.
3. Нұсқама мен шешiм орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган өз нұсқамасы мен шешімін ерiксiз орындату үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.
27-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешiмдерiне шағым жасау тәртібі
1. Мемлекеттік органдар (олардың лауазымды адамдары), рынок субъектiлерi (олардың басшылары) монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешiмдерiн толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы не әкiмшiлiк шара қолдану жөніндегі шешімнiң күшiн жою немесе оны өзгерту туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Арыз беру монополияға қарсы органның нұсқамасы мен шешiмiн орындауды сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн ары сотта қаралып жатқан уақытқа тоқтата тұрады.
2. Талаптың ескіру мерзiмi қолданылмайтын шарттарды қоспағанда, монополияға қарсы органның нұсқамасы мен шешiмiне олар шығарылған күннен бастап 6 ай iшiнде шағым жасауға болады.
Қазақстан Республикасының