Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ
жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік, өндірістік және қаржылық инфрақұрылымының маңызды бөлігі ретінде ұлттық почта желісінің мәнін тани отырып, почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 15 қарашадағы
№ 1716 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың
және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың
2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасының почта саласын
дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың
2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының
Паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының почта
саласын дамытудың және почта-
жинақ жүйесін қалыптастырудың
2000-2003 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
негіз 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367
қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000-2002
жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2000-2001 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Көлік
бастамашысы және коммуникациялар министрлігі,
"Қазақстанның халық банкі" ашық
акционерлік қоғамы, "Қазпочта"
ашық акционерлік қоғамы
Бағдарламаның негізгі Қазақстан Республикасының Көлік
әзірлеушілері және коммуникациялар министрлігі,
"Қазақстанның халық банкі" ашық
акционерлік қоғамы, "Қазпочта"
ашық акционерлік қоғамы
Іске асыру мерзімі 2000-2003 жылдар
Бағдарламаның мақсаты тиімді почта-жинақ жүйесін
қалыптастыру
Бағдарламаның міндеттері почта саласын қазіргі заманғы
техникамен жарақтандыру,
корпоративті ақпарат желісін құру
және республика халқына жылдам
және сапалы қызмет көрсету үшін
жағдайлар жасау
Негізгі іс-шараларды Қазақстан Республикасының почта
орындаушылар саласын дамытудың және почта-
жинақ жүйесін қалыптастырудың
2000-2003 жылдарға арналған
бағдарламасының бірінші кезеңін
іске асыру жөніндегі 2000-2001
жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарында анықталған
Қаржыландыру көлемі мен Ислам Даму Банкінің қаражаты
көздері есебінен жалпы сомасы 9 миллион
АҚШ долларына 12 жыл мерзімге
қаржыландыру
Күтілетін түпкі нәтижелер Қазақстанның почта байланысы
Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағын дерлік қамтитын және
Қазақстанның кез келген азаматын
почта-жинақ қызмет көрсетуімен
қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар кең
филиалдық желілі қуатты жеткізу
жүйесіне ие болады
Кіріспе
Почта байланысының желісі ел үшін маңызды міндетті - азаматтардың ақпарат алуға, таратуға және беруге арналған конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету міндетін орындайды.
Почта байланысы неғұрлым бұқаралық хабарламаларды, құжаттар мен тауарларды беруге арналған арна болып табылады. Почта байланысының қызмет көрсетуіне тән тұтынудың бұқаралық әлеуметтік сипаты оны қоғамдық өндірістің инфрақұрылымына жатқызады. 80-жылдардың аяғында басталған әлемдік почтаны коммерцияландыру кезеңінде экономиканың осы секторының дәстүрлі қатаң орталықтандырылған құрылымы почтаны уақытша және материалдық аз шығындармен қайта құрылымдауға мүмкіндік берді. Мемлекет тарапынан болатын қатаң бақылаудан тиісті нормативтік құқықтық кесімдер арқылы жалпы қадағалауға көшкеніне қарамастан, бүкіл әлемде почта өзінің әлеуметтік міндеттерін жоғалтқан жоқ. Коммерцияландыру неғұрлым жоғары сапалы жаңа қызметтер көрсетуді ұсынуға, сондай-ақ қолда бар өндірістік резервтерді пайдалануға негізделді. Почта қызметімен қатар, почтаның рентабельділігі мен қызмет көрсетудің әмбебап кешеніне қол жеткізген тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыратын қаржылық қызметтер де көрсетіле бастады.
Почта байланысы нарықтық экономиканы қалыптастыру мен қоғамды ақпараттандыру жағдайында кәсіпкерліктің, қаржы-жинақ қызметтерін көрсетудің, бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына септігін тигізетін нарықтық және ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементіне айнала бастады. Қазақстан Республикасының ерекшелігін, оның үлкен аумағын, көлік желісінің дамымағанын, халық тығыздығының төмендігін және елді мекендердің бір бірінен шалғай орналасқандығын ескерсе, почта байланысының тиімділігін арттыру қажеттілігі көп есе арта түседі.
Бағдарламаның стратегиялық мақсаты қазіргі заманғы технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың прогрессивтік нысандарының негізінде почталық та, қаржылық та қызметтер көрсетудің кең спектрін ұсынатын тиімді почта-жинақ жүйесін қалыптастыру болып табылады. Алға қойылған мақсатқа ол жеткізу мемлекеттің саланы дамытуға белсенді қатысуын, барлық мүдделі тараптардың осы бағыттағы күшін тығыз үйлестіруді және біріктіруді көздейді.
Почта саласының қазіргі жай-күйін талдау
Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, өнеркәсіп кәсіпорындарының жабылуы, бюджеттік ұйымдардың шығыстарының қысқартылуы және халықтың төлем қабілетінің төмендеуі ел ішіндегі де, елден тысқары шығатын да хат-хабармен почталық алмасудың күрт төмендеуіне әкеп соқты. Осының салдарынан Қазақстан Республикасында соңғы сегіз жылдың ішінде почта жөнелтімдерінің саны үш еседен аса азайды.
Осы үрдіске бола, байланыс бөлімшелері мен почта қызметкерлерінің саны екі еседен аса азайды.
Сонымен қатар, почта тарифтерінің өсуі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) оны ең жоғары етті, бірақ олар саланың шығындарын жаппады, осының салдарынан почтада негізгі құралдарды жетілдіру мен жаңартуға, жаңа техника сатып алуға, ғимараттарды жөндеуге, жаңа қызмет көрсету түрлерін ендіруге қаражат болмады. Негізгі құралдардың тозуы және техникалық прогрестен күннен-күнге қала беру қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеп соқтырды және клиенттердің одан сайын азаюына ықпал етті. Мемлекеттік бюджет почтаның әскери хат-хабарларды ақысыз жөнелту, арнайы және фельдъегерлік почтаны жеткізу және т.б. сияқты қызметтер көрсетуге байланысты көптеген шығындарын жаппады.
Почталық алмасудың (әсіресе, іскерлік хат-хабар бөлігінде) төмендеуіне әлеуетті клиенттердің жаңа жоғары жылдамдықты байланыс түрлерін, әсіресе, факсимильдік байланыс пен электрондық почтаны кеңінен пайдалануы ықпал етті. Почта саласындағы жағдайды қаржы ресурстарын тартусыз тұрақтандыруға тырысу уақытша ғана әсер етті, себебі почта ауылдық жердегі шығынды желіні ұстау жөніндегі едәуір қаржылық жүктемені көтеруде және оның жетілдіруді қаржыландыру үшін ішкі көздері жоқ, ал жетілдірусіз шығындарды азайту да, қызмет көрсету сапасын арттыру да мүмкін емес.
Міне осылай, жаңа жағдайда бәсекеге төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында почта қызметін жетілдіру мен реформалауға аса қажеттілік іс жүзінде туындады.
Бұл қажеттілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі мойындайды, ол 1999-2001 жылдарға арналған (2000 жылға арналған) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына почта байланысын жетілдіру жобасын қаржыландыруды қосты. Жобаны іске асыру почта қызметінің жұмыс сапасын арттыруға, почта бөлімшелерінде кең спектрлі қаржылық қызметтер көрсетуге, банк қызметтерін көрсетуді жылжыту бойынша, сақтандыру ұйымдарының, брокер-дилерлердің, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың агенттік желісін құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі почтаның стратегиялық маңыздылығын және өзінің саланы дамыту жөніндегі ниетін атап өте отырып:
1. Қазақстан Республикасының почта саласын тұрақтандыру және қаржылық сауықтыруға, сала құрылымын қайта ұйымдастыруға, жалпы пайдаланымдағы почта байланысы желісінің операторына банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру мәселесін шешуге;
2. почта тарататын жеке тұлғалардың қаражатын алғашқы және қайталама рыноктарда мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға. Осыған байланысты почта саласында тармақталған филиалдық желінің негізінде брокерлік және қаржы қызметінің басқа да түрлерін дамыту және республиканың қор рыногына халықтың қаражатын тікелей тарту бойынша жақсы перспективалар пайда болды.
3. мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалақыны, стипендияларды, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен басқа да ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіруге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдады.
Осы шараларды қабылдау нәтижесінде почта ұсынатын қызметтер көрсету тізбесі кеңейді. Дәстүрлі қызмет көрсету түрлерінен (жазбаша хат-хабарды қабылдау, жіберу және тапсыру, жолдама заттарды қабылдау, жіберу және тапсыру, ақшалай почта аударымдарын қабылдау және төлеу, мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, филателиялық қызметтер көрсету, коммуналдық қызмет көрсету үшін төлемдерді қабылдау және т.б.) басқа валюта айырбастау операциялары, халықтың депозиттерін қабылдау және тартылған қаражатты мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, кассалық қызмет көрсету, ақшалар мен құндылықтарды инкассалау және тасымалдау, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында брокерлік қызметтер көрсету, зейнетақы қорлары үшін клиенттерді тарту және шарт жасасу бойынша агенттік қызметтер көрсету, трансфер-агенттің бағалы қағаздар рыногында қызметтер көрсетуі сияқты жаңа бағыттар пайда болды.
Халықаралық жеделдетілген почта, ұлттық жеделдетілген почта, электрондық почта сияқты қызметтер ұйымдастырылды.
Құрылымдық қайта құру шеңберінде 1999 жылдың екінші жарты жылдығында почта байланысының еншілес кәсіпорындарын филиалдар етіп қайта тіркеу жүргізілді, бұл жаңа қызметтер көрсетуді аймақтарға жоспарлы жылжыта бастауға, саланы басқаруды реттеуге, орталық аппараттың басқару және үйлестіру функцияларын күшейтуге, үстеме шығыстарды азайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның почта жүйесінің ұйымдық құрылымы 4 негізгі деңгейден тұрады. Бірінші деңгей - облыстық филиалдарға тікелей басшылық ететін, почтаның республикалық деңгейдегі жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыратын және почтаны халықаралық деңгейде білдіретін "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазпочта") орталық аппараты. Екінші деңгей - "Қазпочтаның" Астаналық және 14 облыстық филиалдарын, сондай-ақ функционалдық филиалдары - Алматы және Астана почта тасымалдау бөлімшелерін, Алматы мамандандырылған автокөлік кәсіпорнын, Республикалық арнайы байланыс торабын біріктіреді. Үшінші деңгейді 156 почта байланысы тораптары, оның ішінде 23 - қалалық және облыстық филиалдарға бағынатын және қала, аудан аумағында почта жіберілімдерінің барлық түрлерін қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және табыс етуді қамтамасыз ететін 133 аудандық тораптар құрады. Төртінші, ең көп санды деңгей - "Қазпочтаның" 3424 бөлімшесі, оның ішінде 581 - қалаларда, 2843 - ауылдық жерлерде (почта жіберілімдерін тікелей қабылдау мен табыс етуді жүзеге асырады, осында бөлшек сауда пункттері ұйымдастырылған).
"Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысы почта саласын одан әрі дамытуды айқындайтын негізгі құжатқа айналды, оның негізінде Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны мемлекеттік 100 пайыздық қатысуымен "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды, оның акцияларының мемлекеттік пакеті "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" (бұдан әрі - "Халықтық Банк") ашық акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен "Халықтық Банкі" арасындағы келісім-шарт жағдайында басқару берілді.
Қаулы почта-жинақ жүйесі мен "Халықтық Банк" арасындағы қаржылық қызмет көрсету рыногы қызметінің тиімділігін жоғарылатуға әкелетін түрлі сегменттерді ұтымды бөлісуді қарастырады, Келісім-шарттың шарттары мыналарды:
1. Почта байланысын жаңарту жобасын және Қазақстан Республикасының Почта саласын дамыту және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру бағдарламасының сәйкес кезеңін (ақпараттандыру, көлікті жаңарту, ғимараттарды жөндеу және жаңарту, почта жөнелтілімдерінің және почта қауіпсіздігінің жалпы қауіпсіздік жүйесі) іске асыруды;
2. "Қазпочтаның" зейнетақыларды, стипендияларды, жәрдемақыларды, жалақыларды төлеу жөніндегі іс-шараларына келісілген кесте бойынша қатысуды;
3. "Халықтық Банкінің" "Қазпочта" жабдықтарын қоса инкассация қызметін беруді;
4. Почталық төлем карталардың ұлттық жобасы және халықаралық почталық төлем картасының жобасы бойынша қажетті қаржыландыруды бөле отырып, жұмысты жалғастыруды;
5. Филиалдық жүйелердің қызметін оңтайландыру, қайталауды жою және шығындарын қысқарту мақсатында "Халықтық Банкті" және "Қазпочтаны" қайта құрылымдауды;
6. Коммуналдық төлемдерді және салықтарды "Қазпочта" бөлімшелері арқылы жинауды ұйымдастыруды;
7. Почта желісін бүгінгі деңгейде сақтауды;
8. "Қазпочтаның" кредиторлық және дебиторлық берешектерді қысқартуды;
9. "Қазпочтаның" қаржылық тұрақтылығын әрі қарай нығайтуды;
10. Бірлескен жарнамалық кампанияларды және қызметшілерді оқыту жөніндегі бағдарламаларды жүргізуді;
11. "Қазпочта" базасындағы тәуелсіз почта-жинақ жүйесін "Халықтық Банктегіден" кем емес халықтың депозиттері көлемімен құруды қамтиды.
Басқару мерзiмi - 2 жыл, бiрақ мемлекеттік меншіктегі "Халықтық Банктiң" акциялар пакетiн 50% +1 акция мөлшерінде сақтау кезеңінен артық емес.
Сонымен қатар, қабылданған шаралар саланың көптеген мерзiмi жеткен мәселелерін шешiлмеген күйінде қалдырды. Олардың негiзгілерi мыналар болып табылады:
Арнайы заңнаманың жоқтығы. Бүгiнгi күні почта және почталық қызмет көрсетулер туралы арнайы заң жоқ.
Почта байланысы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңның қолданыстағы базасы қазiргi заманғы талаптарға жауап бермейдi. Қаржылық заңнамада почта-жинақ жүйесінің қызметiн реттеу тетiгi көрсетiлмеген.
Төмен және сараланбаған тарифтер. Почтаның тасымалдау көлемінің азаюымен қарсылық көрсеткіштер едәуiр нашарлады. Қазiргi кезде бiрқатар баптар бойынша бекітілген тарифтер өзiндiк құнынан 20-40%-ға төмен. Бұдан басқа, елдің ішiнде жазбаша хат-хабарды жеткiзу кезiнде почталық жөнелтiлiмдердiң ұзақтығы мен жеделдiгiне байланысты тарифтердi саралау жүзеге асырылмайды.
Табиғи монополизм. Почта жүйесi монополияға қарсы заңнамамен почта байланысының қызмет көрсетулерiн ұсыну саласындағы табиғи монополистерге жатқызылған. Сонымен бiр мезгілде, почталық қызмет көрсетулердi ұсынумен және осы рыноктың елеулi бөлiгiн иеленген өзге де ұйымдар (оның iшiнде шетелдiктер) айналысады.
Көлiктiк-пайдаланушылық жоғары шығындар. Үлкен аумақты және халық тығыздығы төмен барлық елдердiң почта байланысының ерекшелiгi көлiктi пайдалануға және аймақтық желiнi ұстауға жұмсалатын тұрақты шығындардың жоғары деңгейi болып табылады. Жағдай почталық және электр байланысын бөлу кезiнде жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлiктiк құралдар құрамындағы негiзгi құралдар почта балансына берiлгенде қиындай түстi. Ғимараттар, әдетте, почталық үлкен айырбастауға есептеліп жобаланған, артық алаңдары бар және шағын қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Негiзгi құралдардың елеулі материалдық шығыны қызмет етуге және жөндеуге iрi капитал салуды талап етедi.
Ескiрген техникалық база.
Почта байланысын қаржыландыру қалдықты қағида бойынша жүзеге асырылды. Бұл материалдық-техникалық базаның ұдайы артта қалуының себебi болды.
Қолданылатын почта технологиялары 70-жылдардан бастап сақталған. Iс жүзiнде хат-хабарларды өңдеу жөніндегі операциялардың басым көпшілігі қолмен атқарылады. Сұрыптау техникасы моральдық та және iс жүзiнде де ескiрген, оның пайдаланылуы үлкен қуаттарға байланысты қымбат.
Тұтастай алғанда, қолдағы ақпараттық-технологиялық база қазiргi заманғы талаптарды қанағаттандырмайды және почта саласында тиiмдi басқаруға және қызмет көрсетулердi дамытуға ықпал ете алмайды. Почтаны ақпараттандыру саласындағы жаңа технологияларды енгізусіз, кадрларды даярлау жөніндегі қазіргі заманғы орталықтарды ұйымдастырусыз, елеулі инвестицияларсыз Қазақстан почтасының бұл проблемалары шешілмейді.
Техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі шешімдермен қатар, басқару процестерін автоматтандыру, жинақтау, өңдеу және почталық құжат айналымының телекоммуникациялық арналары бойынша ақпараттар беру мәселесі көкейкесті болып табылады. Бірінші кезекте кассалық операциялар мен төлемдерді электронды ресімдеу, ілеспе құжаттамаларды, есепке алу және есеп беру, почталық жөнелтілімдердің өтуін бақылау талаптарынан туындайтын ақпараттық-технологиялық міндеттерді автоматтандыру жатқызылады.
Кедендік тексерудің қолайсыз әдістері. 1992 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік почта одағының мүшесі болып табылады. Сонымен бір мезгілде, почта жөнелтілімдерін кедендік тексерудің қолда бар рәсімі қазақстандық почтаның бүкіләлемдік почта жүйесіне кірігуіне ықпал етпейді. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы орын ауыстыратын халықаралық почта жөнелтілімдеріндегі тауарларды кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулыққа сай шекарадан өткізілетін барлық почта жөнелтілімдері рентгендік бақылау жолымен кедендік тексеруге ұшырайды. Алайда, тәжірибеде жолдама заттардың көбісі ашылады және қаралғаннан кейін қайтара қапталады, ол өзінен кейін ішіндегі заттардың араласып кетуіне және қаптауға қосымша шығыстардың жұмсалуына әкеледі. Осының салдарынан тұтынушылардың почталық қызмет көрсетулеріне наразылықтары туындайды.
Тұтынушылардың жекелеген санаттарына жеңілдіктердің бар болуы. Қолданылып жүрген заңнамаға сай, жедел қызметтің әскери қызметшілерінің жазбаша хат-хабарды тегін жолдауға құқығы бар, алайда мемлекеттік бюджеттен немесе өзге де көздер есебінен осыған байланысты почта байланысының шығыстарын қалпына келтіру көзделмеген.
Кадрлар даярлығының нашарлығы барлық деңгейдегі почта қызметкерлерінің біліктілігін және қайта дайындығын жоғарылату жөніндегі меншікті оқу орталығының, бағдарламалар мен семинарлардың жоқтығынан туындаған.
Еңбектің төмен уәждемесі сала бойынша жалпылай алғанда еңбекке ақы төлеудің төмен деңгейіне және қаржының тұрақты тапшылығына байланысты.
Почта жүйесінің дамуы, сондай-ақ мынадай геоэкономикалық факторлармен себептелген еді:
Құрылықішілік орналасу. Құрылықішілік орналасуы және тек үш елмен (Ресей, Қытай және Өзбекстан) көліктік тиімді айырбасы бар бола тұра. Қазақстан өзі үшін почталық алмасу жөнінде де қолайсыз экономикалық позицияда болып отыр. Іс жүзінде, авиа хат-хабарларды қоспағанда, почта хат-хабарларының негізгі бөлігін республика Ресей Федерациясының аумағы арқылы жібереді.
Үлкен аумақ. Қазақстанның келесі ерекшелігі үлкен аумағы (2,7 млн. шаршы км.) және нәтижесінде хат-хабарларды географиялық қысқа жолмен көбінесе жіберуге болмайтын көліктік дамымаған инфрақұрылым болып табылады.
Теміржол көлігін басымдылықпен пайдалану. Ішкі әуе рейстерінің тұрақсыздығы және жоғары бағасы теміржол көлігінің қызмет көрсетулерiн пайдалануға мәжбүр етедi, ол почталық жөнелтiлімдердiң жеткiзілуiн бірнеше сағаттан 11-12 күнге дейін баяулатады.
Экономикалық жалпы құлдырау. Жалпыэкономикалық жағдайдың нашарлауы, өнеркәсіптік кәсiпорындардың жабылуы, бюджеттік ұйымдар шығыстарының қысқаруы және жұртшылықтың төлеу қабілетінің төмендеуі почта байланысының қызмет көрсетулеріне сұраныстың күрт төмендеуіне алып келді.
Мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық почта саласының миссиясы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және заңды тұлғаларға тұрған жерiне байланыссыз (заңды тiркеуге) почталық және қаржылық қызметтер көрсетудің кең спектріне енудi ұсыну мүмкiндiгiнде болып табылады.
Көрсетiлген мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу:
1. Қажеттi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру және жетілдiру;
2. Ақпараттық инфрақұрылымды құруды және жоғары сенiмдi, жүрдек және қорғалған ақпарат берудi ұйымдастыруға бағытталған, дәстүрлi емес жаңа қызмет көрсетулердi (оның ішiнде, почта-жинақ) игеру және өңдеудiң компьютерлiк бiрыңғай орталығын құруды көздейтiн почта байланысын ақпараттандыру;
3. Почта саласына зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзу және төлеу, коммуналдық төлемдердi жинау жөніндегі жоғалған функцияларды қайтару;
4. Почта жөнелтiлiмдерiнiң физикалық көлемдерiн корпоративтi клиенттермен жұмыс істеу жолымен, почталық қызмет көрсетулерінің жаңа түрлерiн игеру жолымен тұрақтандыру және одан кейiн арттыру;
5. Почта саласы жұмысының сапасын қазiргi заманғы технологияларды қолдану, почталық жөнелтілімдерге бақылаудан өту, басқарушылық шешімдердің жаңа құрылымына және қабылдау мен іске асыру технологиясына өту есебінен жоғарылату;
6. Оларды кейіннен қазақстандық экономиканың дамуында мемлекеттік құнды қағаздар рыногы арқылы оларды кейіннен енгізумен халықтың еркін ақшаларын депозиттерге тартуды көздейтін почта-жинақ ісін ұйымдастыру және дамыту;
7. Қаржылық қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін (құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызмет көрсетулері, делдалдық қызмет көрсетулер және т.б.) дамыту;
8. Почта саласы үшін кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру;
9. Жөнелтушілерге почта жөнелтілімдерінің сақталымына кепілдікті қамтамасыз ететін, ал почта байланысының қызметкерлеріне - өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін почта қауіпсіздігінің қазіргі заманғы жүйесін құру;
10. Қазақстан Республикасының почталық саласының әлемдік почта жүйесіне интеграциялануын әрі қарай тереңдету, шетелдік почта әкімшіліктерінің алдыңғы қатарлы жетістіктерін зерттеу және енгізу қажет.
Почта саласын қайта реформалаудың басымдықтары:
- почта байланысының экономикалық және қаржылық тұрақтылығы - несиелік жүйелер бойынша тәуелсіз көздерден қаржыландыру, қызмет көрсетулердің тізбесі мен сапасын арттыру есебінен кіріс алу;
- елдің барынша аумақтық қамтылуын сақтау мақсатымен аймақтық инфрақұрылымды оңтайландыру;
- ұсынылатын қызмет көрсетулер номенклатурасының сапасын жақсарту және кеңейту.