Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 23 тамыздағы № 1221 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. № 133 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1106 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. № 133 қаулысымен тақырыбы және мәтінінде сөздер өзгерді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті (Мемэнерқадағалауком) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің (Мемэнерқадағалауком) құрылымы бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 4) тармақшасы "энергетикалық" деген сөздің алдынан "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
1999 жылғы 3 тамыздағы
№ 1221 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі
комитеті (Мемэнерқадағалауком) туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Энергетикажәне минералдық ресурстар министрлігі құзыретiнiң шегінде арнайы атқару бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен ?кіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол осыған заңдарға сәйкес уәкiлеттi болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі (мемэнергқадағалауком).
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттің есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің "функциялары болып табылатын міндеттердi орындау нысанасына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсіне жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Комитеттiң негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
1) "өндiрiстiң сенiмдiлiгiн, қауiпсiздігі мен үнемдiлігін, энергияның берiлуiн, бөлiнуi мен пайдаланылуын қадағалау;
2) электр станцияларының электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан тұтынyшылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін қадағалау;
3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемі пайдаланылуы мен өндiру режимін оңтайландыру және берiлуін бақылау;
4) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі мемлекеттік стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың сақталуына бақылау жасау;
5) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалау;
6) ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын орындауын қадағалау;
7) энергетикалық жабдықтардың жұмыс тиiмдiлігін арттыру, оны қайта жаңарту және жетiлдiру бөлiгiнде стратегиялық инвесторлардың жұмысы бойынша ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
8) Қазақстанның бiртұтас энергия жүйесінің бiрнеше бөлiкке бөлінуiне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтардың бұзылуына әкеп соқтыратын электр станцияларының, жылу және электр жүйелерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудi ұйымдастыру және есебiн жүргiзу;
9) заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмділігін зерделеуді ұйымдастыру.
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) электрэнергетикалық кешенде мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу:
2) электр энергиясы көтерме және сауда рыноктарының жұмыс істеуінің мониторингі:
3) электр және жылу энергияларының көтерме және бөлшек сауда рыноктарының жұмыс істеуімен байланысты техникалық мәселелер бойынша қорытындылар беру;
4) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жағдайын кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыру;
5) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін жөндеу науқанының барысына және отын дайындауына бақылауды жүзеге асыру;
6) энергетикалық объектілерді техникалық пайдалану, апаттық және жарақаттанудың жай-күйі бойынша есеп беру жүйесін ұйымдастыру;
7) электр және жылу жүйелеріндегі аса маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштердің, отынның үлестік шығынының жай-күйіне, электр және жылу жүйелеріндегі электр және жылу шығындарының және энергетикалық объектілердің иелерінің оларды төмендету жөнінде қабылдаған міндеттемелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
8) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен техникалық ережелердің талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
9) электр энергетикасы саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
10) электр энергетикасы саласында ұйымдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарын орындауына қадағалау жүргізу;
11) стратегиялық инвесторлардың электр энергетикасындағы негізгі қорлардың жай-күйін жақсарту, жабдықтарды қайта жаңартуды және жетілдіруді жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуіне мониторингті жүзеге асыру;
12) электр энергетикасы кешенінде қолданылып жүрген заңдар мен техникалық және технологиялық нормалардан тұратын нормативтік актілерді, ережелер мен стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныс дайындау;
13) электр және жылу энергиясын ұтымды пайдалану жөнінде техникалық сараптама жүргізуді, энергия үнемдеу саясатын орындауды ұйымдастыру;
14) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтары жұмысындағы технологиялық бұзылуларды сарапшыларды тарта отырып тексеруді ұйымдастыру;
15) техникалық жағдайы мен электр және энергия қондырғыларын пайдаланудың қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электрлік жылу энергиясын өндіру, беру және таратуды жүзеге асырушы ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдаланудың қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіздік жөніндегі білімдеріне сыныптық тексеру ұйымдастыру;
16) Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитет негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының және оларға қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысына тексерулер жүргізуге;
2) тексеру актілерін жасауға және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті ұйымдардың басшылары орындауға міндетті ұйғарымдар енгізуге;
3) энергетика кәсіпорындарының қыс жағдайларындағы жұмысқа әзірлігін бағалауға және дайындық актілерін беруге;
4) қадағалаудағы энергетикалық жабдықтарды зерттеу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру жүргізу кезінде тиісті сарапшыларды тартуға;
5) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің жұмысындағы технологиялық бұзылуларды тексеру жөнінде комиссиялар тағайындауға;
6) электр энергетикасы кешенінің субъектілерінен және қадағалаудағы жабдықтардың меншік иелерінен өз функцияларын жүзеге асыру үшін техникалық-экономикалық ақпарат алуға;
7) олардың кінәсінен аварияларға, қайғылы оқиғаларға және нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын өзге де өрескел бұзуға жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізуге;
8) аварияларға, қайғылы оқиғаларға және нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын өзге де өрескел бұзуға жол берген тұлғаларды заңдарға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік ұйымдарға жіберуге;
9) заңдарға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитеттің мүлкі республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Заңдармен белгіленген жағдайларда және шектерде Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
17. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір орынбасары болады.
18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
19. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Комитеттің қызметкерлеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады;
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 23 тамыздағы
№ 1221 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі
комитетінің құрылымы
Басшылық
Мониторинг және талдау басқармасы
Техникалық инспекция басқармасы