2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды
2-1-тарау.
Қазақстан Республикасының бәсекелестік және
монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының
сақталуы нысанасына тексеру жүргізу
16-1-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және
монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының
сақталуын тексерулердің түрлері мен нысанасы
1. Монополияға қарсы орган жүргізетін тексерулердің нысанасы нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасының сақталуы нысанасына монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
16-2-бап. Жоспарлы тексеру
1. Жоспарлы тексеру тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердің бүкіл кешенін қамтиды.
2. Жоспарлы тексеру жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.
3. Жоспарлы тексеру тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі мүмкін.
4. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда өздеріне қатысты тексеру жүргізілу көзделіп отырған тексерілетін субъектілердің тізбесі және тексеру жүргізілетін кезең қамтылуға тиіс.
16-3-бап. Жоспардан тыс тексеру
1. Монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген және Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы монополияға қарсы органға келіп түскен не дербес анықталған ақпаратты тексеру немесе анықтау үшін жүргізілетін тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге:
1) жеке және заңды тұлғалардың монополиялық қызметінің нәтижесінде өз құқықтарының бұзылғаны туралы өтініштері;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
3) монополияға қарсы органның тауар нарықтарын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәліметтер негізіндегі жеке бастамасы;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық мәселелері бойынша монополияға қарсы органның тексеру жүргізуінің нәтижесі негіз болады.
16-4-бап. Тексеруді ұйымдастырудың және жүргізудің
ерекшеліктерi
1. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқаманы қабылдап, тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді.
2. Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі данада жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға беріледі. Тіркеу туралы белгісі бар бір данасы істің материалдарына қоса тіркеледі.
3. Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі бар көшірмесі, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгісі жоқ тексерілетін субъектіге берілген тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
16-5-бап. Тексеру жүргізудің бағдарламасы мен мерзімдерi
1. Тексеру бағдарламасында:
1) тексеру жүргізудің мерзімі;
2) тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары, оларды іске асыру рәсімі;
3) тексеру барысында анықталуға тиіс мәселелер тізбесі мен мән-жайлар ауқымы;
4) тексеру жүргізудің кестесі;
5) тексерілетін субъекті қызметінің ерекшелігіне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.
2. Тексеру жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі мен алға қойылған міндеттер ескеріліп белгіленеді және тексеру жүргізу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
3. Тексерілетін субъекті қызметінің ерекшелігіне және жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты тексерудің заңда белгіленген мерзімде аяқталуы мүмкін болмаған жағдайларда монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелері және тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту қажеттігі туралы негіздемелер жазылған қызметтік жазбаны табыс етеді.
4. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексеру мерзімін ұзарту туралы белгіні енгізеді.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
5. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күні тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
6. Тексерілетін субъектіге тексеру нәтижелері туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс.
16-6-бап. Монополияға қарсы органның тексеру жүргізу кезіндегi
құқықтары
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргізген кезде:
1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін субъектінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткізуге;
3) тексерілетін субъектінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тексеруге қатысты қажетті ақпаратты, құжаттар мен олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді сұратуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелер алуға құқылы.
2. Тексерілетін субъектінің басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда оған тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі. Жазбаша сауалды тексерілетін субъектінің басшысына табыс ету мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабар берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерілетін субъекті туралы ақпарат таратуға жатпайды.
4. Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініш жасауға тыйым салынады.
16-7-бап. Тексеру нәтижелерi
1. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы тексеру аяқталғанға дейін тексерілетін субъектіге қатысты осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес монополияға қарсы ден қоюдың қажетті шараларын қолдануға құқылы.
2. Тексеру нәтижелері анықтамамен ресімделеді, онда барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылуға тиіс және ол екі данада жасалып, біреуі тексерілетін субъектінің басшысына беріледі.
3. Тексеру нәтижелері тексерілген деректер мен фактілердің негізінде анықтамаға жазылады, олар тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған қорытындылардың, ұсыныстардың және деректердің анықтамаға енгізілуіне жол берілмейді.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелері бойынша анықтамаға тиісті жазба жасалады.
5. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъектінің басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
6. Тексерілетін субъектінің басшысы тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.
7. Монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екінші данасын тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін тексерілетін субъектінің басшысына тапсырады.
Анықтаманы тексерілетін субъектінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда анықтама тексерілетін субъекті басшысының атына жеткізілгені туралы хабар берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.
16-8-бап. Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы
органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне
(әрекетсіздіктеріне) шағым жасаудың тәртібi
1. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект монополияға қарсы органның әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
3-тарау. Мемлекеттік бақылаудың жекелеген түрлері
17-бап. Рынок субъектiлерi мен олардың бiрлестiктерiн құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды мемлекеттік бақылау
1. Рынок субъектiлерi үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалану мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган:
тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын рынок субъектiлерiн құруға;
тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға;
заңды күшiне енгiзiлген сот шешiмi бойынша тарату жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн таратуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыру, тарату кезiнде монополияға қарсы органға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркеушi органға табыс ететiн құжаттарға қоса, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын рынок субъектiлерiн құруға, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға келісім беру туралы өтiнiш, тиiстi тауар рыноктарындағы қызметтiң негiзгi түрлерi мен өндiретiн және өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) көлемi туралы мәлiметтер енгiзедi.
Құжаттар тiзбесiн, оларды табыс ету мен қарау тәртібін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.
Монополияға қарсы орган қажет құжаттарды алған күннен бастап кейiн 30 күннен кешiктiрмей, өтiнiш иесiне қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Егер өтiнiштi қанағаттандыру рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюiне және (немесе) бәсекенi шектеуге әкеп соғуы мүмкiн болса не табыс етiлген құжаттарды қарау кезiнде оның iшіндегі шешiм қабылдау үшiн маңызды ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтiнi байқалса, монополияға қарсы орган өтiнiштi қайтаруға құқылы.
Монополияға қарсы орган бәсекенi қамтамасыз етуге бағытталған талаптар орындалған жағдайда өтiнiштi қанағаттандыруға құқылы. Бұл орайда көрсетiлген талаптар, сондай-ақ олардың орындалу мерзiмдерi монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы шешiмiнде болуға тиiс.
4. Рынок субъектiсi басқа рынок субъектiсiнiң активтерiн толығымен немесе iшiнара иеленген жағдайда, егер бұл тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн болса, ол монополияға қарсы органды хабардар етуге тиiс.
5. Егер монополияға қарсы орган ақпаратты алдын ала зерделегеннен кейiн, өзiн хабардар еткендей, рынок субъектiсiн құру, бiрiктiру, қосу бәсекенi шектеуге әкеп соғуы мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол рынок субъектiсiн құрудың, бiрiктiрудiң, қосудың монополияға қарсы заңдардың талаптарына сәйкестiгiн қосымша тексеру туралы шешiм қабылдайды.
Аталған шешiм монополияға қарсы орган хабардар ету туралы мәлiмдеменi алған күннен бастап 15 күн мерзiмде мәлiмдеушiге жiберiледi.
Монополияға қарсы орган түпкiлiктi шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген мерзiмде қабылдайды, мәлiмдеушiге ол туралы жазбаша нысанда хабарланады.
6. Рынок субъектiсiн құру, бiрiктiру, қосу бәсекенi шектеуге апарып соқтыруы мүмкiн жағдайларда құру, бiрiктiру, қосу туралы шешiм қабылдаған рынок субъектiлерiнiң құрылтайшылары, тұлғалар немесе мемлекеттік органдар монополияға қарсы органның талап етуiмен бәсекеге қажет жағдайларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
7. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда құру, бiрiктiру, қосу туралы шешiм қабылдайтын тұлғалар немесе мемлекеттік органдар мұндай шешiмдер қабылданғанға дейiн осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi өтiнiштердi қарауға мiндеттi монополияға қарсы органның келісімiн сұрауға құқылы.
8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда рынок субъектiлерiн мемлекеттік тiркеудi, сондай-ақ заңды тұлғаларды бiрыңғай мемлекеттік тiркелiмнен шығару туралы жазба енгізудi тiркеушi орган монополияға қарсы органның алдын ала келісім беруi арқылы ғана жүзеге асырады.
Монополияға қарсы органның алдын ала келісімiнсiз құрылған немесе қайта ұйымдастырылған рынок субъектiлерi мен олардың бiрлестiктерiн мемлекеттік тiркеу монополияға қарсы органның талабы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
9. Рынок субъектiлерiн осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiптi бұза отырып, рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюiне және (немесе) бәсекенi шектеуге апарып соқтыратындай етiп құру, бiрiктiру, қосу, монополияға қарсы органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қойған талаптарын орындамау монополияға қарсы органның талабы бойынша мемлекеттік тiркеудi сот тәртібімен жарамсыз деп тану үшiн негiз болып табылады.
18-бап. Рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайларды) иелену кезiнде және өзге де жағдайларда монополияға қарсы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Монополияға қарсы органның алдын ала келісім беруiмен жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшi негiзiнде мыналар жүзеге асырылады:
1) тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды (үлестердi, пайларды) тұлғаның (тұлғалар тобының) иеленуi, бұл жағдайда мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (үлестердiң, пайлардың) 20 проценттен астамына билiк етуге құқық алады. Бұл талап рынок субъектiсiнiң құрылуы кезiнде оның құрылтайшыларына қолданылмайды;
2) егер мәмiле нысанасын құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiгiнен шығарып отырған рынок субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының 10 процентiнен асса, рыноктың бiр субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) рыноктың басқа субъектiсiнен негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары немесе материалдық емес активтердi меншiкке алуы немесе пайдалануы;
3) тұлғаның (тұлғалар тобының) рынок субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайларын айқындауға не оның атқарушы органының қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иеленуi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар активтерiнiң жиынтық баланстық құны айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен 100 000 есе асатын немесе олардың бiреуi Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiсi болып табылатын не осы тармақта аталған рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылайтын тұлғалар тобы иеленушi болып табылатын жағдайларда, осы баптың 1-тармағында аталған мәмiлелердi жүзеге асыруға алдын ала келісім беру талап етiледi.
3. Жеке немесе заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағында аталған мәмiлелердi жасау үшiн монополияға қарсы органға оларды жасауға келісім беру туралы өтiнiш табыс етуге және монополияға қарсы орган бекiтетiн ақпараттар тiзбесiне сәйкес шешiм шығару үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Осы бапта көзделген мәмiлелердi жасауға мемлекеттік бақылауды осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген тәртiппен монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру рынок субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайын күшейтуге және (немесе) бәсекенi шектеуге апарып соқтыруы мүмкiн болса, сондай-ақ шешiм қабылдау үшiн маңызы бар ақпарат бұрмаланып табыс етiлген жағдайда, монополияға қарсы орган оны қайтаруға құқылы. Бәсекенi қамтамасыз етуге бағытталған талаптар орындалған жағдайда, монополияға қарсы орган өтiнiштi қанағаттандыруға құқылы. Бұл орайда аталған талаптар, сондай-ақ оларды орындау мерзiмдерi монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы шешiмiнде болуға тиiс.
5. Осы баптың бiрiншi тармағында аталған мәмiлелердi активтерiнiң жиынтық баланстық құны айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен 50 000 есе асатын тұлғалар жасаса, онда осы тұлғалар монополияға қарсы органды мәмiле жасалғаннан кейiн 15 күн мерзiмде хабардар етуге тиiс.
Активтерiнiң жиынтық баланстық құны айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен 50 000 есе асатын екi немесе одан да көп рынок субъектiлерiнiң немесе белгiлi бiр тауар тобы бойынша Тiзiлiмге енгiзiлген не бiр өндiру-өткізу процесiнiң әр түрлi сатыларындағы тауарлардың топтары бойынша Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiсiнiң атқарушы органына, директорлар кеңесiне (байқаушы кеңесiне) жеке тұлға қатысқан жағдайда осы тұлға аталған органдарға немесе кеңестерге кiргеннен (сайланғаннан) кейiнгi 15 күн мерзiмде монополияға қарсы органды хабардар етуi қажет. Монополияға қарсы органды хабардар еткен кезде мәлiмдеушi оған мәлiмдемемен бiрге осы баптың 3-тармағында көзделген ақпаратты табыс етедi.
6. Егер монополияға қарсы орган ақпаратты алдын ала зерделегеннен кейiн, оны хабардар еткендей, мәмiленi жасау рынок субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюiне және (немесе) бәсекенi шектеуге апарып соқтыруы мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол аталған мәмiленiң монополияға қарсы заңдардың талаптарына сәйкестiгiн қосымша тексеру туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiм монополияға қарсы орган хабардар ету туралы мәлiмдеменi алған күннен бастап 15 күн мерзiмде мәлiмдеушiге жiберiледi.
Монополияға қарсы орган түпкiлiктi шешiмдi осы заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмдер iшiнде қабылдайды, мәлiмдеушiге ол туралы жазбаша нысанда хабарланады.
7. Осы баптың 5-тармағында көзделген iс-әрекеттер рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюiне және (немесе) бәсекенi шектеуге апарып соқтыруы мүмкiн жағдайларда аталған iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғалар монополияға қарсы органның талап етуiмен өздерiне белгiленген мерзiм iшiнде бәсекеге қажеттi жағдайларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар қабылдауға мiндеттi.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда, тұлғалар аталған iс-әрекеттердi жасауға монополияға қарсы органның келісімiн алдын ала сұрауға құқылы, бұл орган тиiстi өтiнiштердi белгiленген тәртiппен қарауға мiндеттi.
9. Осы баппен белгiленген тәртiптi бұза отырып жасалған, рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюiне және (немесе) бәсекенi шектеуге апарып соқтыратын мәмiлелер монополияға қарсы органның талабы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Монополияға қарсы органның осы баптың 4 және 7-тармақтарына сәйкес шығарған нұсқамасы мен шешiмiн орындамау монополияға қарсы органның талабы бойынша мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн сотқа жүгiнуге негiз болып табылады.
Осы баптың талаптарын монополияға қарсы органның мәмiлелер жасауға келісімiн (хабарламасын) алу бөлiгiнде бұзу заң актілеріне сәйкес айыппұл санкцияларын салу үшiн негiз болып табылады.
19-бап. Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн ерiксiз бөлу, бөлiп шығару
1. Үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi күнтiзбелiк жыл iшiнде монополияға қарсы заңдарды бәсекенi шектеу бағытында екi немесе одан да көп рет бұзған жағдайда, егер бәсекенi дамытуға себi тиетiн болса, монополияға қарсы орган оларды ерiксiз бөлу немесе олардың құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалар бөлiп шығару талабымен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Рынок субъектiсiн ерiксiз бөлу, бөлiп шығару мынадай шарттардың жиынтығы:
1) оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкiндiгi;
2) оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында тығыз технологиялық өзара байланыс жоқ (атап айтқанда, егер рынок субъектiсi тұтынып отырған оның құрылымдық бөлiмшесi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) көлемi осы құрылымдық бөлiмше өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) жалпы көлемiнiң 30 процентiнен аспаса);
3) қайта ұйымдастыру нәтижесiнде бөлiп шығарылған заңды тұлғаның белгiлi бiр тауар рыногында өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгi болған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Рынок субъектiсiн ерiксiз бөлу, бөлiп шығару туралы шешiмдi меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган аталған шешiмде көзделген талаптарды ескере отырып және онда белгiленген алты айдан кем емес мерзiмде орындауға тиiс.
4. Рынокта монополист болып саналатын және онда үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiн бөлу, бөлiп шығару мүмкiн болмайтын немесе қисынды болмайтын жағдайда оған тiркелген бағалар белгiлеудi қоса алғанда, монополияға қарсы ықпал етудiң өзге де шаралары қолданылады.
5. Егер рынок субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайы тауар рыногында теңдесi жоқ тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруды ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болса, ерiксiз бөлу, бөлiп шығару туралы шешiм осы үстем (монополиялық) жағдай пайда болған кезден бастап бiр жыл өткен соң ғана қабылдана алады.
20-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеудi енгізу
Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерi тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуiнiң) бағаларын мемлекеттік реттеудi енгізу туралы шешiмдi монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережелерге сәйкес қабылдайды.
4-тарау. Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық
21-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын, шешiмдерiн орындаудың мiндеттiлiгi
1. Монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда рынок субъектiлерi (олардың басшылары), мемлекеттік органдар (олардың лауазымды адамдары) монополияға қарсы органның нұсқамаларына, шешiмдерiне сәйкес тәртiп бұзушылықты тоқтатуға, оның iшiнде:
1) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешiмiн ол белгiлеген мерзiмде орындауға;
2) келтiрiлген шығынды өтеуге;
3) монополияға қарсы заңдарды бұзушылық нәтижесiнде алынған монополиялық табысты бюджетке аударуға;
4) осы Заңды бұзушылықты тоқтатуға және (немесе) олардың салдарын жоюға;
5) орын алған тәртiп бұзушылыққа дейiнгi жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада, шешiмде көрсетiлген өзге де iс-әрекеттердi жасауға;
6) монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңдарға сәйкес келмейдi деп таныған актiлердiң күшiн жоюға;
7) шартты бұзуға немесе оған өзгерістер енгізуге;
8) рыноктың басқа субъектiсiмен шарт жасасуға;
9) белгiленген талаптар мен мерзiмдердi сақтай отырып, бөлу немесе бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруға;