Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсан № 1940 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қазпочта) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының басқаруына берудің және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеудің шарттарын белгілеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Комиссия 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде:
1) шарттарының бірі ретінде басқару мерзімін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ААҚ-ында акциялардың мемлекеттік пакетін 50 процент қосылған бір акция мөлшерінде сақтауға дейін көзделген, Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру талаптарын белгілесін;
2) аудандық деңгейде және ауылдық жерлерде «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының активтер құнын бағалауды жүргізсін;
3) почта-жинақ жүйесін дамыту стратегиясын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазпочтаның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Комиссия белгілеген шарттар негізінде Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамымен шарт жасассын;
3) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 04.05.2000 ж. № 659 қаулысымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1940 қаулысына қосымша
Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік
қоғамының басқаруына беру шарттарын белгілеу және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
Өтембаев - Қазақстан Республикасы
Ержан Әбілхайырұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович Ұлттық Банкінің төрағасы
(келісім бойынша)
Сәйденов - Қазақстан Республикасының
Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрі
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының
Азамат Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Қанешов - Қазақстан Республикасының
Біржан Бейсекенұлы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Құзытбаева - Қазақстан Республикасының
Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі
Раханов - Қазақстан Республикасы
Мақсұтбек Смағұлұлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
комитетінің төрағасы
Мәсімов - «Қазақстан Халықтық Жинақ
Кәрім Кәкімжанұлы Банкі» ашық акционерлік
қоғамы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Ержанов - Республикалық мемлекеттік
Оразәлі Сәнтайұлы почта байланысы кәсіпорнының
бас директоры