Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 23 қарашадағы № 1776 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1729; 08.02.02 ж.
№ 187;01.06.04 ж. № 610 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.14.01. № 14 қаулысымен күші жойылды
(Бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 08.02.02 ж. № 187 қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiне Төрағаның үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің қосымшаға сәйкес аталған агенттiктiң аумақтық органдары ретіндегі мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi заңдарда белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) құрылатын мемлекеттік мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және оларды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн:
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 518 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 169-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 1999 жылғы
23 қарашадағы № 1776
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
жөніндегі агенттiгi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1729; 01.06.04 ж. № 610 қаулыларымен 1-тармақ өзгерді (бұр.ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi-Агенттiк) ?кіметтiң құрамына кiрмейтiн, заңдарда көзделген шектерде арнаулы атқарушылық, рұқсаттық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттiктiң облыстарда, қалаларда және аудандарда заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары болады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңдарға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен, Төрағаның бұйрығымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Агенттiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, 473000, Желтоқсан көшесi, 41
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Агенттiкке өзiнiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады.
Егер Агенттiкке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 27.12.01. № 1729 қаулысымен 10-тармақ өзгерді
10. Агенттiктiң негізгi мiндеттерi:
1) жер ресурстарын басқару жер қатынастарын реттеу геодезия және картография салаларында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2) жер реформасын жүргiзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру оны ғылыми, кадрлық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету, жерге орналастыру геодезия және картография жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
3) белгiленген тәртiппен жердiң мониторингiн, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйi туралы деректердiң банкiн құру және жүргізу;
5) жерлердi аймақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
6) белгiленген тәртiп бойынша жерлердiң пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) мемлекеттік геодезиялық қадағалау мен тиiстi ақпараттарды қорғауды жүзеге асыру;
8) жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1729 қаулысымен 11-тармақ өзгерді
11. Агенттiк заңда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер заңдарының қолданылу практикасын қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
2) жер заңдарының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;
2-1) жер заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқау береді;
2-2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
3) қолда бар жерлер және олардың санаттар, алқаптар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлінуi туралы, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлiнген жерлердi қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептердi жасайды;
4) жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды шығарады және таратады;
5) мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қор мен республика аумақтары жер ресурстарының картографиялық қорын жүргiзедi;
6) республика аумағының геоақпараттық жүйесiн құрады;
7) мемлекеттік құпияға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ олардың мекемелердегi есебiн, көбейтiлуiн және сақталуын бақылауды ұйымдастырады;
8) халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару геодезия және картография мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, басқа елдердiң тиiстi қызметтерiмен қарым-қатынас жасайды;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асырады;
10) жер үшiн ақы белгiлеу жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
11) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу жерлердi пайдалану және қорғау жер реформасын жүргiзу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
12) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндігi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындайды;
13) мемлекет жер учаскелерiн жеке меншiкке сатқан, пайдалануға берген кезде олардың нақты (жер пайдалану құқығының) бағалау құнын айқындайды;
14) пайдаланылмаған жерлер мен заңды бұзу арқылы пайдаланылған жерлердi анықтайды;
15) жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерiн қозғайтын республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, сызбаларға және жобаларға сараптама жүргiзедi;
16) жерге орналастыру геодезия және картография мақсаттары үшiн ғылыми-зерттеу тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-iздестiру жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады;
17) ұйымдардың белгiленген тәртiппен жерге орналастыру топографиялық-геодезиялық, инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеулiк және iздестiру жұмыстарын жүргiзуi бөлiгiнде олардың қызметiн үйлестiредi;
18) жерге құқықты куәландыратын құжаттарды бередi;
19) жер ресурстарын басқару геодезия және картография органдары қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк біліктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің тiркеушi органдарын жер-кадастрлық карталармен және жер учаскелерiнiң жоспарларымен қамтамасыз етедi;
21) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жердi пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) атқарушы органдардың қарауына заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтары мен жердi пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келетiн шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
4) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттіктің мүлкі
13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктiң бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуі мүмкiн.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Агенттiк төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретінің шегiнде ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
2) заңдарға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
4) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Агенттiктiң құрылымы мен штат кестесiн, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
19. Агенттiк жанынан консультативтi-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
5. Агенттiкті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 1999 жылғы
23 қарашадағы № 1776
қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1729 қаулысымен Тізбе өзгерді
ҚР Үкіметінің 01.06.04 ж. № 610 қаулыcымен қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегi
агенттiгінiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының Тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ақкөл ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Астрахан ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Аршалы ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
5. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Атбасар ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Бұланды ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
7. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Егiндiкөл ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
8. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Еңбекшiлдер ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
9. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ерейментау ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
10. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Есіл ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
11. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Жақсы ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
12. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Жарқайың ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
13. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Зерендi ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
14. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Қорғалжын ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитеті
15. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Сандықтау ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
16. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Целиноград ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
17. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Шортанды ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
18. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Щучье ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
19. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Көкшетау қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
20. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгінiң Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
21. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Әйтеке би ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
22. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Алға ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
23. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Байғанин ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
24. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ырғыз ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
25. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қарғалы ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
26. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қобда ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
27. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Мәртөк ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
28. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Мұғаджар ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
29. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Темір ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
30. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Хромтау ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
31. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ойыл ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
32. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Шалқар ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
33. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ақтөбе қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
34. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігiнiң Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
35. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ақсу ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
36. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Алакөл ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
37. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Балқаш ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
38. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Еңбекшiқазақ ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
39. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Ескелдi ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
40. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Жамбыл ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
41. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Iле ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
42. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қарасай ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
43. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қаратал ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
44. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Кербұлақ ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитеті
45. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Көксу ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
46. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Панфилов ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитеті
47. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Райымбек ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
48. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Сарқант ауданы жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi
49. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Талғар ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
50. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Ұйғыр ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
51. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Талдықорған қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
52. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қапшағай қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
53. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгінiң Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
54. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Жылыой ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
55. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Индер ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
56. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Исатай ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
57. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Құрманғазы ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
58. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Қызылқоға ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
59. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетiнiң Мақат ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
60. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Махамбет ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
61. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнің Атырау қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
62. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
63. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Абай ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi
64. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетiнiң Аягөз ауданы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi