Жоғарыда санамаланған міндеттердің іске асырылу қажеттілігі осы почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған осы бағдарламаны қабылдауға себеп болды.
Бағдарлама Қазақстан-2030 Даму стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама почта саласының негізгі мақсаттарын, міндеттерін және даму бағыттарын айқындайды және жоспарланған іс-шаралардың кезең-кезеңмен орындалуын, сала дамуының қазақстандық бүкіл экономиканың реформалануымен тығыз байланысуын көздейді. Бағдарламаны іске асыру 2 кезеңмен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың
негізгі бағыттары
Бірінші кезең (2000-2001 жылдар)
Нормативтік құқықтық базаны дамыту
Таяудағы уақытта Қазақстан Республикасының "Почта туралы" Заңын қабылдау қажет. Бұл заң почта секторының нормативтік құқықтық базасын дамыту үшін негіз болуы тиіс. Заңды қабылдау почталық байланыс саласындағы құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық реттеу негіздерін айқындауға, сондай-ақ почта байланысының қызметін көрсететін немесе пайдаланатын мемлекеттік органдардың өкілеттігін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазіргі кезде заң жүзінде почталық, қызмет көрсетулер рыногында халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін көптеген компаниялар жұмыс істейтіндіктен "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жолымен почталық байланыстың қызмет көрсетулерін табиғи монополиялар қызметінің саласынан шығару қажет.
Почта жүйесін реформалау процесін қолдау мақсатында өткен жылдардың бюджетіне салық және басқа да төлемдер жөніндегі берешектерді өтеу кестесін дайындау қажет болады.
Почталық алмасуды ұлғайту халықаралық жолдама заттарды 31 килоға дейін және құны 1000 АҚШ долларына дейін кедендік баждан босату арқылы ынталандырылуы тиіс.
Мерзімді басылымдарды жеткізу және жолдау жөніндегі қызметтер көрсетуді көптеген компаниялар (оның ішінде шетелдіктерде) көрсететіндіктен, қызмет көрсетулердің осы түрін табиғи монополистердің мемлекеттік тізіліміндегі монополиялық санынан алып тастау орынды.
Почта-жинақ жүйесі қаржы институтының ерекше түрі болып табылады және соған сәйкес реттеудiң жеке тетiгiн әзiрлеуді қажет етедi. Демек, қаржылық-банктiк саланы реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының банктер мен банктiк қызметтер туралы" Заңын қоса алғанда, өзгерістер енгізу, сондай-ақ уәкiлеттi органдармен (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы) қолданыстағы жаңа нормативтік құқықтық актілердi жетiлдiру және оның ішінде қадағалау мен есеп беру мәселелерін реттейтiн актiлердi басып шығару қажет.
Почта-жинақ жүйесiн құру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір банкілік операциялар түрлерiн жүзеге асыруға бар лицензия негізінде халықтың жинақ ақшаларын, кейіннен оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру арқылы жұмылдыру оның функцияларының бірі болып табылатын толыққанды почта-жинақ жүйесін құру үшін ұлттық почта желісі пайдаланылатын болады.
Почта-жинақ жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам "Халықтық Банк" инфрақұрылымындағы жекелеген секторларды почта байланысының жалпы пайдалану операторына, ең алдымен аудандық және ауылдық деңгейде беру болуы тиіс.
Осы iс-шара почта жүйесiнiң ғана емес. "Халықтық Банктің" де тиiмдiлiгін арттыруға әкелуi тиiс. Филиалдардың тармақталған желiсiнің жұмыс iстеу рентабельділігі едәуiр артады, ол "Қазпочта" бөлімшелерінің аймақтық желісін бүгінгі деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді. Филиалдық желіні оңтайландыру үй-жайларды қайта құруға, ұстауға және пайдалануға, "Қазпочта" бөлiмшелерi мен тораптарын жаңартуға, қызметшілерді оқытуға және жарнамаға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкiндiк бередi. Осылайша, почта байланысы ұлттық операторының "Халықтық Банкпен" бiрлесуі екi институттың да шығыстарын төмендетеді және халықтың жинақ ақшаларын жұмылдыру көлемдерiн арттыруға ықпал етедi.
Почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру мынадай iс-шараларды:
- почта жүйесiне "Халықтық Банктің" аудандық филиалдары мен банк бөлiмшелерi деңгейiнде аймақтық инфрақұрылымды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, өзге де негiзгi құралдарды және мүкаммалды, сондай-ақ өтелген төлемдiк технологиялар мен салымдарды, төлемдердi есепке алу жүйесiн қоса алғанда, бiрте-бiрте берудi;
- почта саласының зейнетақылар, жәрдемақылар және бюджеттік өзге де әлеуметтiк төлемдердi бiрте-бiрте қайтаруды;
- мемлекеттік бюджеттік мекемелерге, көлiк-коммуникациялық кешеннің кәсiпорындарына және басқа ұйымдарға айлық жалақыны, стипендияларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi төлеу бойынша қызмет етудi;
- "Халықтық Банкпен" бiрлесiп коммуналдық төлемдер және салықтарды жинауды ұйымдастыруды;
- "Қазпочта" бөлiмшелерiнде ашылған барлық жеке есеп-шоттарды салымдар бойынша пайыздарды автоматты қосу және операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн орталықтандырылған жүргiзудi;
- екінші деңгейлі банктерге заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөніндегі агенттік қызмет көрсетулерді;
- корреспонденттік есеп-шоттардың меншікті жүйесінің қалыптастырылуы аяқталғанға дейін почта-жинақ жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі "Халықтық Банктің" жеңілдік тарифтерінің орнатылуын;
- материалдық базаны және техникалық жарақтандыруды жақсартуды;
- почта-жинақ желісін жаңарту және оның негізінде қазіргі заманғы меншікті төлемдік жүйені құруды орындау барысында жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, банк филиалдарының желісі нашар ауылдық жерде почта заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын болады.
Почтаны компьютерлік және бағдарламалық қайта жарақтандырудың
басталуы. Жаңа технологияларды енгізу
Почта байланысын ақпараттандыру кешенді сипат алады және меншікті ақпараттық инфрақұрылымды құруды көздейді. Ол мыналарға:
- өңдеудің бірыңғай компьютерлік орталығын құруға;
- электрлік байланыс арналары бойынша ақпараттың сенімді, жүрдек және қорғанысты берілуін ұйымдастыруға;
- дәстүрлі емес жаңа қызмет көрсетулерді игеруге;
- почта байланысының технологиялық, жедел-шаруашылық және басқарушылық міндеттерін қамтамасыз етуге;
- саланың жаңа техникалық және ақпараттық-технологиялық базадағы бар желісі мен өндірістік әлеуетін қолдауға және дамытуға бағытталады.
Бағдарламаның бірінші кезеңі ішінде почта байланысы басым міндет болады және мынадай:
- EDIFACT стандартындағы электрондық құжаттық айналымның жүйесін әзірлеу және енгізу;
- "Халықтық Банкпен" бірлесіп, кіші процессорлы пластикалық карталар негізінде ақшасыз есеп айырысулар жүйесін құру;
- іздеу және басқа да ақпараттық қызметтер көрсететін өз сервері бар ақпараттық-талдау Интернет орталығын құру;
- почта арналары бойынша тауарларды жеткізу арқылы электрондық сауда жүйесін құру іс-шараларының жүзеге асырылуымен сипатталады.
Ақпараттық жүйенің модульдік құрылысы келешекте елеулі шығындарсыз өңдеуге, жаңаларды қосуға және бар автоматтық жүйелерді жетілдіруге мүмкіндік береді.
2000-2001 жылдар ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Мұндай жүйені енгізу күн сайын транзиттік, келіп түсетін және жіберілетін халықаралық почта жөнелтілімдері, олардың саны туралы ақпарат алуға, олардың жолын және өту мерзімдерін бақылап жүруге мүмкіндік береді.
Бұдан әрі, халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау модулі негізінде барлық тіркелетін почта жөнелтілімдерін толық бақылау модулі құрылады, онда Батыс Еуропаның почта әкімшілігінің талаптарына сәйкес кесетін машина оқитын реквизиттерді пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады.
Мәліметтерді өңдеуді компьютерлеу және автоматтандыру қаржылық және өндірістік есепке алудың қазіргі технологиясын енгізуге, уақытылы басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті жедел есеп беруді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік және басқарушылық есептің автоматтандырылған жүйесі құрылатын болады, ол қаржы жағдайы мен почта жүйесінің барлық бөлімшелері мен филиалдарында өндірістік қызмет туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Көлік паркін жаңарту, инкассация және күзет қызметін дамыту
Ұлттық почта желісінің көлік паркі қазіргі уақытта моральды және физикалық тозған және жедел жаңартуды қажет етеді. Онсыз почта жөнелтілімдерін алудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерге жеткізуге кепілдік беру, почта байланысы операторының қаржылық жағдайын түбегейлі жақсарту мүмкін емес, өйткені ескірген паркті ұстауға арналған шығындар қазіргі заманғы техниканы ұстау шығындарынан жоғары.
Жалпы пайдаланымдағы почта байланысы желісі операторының құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметке арналған лицензиясы болады, оның облыстық филиалдарда қолма-қол ақшаларды инкассациялау, құндылықтарды тасымалдау және Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша бағалы жүктерді алып жүру жөніндегі қызметтер көрсететін инкассациялау қызметтері ұйымдастырылған; құндылықтарды Қырғызстанға және Ресейге тасымалдау, сондай-ақ шет елден түсетін құндылықтарды қарсы алу, ресімдеу және алып жүруі мүмкін.
2000 жыл ішінде "Халықтық Банк" автокөлік пен жабдықтарды қоса алғанда инкассация қызметінің кешенін беру жоспарланып отыр. Бұдан басқа почта байланысын жетілдіру жобасын іске асыру шеңберінде "Қазпочтаның" қалалық филиалдары үшін арнайы автокөлік және өзге де техника сатып алу туралы мәселе шешілетін болады.
Көрсетілген іс-шаралар қызмет көрсетудің осы түрінің жаңа тұтынушыларын тарту есебінен қолма-қол ақшаларды тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа қызмет көрсетулердің спектрін кеңейту және енгізу
Почтаның әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында агенттік қызмет көрсетулер желісін құру, дамыту және бар қызмет көрсетулерді жандандырудың қатарында олардың мынадай жаңа түрлерін енгізу:
- "Почтажабдықтау" еншілес кәсіпорнының базасында электрондық коммерция жүйесін ұйымдастыру;
- тапсырыс бойынша жолданым саудасы жүйесінің шеңберінде сервистік қызмет көрсетулерді ұсынумен "Тауарлар - почтамен" каталогы бойынша сауданы дамыту және ұйымдастыру;
- почта лотореясын шығару;
- салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу бойынша жеке және заңды тұлғалардан төлемдер қабылдау;
- салымшыларды шарт жасасуға тарту және зейнетақы жинағы туралы хабарландыруды жеткізу бойынша зейнетақы қорларына агенттік қызмет көрсету;
- бағалы қағаздарды портфельмен және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыратын банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, брокер-дилерлермен, ұйымдармен және өзге де банктік емес қаржы мекемелерімен ынтымақтасу ұсынысы жоспарлануда.
Почта жарнамасы саласында ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемін айрықша арттыру жоспарланып отыр.
EMS Kazpost курьерлік қызметін құру және дамыту
EMS Kazpost курьерлік қызмет құру бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінде EMS халықаралық кооперативте толық құқылы мүшелігіне және оның іс-шараларына қатысу, шетелдік почта әкімшіліктерімен және компанияларымен шарт жасасу, филиалдарда курьерлік қызметті ұйымдастыру, әуежайларда жедел-жөнелтілімдерді өңдеу учаскелерін ұйымдастыру, курьерлік почтаны қайта жөнелту бойынша авиакомпаниялармен шарт жасасу, шетелге жолданған жөнелтілімдер үшін сақтау (штрих кодтар) жүйесін әзірлеу және енгізу, бірыңғай фирмалық стильді, курьерлік нысанның логотипін енгізу арқылы қол жеткізу жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметті жүзеге асыру және
трансфер-агенттің қызмет көрсетулерін ұсыну
Қазіргі кезде "Қазпочта" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының лицензиясын иелене отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздардың бірінші және екінші рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырады.
Почта-жинақ жүйесін дамытудың бірінші кезеңінде почта саласының техникалық және ақпараттық қайта жарақталуы процесімен өзара байланысты клиент-инвесторлардың заңды тұлғалардың есебінен сияқты жеке тұлғалар да санының ұлғаюы болады.
"Қазпочта" Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының лицензиясын алуды жүзеге асыру жоспарлануда. Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларындағы "Қазпочта" бөлімшелерінің базасында компьютерлендірудің алғашқы кезеңінің аяқталуы бойынша құнды қағаздар рыногында әрекет етіп әртүрлі қаржы институттарының арасында және олардың клиенттерімен құжаттарды қабылдау-тапсыруды жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарын, сондай-ақ жеке тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілені жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құнды қағаздарды сатып алу-сату пункттерін ашу жоспарлануда. Бұдан басқа Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалалардың "Қазпочта" бөлімшелерінің қызметшілерін Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейіннен Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының біліктілік куәлігін алу арқылы бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстар үшін мамандарды оқытуды ұйымдастыруға және жүргізуге рұқсаты бар оқу орталықтарында оқыту бағдарламасын іске асыру жоспарлануда.
Кадрларды қайта даярлаудың көп деңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру
Қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру - бұл почта қызметкерлерінің кәсіби дамуының және оның сапалық сипатын жақсартудың негізгі жолдары.
Жоғары және орта деңгейлі қызметкерлер жылына бір рет Алматы қаласының жоғары оқу орындарындағы, ТМД қалаларының оқу орталықтарындағы оқу бағдарламасы шеңберінде біліктіліктерін арттырады, ал жоғары деңгейлі қызметкерлер халықаралық орталықтарда оқудан өтеді. Сала мамандарының Қытай, Германия, Франция, Жапония, Швейцария және жекелеген елдермен - Әлемдік почта одағы мүшелерімен ынтымақтастық туралы жасалған келісім шеңберінде басқа да елдерде тағылымдамадан өту жоспарлануда.
Алматыда филиалдардың орта буын және почта байланысы операторының орталық аппаратының қызметкерлері үшін оқу орталығы құрылатын болады, онда қызметшілердің қазіргі қаржы қызмет көрсетулерін, жаңа почта қызмет көрсетулерін, жаңа техника мен технологияны игеру жөніндегі оқу курстары ұйымдастырылатын болады.
Почтаның тармақталған аймақтық желісі болғандықтан, төмен және орта буынды қызметкерлерін даярлау қызметшілермен жұмыс жөніндегі басқару бағдарламасына сәйкес дайындау жөніндегі аймақтық орталықтарда жүргізілетін болады. Бұл бағдарламалар почта қызметінің барлық салалары бойынша әзірленетін болады және қазіргі үрдістерді ескере отырып жаңартылатын болады. Біліктілікті арттыруды Алматы қаласында немесе шетелдерде оқудан өткен облыстық филиалдардың қызметкерлері, сондай-ақ орталық аппарат қызметкерлері жүзеге асыратын болады.
"Халықтық Банкпен" бірлескен халыққа қаржылық қызмет көрсетулер саласында тартылған қызметшілерді оқыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Почта қауіпсіздігінің жүйесін жетілдіру
Почта байланысын дамытудың маңызды бағыты почта қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру болып табылады. Почта қауіпсіздігі техникалық құралдар кешенін, ұйымдастырушылық рәсімдерді, кадрларды іріктеу жүйесін және басқа да:
- почта жөнелтілімдерінің сақталуын;
- азаматтардың маңызды конституциялық құқығы болып табылатын хат алмасу құпиясын;
- қауіпті салымдарды табуды;
- почта байланысының желісін сырттан енуден қорғауды;
- почта қызметкерлерінің, сондай-ақ почта қызмет көрсетулерін пайдаланушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұрады.
Халықаралық почта байланысы стратегиясын анықтай отырып, Әлемдік почта одағы "Қауіпті тауарлар" арнайы бағдарламасын әзірледі, оның жұмысы (жолдама зат, бандерольдер, шағын пакеттер мен хаттар және т.б.) жарылғыш құрылғылармен, қарумен, оқ-дәрілермен, радиоактивті көздермен және басқа да қауіпті салымдары бар почта жөнелтілімдерін табу жоспарында құрылады. Халықаралық статистика көрсеткендей жыл сайын почта қауіпсіздігінің бөлімшелері 120 астам жарылғыш құрылғылармен почта жөнелтілімдерін белгілейді. Тек АҚШ-та жыл сайын 80 осындай жолдама заттар мен бандерольдер табылады.
Соңғы жылдары халықаралық терроризмнің проблемасы шиеленісіп кетті және осының салдары ретінде Орталық Азия елдері арқылы оқ-дәрілер мен қару-жарақ тасымалдауға тырысу саны өсті. Есірткі сатушылар Қазақстанды есірткі тасымалдауға арналған транзиттік бағыт ретінде пайдалана бастады. Қазақстан шекарасының ашықтығы қауіпті жүктерді өткізу үшін елдің көліктік және почталық желісін пайдалануға қылмыстық "экспедиторларды" тартады. Осы фактілер почта қауіпсіздігінің жүйесін жетілдірудің табанды қажеттілігін растайды.
Почта жөнелтілімдерінің қауіпсіздігі клиент үшін бәсекелестік күрестегі факторлардың бірі болуда. Тек қажетті экономикалық және техникалық әлеуетті меңгерген ірі почта ұйымдары қазіргі жоғары деңгейдегі почта қауіпсіздігінің жүйесін ұйымдастыруға қабілетті.
Почта қауіпсіздігін нығайту мақсатында халықаралық озық тәжірибені зерделеу, қазіргі заманғы әдістерді тарату және ішкі почта желісін қарудың, оқ-дәрілердің және басқа да қауіпті тауарлардың заңсыз айналымы үшін пайдаланудың жолын кесу мақсатында барлық аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құралдарды енгізу, почта жөнелтілімдерінің сақталуын арттыру қажет.
Почта желісін ақпараттандыру қажетті, бірақ почта қауіпсіздігінің қазіргі заманғы жүйесін құруға жеткіліксіз жағдай болып табылады. Арнайы жабдықты сатып алу және бағдарламалық қамтамасыз ету, почта жөнелтілімдерінің өтуін бақылау және қауіпті салымдарды табудың қазіргі әдістерін оқыту қажет. Бұл іс-шаралар белгілі бір шығындарды және оларды қаржыландыру көздерін іздеуді талап етеді. Бірінші кезеңде Әлемдік почта одағының Халықаралық бюросының және шетелдік почта әкімшіліктерінің көмегімен Қазақстанда почта қауіпсіздігінің қазіргі заманғы қызметін құру жобасы әзірленетін болады, одан соң жобаны іске асыруды қаржыландыру көздерін іздеу басталады.
Қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақтанған, білікті кадрлармен толықтырылған почта қауіпсіздігінің ішкі қызметі почта желісінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Почта қызметін кез келген пайдаланушы хаттардың, жолдама заттардың, бандерольдердің және басқа да почта жөнелтілімдерінің сақталатынына сенімді болуы тиіс, сонымен бірге, оның хат алмасу құпиялылық құқығын ешкім бұзбайды.
Бірінші кезеңнің міндеттерін іске асырудың нәтижесі қызмет көрсетудің сапасы мен спектрі болып табылады. Кірістердің өсуі және ұсынылатын қызмет көрсетулердің өзіндік құнының төмендеуі саланы рентабельділік тұрақтылық деңгейіне шығарады.
Екінші кезең (2002-2003 жылдар)
Компьютерлік және бағдарламалық қайта жарақтандыруды аяқтау.
Жалпы республикалық ақпараттық желі құру.
Қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін енгізу.
Екінші кезеңде саланың барлық бөлімшелерін компьютерлендіру базасында өндірістік қызметті толық автоматтандыру жүзеге асырылатын болады.
Техникалық жаңғыртуды аяқтау және шағын автоматтандырудың қаражатын пайдалану почта жөнелтілімдерін есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Жүйе машина оқитын реквизиттерді, жөнелтілімдерді таңбалау және іріктеу үшін тану тетіктерін пайдаланумен құрылатын болады.
Жазбаша хат-хабарлардың өтуін едәуір жеделдету арқылы байланыс тораптары арасында электронды түрде берілетін гибридті почта деп аталатынды пайдалана отырып, қол жеткізуге болады. Бұл ретте құпиялылыққа техникалық құралдарды пайдалану арқылы және хаттарды беру тізбегінде қол еңбегінің болмауымен қол жеткізіледі.
Почта-қаржы ұйымында почта жүйесін өзгертуді аяқтау
Почта жүйесінің базасында Қазақстанның барлық аумағында қаржылық қызмет көрсетулердің кең спектрін ұсынуға қабілетті почта-қаржылық институтын құру аяқталатын болады.
Халықтан депозиттер қабылдау жөніндегі пункттер желісі кеңейтілетін болады.
"Қазпочта" бөлімшелерін компьютерлендіру және барлық бөлімшелерді қамтитын ақпараттық желіні құру нәтижесінде клиенттің "Қазпочта" бөлімшелерінің көпшілігіне қазіргі заманғы технологиялық деңгейде қаржылық қызметтер алуға мүмкіндігі болады.
Почтаның жұмыс істеу тиімділігін әрі қарай арттыру мақсатында почта-жинақ жүйесін дамытуға "Халықтық Банкті" жекешелендіруден түсетін қаражаттың бір бөлігін беру мүмкіндігі қаралады.
Жинақтық қызмет көрсетулер рыногында почта Республиканың жүйе құрушы банктерінің үлесімен салыстыратындай секторды алады.
EMS Kazpost курьерлік қызметін дамыту
EMS Kazpost курьерлік қызметі жұмысындағы басым бағыт, оны жандандыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты мынадай:
- Қазақстан бойынша EMS Kazpost курьерлік қызметінің жүйесін автоматтандыру;
EMS халықаралық кооперативінің жүйесіне сәйкес келетін бақылаудың компьютерлік жүйесін енгізу міндеттері шешіледі.
Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттің қызмет көрсетуі бойынша желілерді әрі қарай дамыту
"Қазпочтаның" ірі бөлімшелерінде тиісті қызметшілерді даярлаумен бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттің қызмет көрсетулері бойынша желілерді әрі қарай кеңейту көзделуде.
Оңтайлы әлемдік почта сызбасының орталық-азиялық секторын құру
Қазіргі кезде почта сызбасы, бағыттар картасы негізгі іріктеу пункттерінің орналасуы мемлекеттер шекараларының шегінде оңтайландырылған. Бұл почта операторларының шығынын ұлғайтады, қызмет көрсетулер құнын арттырады және жеткізу мерзімін ұзартады.
Әлемдік почта сызбасының орталық-азиялық секторын әзірлеу және іске асыру барлық қатысушы мемлекеттердің почта желісінің тиімділігін едәуір жоғарылатады, клиенттер почтаны жеделірек және төмен тариф бойынша алу мүмкіндігін алады.
Осы Бағдарламаны іске асырудың нәтижесі халыққа жоғары жылдамдықпен және ақпараттар мен төлемдердің өту сапалылығымен, жинақ-ақшалардың сақталуымен, қаржылық өнімдердің, сондай-ақ халыққа арналған тауарлар мен басқа да қызмет көрсетулердің кең номенклатурасымен қазіргі деңгейде байланыстың кең спектрлі қызметін, қаржылық және өзге де қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы почта кеңселерінің тармақталған желісі пайда болуы болып табылады. Бұл ретте жоғары қаржылық тұрақтылық және тәуелсіз отандық және халықаралық операторлармен бәсекелесу жағдайында компания-почта байланысы операторының рентабельді жұмысы қамтамасыз етілетін болады. Қазақстан Республикасының халқы үшін бұл өмір сапасының жоғарылағанын және азаматтардың конституциялық құқығының аса толық іске асқанын білдіреді.
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
"Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын" қаржыландыру Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен 12 жыл мерзімге, оның 3 жылы жеңілдік, жылына 5,5% жалпы сомасы 9 миллион АҚШ долларына қаржыландыру жоспарлануда.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Почта саласы мемлекеттің ақпараттық және әлеуметтік инфрақұрылымының аса маңызды компоненттерінің болып табыла отырып, азаматтардың ақпаратты алуға, таратуға және беруге конституциялық құқығын қамтамасыз етеді. "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын" іске асыру халықтың еркін ақшалай қаражатын тарту үшін жаңа қаржылық қызмет көрсетулерді, қазіргі заманғы технологияларды және алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін пайдаланумен, тиімді почта-жинақ жүйесін қалыптастыру жолымен почта байланысының бар желісін сақтау мен жетілдіруге, республика халқына дәстүрлі почталық қызметті тез және сапалы көрсетуге жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бағдарлама, сондай-ақ ауылдық жерлерде зейнетақы реформасын дамытуды және сақтандыруды көздейді. Экономиканың осы саңылауды аяғына дейін игерілмей қалып отыр, ол почта саласын игеруге және дамытуға артықшылық береді. Сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат тартпай, халықаралық почтаны жеткізу жылдамдығына және сапасына кепілдік береді.