Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 2 қыркүйектегі № 1290 Қаулысы
(2003.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 18.02.03 ж. № 170 қаулысымен кіріспе өзгертілді (Бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолдану мерзімдерінің тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы
2 қыркүйектегі
№ 1290 қаулысымен
бекiтілген
Білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудiң, бекітудің және қолданылу мерзiмдерiнiң
тәртібі
ҚР Үкіметінің 18.02.03 ж. № 170 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (Бұр. ред. қара)
1. Осы Тәртiп «Білім туралы», Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
2. Білім берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшiн мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 18.02.03 ж. № 170 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (Бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының білім бару саласындағы орталық атқарушы органдары конкурстық негiзде білім берудiң , оның ішінде кемтар балаларға арнаулы мектепке дейінгі және жалпы арнаулы білім берудің мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады.
4. Конкурсты өткiзудiң тәртібін, конкурстық комиссия туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары айқындайды.
Конкурстық комиссиясының құрамына білім беру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ комиссияның бүкiл құрамының кемiнде жартысын құрайтын ғалымдар мен білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерi енгiзiледi.
5. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органмен келісім бойынша, конкурстық комиссияның қорытындысы негiзiнде білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын және олардың қолданылу мерзiмдерiн бекiтедi.
Білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарының қолданылу мерзiмдерiн бекіту кезiнде мiндеттi түрде білім берудiң тиiстi деңгейлерiнiң білім беру бағдарламаларының ерекшелiктерi ескерiледi.
6. Білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Тәртiппен белгiленген талаптар сақталына отырып жүзеге асырылады.