Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін
жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 сәуірдегі № 555 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
11 сәуірдегі
№ 555 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым
объектілерін жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған
Тұжырымдамасы
ҚР Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысымен кіріспе өзгертілді
Кiрiспе
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тапсырыс және бәсекелестiк ортаны мақсатты түрде құру жүйесiне көшу жолымен мемлекеттік бюджет есебiнен көрсетiлiп отырған қызметтер көлемiн сақтай отырып, мемлекеттік мекемелердi ұстауды қаржыландыруды төмендетуге бағытталған бюджеттік экономикалық реформаның жаңа бағыты болып табылды.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 Заңына сәйкес білiм және ғылыми-техникалық саланың объектiлерi (ұйымдар) шектеулi мөлшерде мемлекеттік мекеме ретiнде және негiзiнен мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар ретiнде көрсетiлген.
Тек мектептер, мектеп-интернаттар, балалар үйлерi ғана білімнiң мемлекеттік мекемелерi болып табылады. Барлық өзге ұйымдар мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
Ғылыми-техникалық салада Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Сейсмологиялық тәжiрибелiк-әдiстемелiк экспедиция, академик Қ. Сәтпаевтың мемориалды музейi Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясы мемлекеттік мекемелер болып табылады, ал 200-ден астам объект мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
Жүргiзiлген институционалдық реформа білім және ғылыми-техникалық сала объектілерін белсендi түрде жекешелендiруге әзiрледi. Сонымен қатар 1997-1999 жылдардағы білімнiң коммуналдық меншiктегi объектілерін секторлық жекешелендiру нәтижелерi келеңсiз сипат алды.
Жалпы экономикалық жағдайлардың өзгеруi, бюджеттік реформаны жүргiзу жекешелендiрiлiп отырған объектiлердiң құрамын өзгерту мемлекеттiң оның мемлекеттік мүлiкке билiк ету жөніндегі саясатын ауық-ауық түзетуiн және жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, қолданылып жүрген заңды жетiлдiруiн талап етедi.
Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721, "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру шаралары туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 заң күшi бар Жарлықтарына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттiң V сессиясының ашылуында айтылған тапсырмаларын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың 9-тармағын орындау үшiн әзiрлендi.
1. Жекешелендiрудiң өткен кезеңдерiн
әлеуметтiк-экономикалық бағалау
Мектепке дейiнгі және білім объектiлерi
Желiнi оңтайландыруға, жеке секторды дамытуға бағытталған мектепке дейiнгi және орта білім жүйесiн 1997-1999 жылдары реформалау негiзiнен мектепке дейiнгi және орта білімнiң мемлекеттік секторын қалыптастыруды аяқтады, осы ретте білімнiң коммуналды меншiктегi 1600 ұйым жекешелендiруге шығарылды.
Орта білім объектілерін оңтайландыру нәтижесiнде 1999 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 573 ауылдық елдi-мекендерiнде, оның үстiне олардың 510 елдi-мекендерiнде мектеп жасындағы 11473 бала тұрып жатқанына қарамастан, бірде-бір жалпы білім беретiн мектеп жоқ. Аталған елдi-мекендерден жақындағы мектепке дейiнгi ара қашықтық 175 шақырымға дейiн жетедi.
1997 жылдан 1999 жылға дейiнгi кезең ішіндегі жеке мектептердiң даму қарқыны мынандай: 1997 жыл - 124, 1998 жыл - 180, 1999 жыл - 194 бірл. Қазiргi жұмыс iстеп тұрған жеке мектептердiң негiзгi үлесi халықтың қалалық бөлiгiне тиедi. Yстiмiздегi жылы ауылда небары 10 мектеп немесе 635 бала оқып жатқан республикадағы 194 жеке мектептiң 5,2 пайызын құрайтын мектептер жұмыс iстеуде.
Соңғы жылдары, сондай-ақ білімнiң интернаттық ұйымдары желiсiн қысқарту тенденциясы орын алып отыр (жекешелендiруден кейiн 1364 объектiден 461 ғана жұмыс жасауда).
Мектепке дейiнгi мекемелердiң желiсiн оңтайландыру 8526 ұйымының 7368-і (87 пайыз) бос тұрған деп жарияланып, одан кейiн жабылуға және жекешелендiруге шығарылуға әкелiп соқты. Осы ретте бос тұрған объектiлердiң бәрi бірдей сұранысқа ие болмады. Нәтижесiнде бос тұрған объектiлердiң мемлекеттік мүлкi жарамсыз болып қалды және жоғалып кеттi. 1999-2000 оқу жылының басына небары 1043 мемлекеттік мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары жұмыс жасап отыр.
Сондай-ақ мемлекеттік емес мектепке дейiнгi ұйымдардың даму серпiнi төмендегенiн айта кеткен жөн: 1996 - 319, 1997 -282, 1998 - 224, 1999 115 бірл. Бүгiнгi күнi жекеменшiк мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарының қызметi коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердiң жоғарылығынан, халықтың төлеуге қабiлетсiздiгiнен, қатаң салық саясатынан рентабельдi емес. Бұдан басқа қазыналық кәсiпорын мәртебесiне көшу мемлекеттік мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарының экономикалық жағдайына, балалардың келуiне және контингенттiң қалыптасуына керi әсерiн тигiздi. Осыған байланысты, мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарының мемлекеттік желiсi жекеменшiк ұйымдармен бірге оқыту және тәрбиелеу үшiн, аталған жастағы балаларды толық қамти алмай отыр.
Сонымен бірге "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 23-бабының негiзiнде бес (алты) жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлау мiндеттi және тегiн болып табылады, соған лайық мемлекеттік мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарының рөлi артады. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанды дамыту стратегиясын 2030 жылға дейiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығымен (4-бөлiм № 3 қосымша) Үкiметке мектепке дейiнгi білім беруге халықтың аз қамтылған жiгiнiң қол жеткізу жағдайын жақсарту жөнiнде тапсырылған.
Мемлекеттік мектептен тыс ұйымдар желiсiнiң даму серпiнi мемлекеттік мектепке дейiнгi білiм беру ұйымдарының дамуымен бірдей өтедi. Жекешеленгеннен кейiн объектiлер бейiнi бойынша қолданылмады, соның нәтижесiнде қызмет көрсету аясы тарылды, жұмыс iстеп тұрған мемлекеттік ұйымдардың толықтырылуы мен жүктемесi өстi.
Аталған бейiндi мемлекеттік қолдауды Заңның мемлекеттік мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметтерiне қол жеткізудi сақтауға негiзделген 19-бабы қамтамасыз етедi.
Бастауыш және орта кәсiптiк білім ұйымдарын оңтайландыру мемлекеттік кәсiптiк-техникалық училищелер желiсiнiң 1996 жылдың 1 қазанындағы 404-тен 1999 жылғы 1 қазанда 245-ке күрт қысқаруына әкелiп соқты. Оқушылардың саны 1999 жылғы 127158-тен 1999 жылғы 85380 адамға төмендедi. Жыл сайын оқушыларды қабылдау жоспары қысқаруда.
Аталған білім деңгейiнiң жеке секторы бірыңғай дамымай отыр. Бастауыш кәсiптiк білімнiң мемлекеттік емес ұйымдары мемлекеттікке қарағанда небары 8,5 пайыз, орта кәсiптiк білім 40 пайыз құрайды.
ТМД елдерiнде шағын және орта бизнестi дамытуға арналған бастауыш және орта кәсiптiк білімнiң мемлекеттік желiсiн едәуiр ұлғайту жөніндегі iс-шаралар қабылданған.
Бiздiң елiмiзде де шағын кәсiпкерлiктi дамыту шеңберiнде оқушы жастарды бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының желiсi арқылы ерте кәсiптендiру мiндетi Заңмен қойылып отыр.
Жоғарыда айтылғанға байланысты мектепке дейiнгi және орта білім объектілерінiң жұмыс iстеп тұрған желiсiн мемлекет меншiгiнде сақтап қалу жоспарланып отыр.
Жоғарғы кәсiптiк білім,
ғылыми-техникалық сала объектiлерi
1999 жылдың бюджет реформасына дейiн республика меншiгiнде тұрған жоғары кәсiптiк білім және ғылыми-техникалық сала объектiлерi жекешелендiрiлуге жатпайтын объектiлерге жатқызылған болатын.
2000 жылдың бюджетi, білім және ғылыми-техникалық сала ұйымдарында жүзеге асырылған институционалдық өзгерістер аталған салаларда жекешелендiру процестерiн тереңдетуге әкелiп отыр.
Президенттiң тапсырмалары мен мемлекет саясатын орындау үшiн заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатпайтын объектiлерден басқа республика меншiгіндегі жоғары кәсiптiк білім және ғылыми-техникалық сала объектілерін заңдарда көрсетiлген тәртiппен акционерлік қоғамдарға қайта құруға немесе кейiннен сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға беру жоспарланып отыр.
Ерекше мәртебесi, аумақтық белгiсi бар, аса тапшы мамандарды оқытып шығаратын және түйiндi зерттеулердi жүзеге асыратын объектiлер жекешелендiруге жатпайды.
Мәртебесi және әлеуетi бойынша аса iрi және бірегей объектiлер осы кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн еңбек ұжымдарының мүдделерiн ескере отырып, Жарлықтың 7-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қабылдаған шешiмдерi бойынша жекелеген жобалар түрiнде жекешелендiруге жатады.
2. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен мiндеттерi
Білім және ғылыми-техникалық саладағы объектiлердiң қызметiне тән ерекшелiктердiң анықталуы, республика меншiгіндегі объектiлердiң бірегейлiгi негiзiнде Тұжырымдаманың мақсаты жекешелендiрудiң негiзгi бағыттарын заңда белгiленген тәртiппен айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегiн орта білім алуға кепiлдiк берiлген. Орта білімнiң мемлекеттік жүйесiнiң ауқымы мен өсу нормалары қолданылып жүрген заңдармен айқындалған.
Мақсатқа жету мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
білім және ғылым салаларындағы жекешелендiрудiң бағыттары мен шекараларының бірыңғай тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
білім және ғылым объектілерін жекешелендiруге шығарудың негізгi принциптерiн айқындау;
жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн белгiлеу жөнiнде жұмыс комиссиясын құру;
білім және ғылым ұйымдарының жекешелендiру шарттарын жасау;
жекешелендiрудiң кезеңдерiн айқындау;
білім және ғылым объектілерінiң Тiзбесiн әзiрлеу:
а) мемлекет меншiгiнде сақталатындар (жекешелендiруге жатпайтындар);
б) жекешелендiруге жататындар;
республика меншiгiнде тұрған және жеке жобалар бойынша заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрілетiн жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық сала объектілерінiң Тiзбесiн әзiрлеу.
3. Білім және ғылыми-техникалық саланың объектілерін
жекешелендiрудің негізгi принциптерi
Жекешелендiрудi жүргiзген кезде оның негiзгi принциптерi: жариялылық, бәсекелестiк, заңды мұрагерлiк, лауазымды тұлғалардың жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығы үшiн және жекешелендiруге қойылған объектiлер туралы ұсынылған деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылығы болып табылады. Сонымен қатар, білім және ғылым саласының ерекшелiктерiн ескере отырып, оның негiзгi принциптерiне:
азаматтардың тегiн мiндеттi орта білiм алуға және конкурстық негiзде жоғары білім алуға деген конституциялық құқықтарын сақтау;
еңбек ұжымдарының құқықтарын сақтау жатады.
4. Жекешелендiрудiң негізгі түрлерi мен шарттары
Республикалық, коммуналдық меншiктегi білім және ғылыми-техникалық салалардағы объектiлердi заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрудi осыған өкiлеттiгi бар мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік мүлiктiң мынадай түрлерi: мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындар, мекемелер; жекешелендiру томаға-тұйық технологиялық циклды бұзбайтын, кәсiпорындардың құрылымдық бірлiктерi жекешелендiрудiң объектiлерi болып табылады.
Сатуға тiкелей қойылмайтын, бірақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-қимыл ретiнде жекешелендiрудiң алдын-ала сатыларынан білім және ғылым салалары үшiн:
1) мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындарды кейiннен сатып алу құқығымен, белгiленген тәртiп бойынша, сенiмдi басқаруға беру;
2) кәсiпорындарды кейiннен акциялардың мемлекеттік пакеттерiн сататын акционерлік қоғам етiп қайта құру қолданылады.
Білім объектілерінiң әлеуметтiк маңыздылығын ескере отырып, коммуналдық меншiктегi білім объектілерін жекешелендiруге шығару рәсiмi жөніндегі қолданылып жүрген заңға, жергiлiктi атқарушы органдар жекешелендiруге жататын объектiлердiң Тiзбесiн білім саласындағы орталық атқарушы органдармен алдын ала келiсу қажеттiгiне сәйкес өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы білім және ғылыми-техникалық салалардағы объектілердi жекешелендiрудiң түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.
5. Тұжырымдаманы iске асыру кезеңдерi
Тұжырымдаманы iске асыру екі кезеңді көздейдi:
Бiрiншi кезеңде (2000-2001 жылдары) мынадай iс-шараларды жүргiзу қажет:
жекешелендіру саласындағы қолданылып жүрген құқықтық нормаларды талдау;
жекешелендiру алдындағы ұйымдастыру жұмыстарын өткізу;
- нормативтiк-құқықтық актiлер шығару;
- жекешелендiруге жататын жоғары кәсiптiк білім және ғылыми-техникалық объектілерінiң Тiзбесiн жасау;
- жекешелендiруге жатпайтын жоғары кәсiптiк білім және ғылыми-техникалық объектілерінiң Тiзбесiн жасау;
- білiм және ғылым ұйымдарын жекешелендiру шарттарын;
- Тұжырымдаманы білiм мен ғылым ұйымдарының еңбек ұжымдарының арасында кеңiнен талқылай отырып, білім және ғылым салаларындағы жекешелендiру бағыттарының бірыңғай тұжырымдамалық негiздерiн бұқаралық баспасөз беттерiнде, радио мен телевизия арқылы жариялау.
білім және ғылыми-техникалық салалардағы бірқатар объектiлердi жекешелендiрудi заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асыру iс-шараларын өткізу қажет.
Екiншi кезең (2002-2005 жылдары):
жекешелендiрудiң бірiншi кезеңдегi қорытындысын шығару;
жекешелендiрудiң бірiншi кезеңдегi қорытындысын ескере отырып, Тұжырымдаманың негiзгi бағыттарын жетілдіру;
саяси және экономикалық өзгерістердi ескере отырып, жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар дайындау.