19) 48-бапта:
1-тармақтағы «Мемсаққадағалаудың» деген сөз уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандырушы қаржылық орнықтылықтың ең төменгi шарттарының бiреуiн болса да орындамаған;
3) тармақша «ұйғарылған» деген сөзден кейiн «нормативтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша «сақтандыру» деген сөзден кейiн «немесе қайта сақтандыру» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданған мiндеттемелердi жүйелi түрде орындамаған;»;
6) тармақшадағы «Мемсаққадағалау» деген сөз «уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «сақтандырушыға», «оның» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «сақтандырушыға» деген сөз «орындау үшiн лицензиардың назарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Қайта сақтандыру ұйымы (тек қана қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын) лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру осы баптың 3-тармағының 1), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.
6-2. Сақтандыру немесе қайта сақтандыру брокерлерi лицензияларының қолданылуы осы баптың 3-тармағының 1), 4), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негіздемелер бойынша тоқтатыла тұрады.»;
20) 49-бапта:
1 және 3-тармақтардағы «Мемсаққадағалау» және «Мемсаққадағалауға» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік орган» және «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркiмен тарату осы Жарлықта көзделген шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркімен таратылу тәртібі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3-2. Қайта сақтандыру ұйымына, сақтандыру немесе қайта сақтандыру брокерiне берiлген лицензияны оларды мәжбүрлеп тарату кезiнде қайтарып алу және қолданылуын тоқтату осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.»;
21) 50-баптың атауындағы «күшi шектелген, оны тоқтата тұрған немесе» деген сөздер «қолданылуын тоқтата тұрған немесе оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 51-баптың атауындағы «Мемсаққадағалау» және мәтiніндегі «Мемсаққадағалаудың» деген сөздер «Уәкiлеттi мемлекеттік орган» және «уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 52-баптың атауындағы «Мемсаққадағалау» және мәтiніндегі «Мемсаққадағалаудың» деген сөздер «Уәкiлеттi мемлекеттік орган» және «Уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 53-баптың 1-тармағының төртiншi абзацындағы «актілерi мен нұсқаулықтарын» деген сөздер «құқықтық актілерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлiк есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат):
1-баптың 2-тармағындағы «жүйесіндегі қатынастары банк туралы заңдармен реттеледi» деген сөздер «және сақтандыру жүйесіндегі банк туралы және сақтандыру туралы тиісті заңдармен реттеледі» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн.».
2) 9-баптың бiрiншi абзацындағы «елуден» деген сөз «жүзден» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 65-бапта:
1-тармақ «шаруашылық серiктестiк» деген сөздерден кейін «, акционерлік қоғам» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «жаңадан пайда болатын» деген сөздерден кейін «акционерлік қоғам,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 69-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «елуден» деген сөз «жүзден» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «елуден» және «елуге» деген сөздер тиiсiнше «жүзден» және «жүзге» деген сөздермен, «серiктестiк» деген сөз «шаруашылық серiктестiк, акционерлік қоғам» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж, № 17-18, 223-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамдар туралы жалпы ережелер банк және сақтандыру қызметi туралы заң актілерiнде өзге ережелер белгiленбеген жағдайларда қолданылады.»;
2) 2-баптың он жетiншi абзацы мынадаЙ жаңа редакцияда жазылсын:
«баспасөз басылымы - таралымы кемiнде 30.000 дана болатын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiнде материалдар жариялайтын мамандандырылған басылым. Баспасөз басылымдарының тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
11 . «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат):
1) 2-баптың отыз жетiншi абзацындағы «бағалы қағаздармен» деген сөздер «қаржы құралдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы «оларды орналастырудың әрбiр алты айдағы» деген сөздерден кейiн «(әрбір алты ай аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 37-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қор биржасының акционерлерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаларға қор биржасының акцияларын сатып алу құқығы берiлуi мүмкін.»;
5-тармақ алып тасталсын;
4) 38-бапта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өзiнiң мүшелерiне қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау немесе тiркеу үшiн арнаулы жабдықталған үйлер және (немесе) арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендер болып табылатын сауда алаңдарын (сауда жүйелерiн) бередi;»;
жетiншi абзацтағы «бағалы қағаздар рыногында» деген сөздер «қаржы рыногында (қаржы құралдары мен қаржы қызметтерiнiң рыногында)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi бола алады.»;
6) 40-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемдегi «Қор биржасын басқару» деген сөздер «Қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi «Қор биржасын басқару» деген сөздер «Қор биржасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қор биржасы органдарының құрамына сайланған, бағалы қағаздары осы қор биржасының листингiне енгiзiлген ұйымдардың лауазымды адамдарының дауыстары листинг мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде дауыстарды санағанда есептелмейдi.»;
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қор биржасының жоғары органы шешiмдер қабылдаған кезде оның акционерлерiнiң дауыс саны бiрдей болады.»;
7) 42-баптың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бағалы қағаздар листингi үшiн»;
8) 44-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi және екiншi сөйлемдер «Биржалық» деген сөздiң алдынан «Бағалы қағаздармен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Қор биржасының мүшелерi келiскен кезде биржа олардың бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы қызметiн реттеуге құқылы»;
3-тармақта:
біріншi абзац «Биржалық» деген сөздің алдынан «Бағалы қағаздармен» деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта «қаржы құралдарымен» деген сөздер «бағалы қағаздармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «қаржы құралдарын» деген сөздер «бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 46-бапта:
2-тармақтағы «ережелерін» деген сөз «1-тармақпен белгіленген талаптарды» деген сөздермен, «биржа листингінен» деген сөздер «қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар санынан (осы бағалы қағаздардың делистингінен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «осы бағалы қағаздарды биржа листингінен шығарып тастау» деген сөздер «олардың делистінгі» деген сөздермен, «осы бапта» деген сөздер «осы баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Осы заңда белгіленген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары 1999 жылғы 1 қазанға дейін қайта тіркелуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 шілдедегі № 436-1