Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 Қаулысы
1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдерді атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының барлық мүдделі министрліктері мен ведомстволары аталған Хаттаманың ережелерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Интеграциялық комитетке Хаттаманың бекітілгендігі туралы құлақтандыру жолдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі