Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159,161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274,277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11, 12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат):
1) 13-тарау мынадай мазмұндағы 169-9, 169-10-баптармен толықтырылсын:
«169-9-бап. Ақпарат беру ережелерін бұзу және жазбаша нұсқамаларды орындамау
Сақтандыру ұйымының лауазымды адамның уәкілетті мемлекеттік органға сақтандыру туралы заңдарға сәйкес талап етілетін ақпаратты беруден жалтаруы, сондай-ақ сенімсіз ақпарат немесе сақтандыру туралы заңдарға сәйкес талап етілетін мәліметтері жоқ ақпарат беруі, не уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру туралы заңдардың анықталған бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамаларын орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер), -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-10-бап. Сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізу ережелерін бұзуы
Сақтандыру ұйымының лауазымды адамның бухгалтерлік есепті оның белгіленген стандарттарын немесе әдістерін (принциптерін) бұза отырып жүргізуі не ондағы көрсеткіштерді не сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын сақтау туралы мәліметтерді және (немесе) сақтандыру туралы заңдарда белгіленген сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұрмалауға апаратын есеп жасауы,-
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер),-
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
2) 237-9-баптың бірінші бөлігі «169-9, 169-10» деген сандармен толықтырылсын.
3) 248-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «қадағалау (169-5 - 169-8-баптар)» деген сөздер «және сақтандыруды қадағалау - (169-5 - 169-8, 169-9 және 169-10-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2, 3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік заңды тұлғалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 62-баптың 1-тармағы «не» деген сөзден кейін «акционерлік қоғамдар немесе» деген сөздермен толықтырылсын.
2) 77-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «елу» сөздері «жүз» сөздерімен ауыстырылсын, «шаруашылық серіктестік» деген сөздерден кейін «акционерлік қоғам» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі «шаруашылық серіктестіктері» деген сөздерден кейін «акционерлік қоғам» деген сөздермен толықтырылсын.
3) 107-баптың 2-тармағындағы «есеп айырысу» деген сөздер «банктiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 282-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл жағдайда теңгемен төленуге тиiстi сома Ұлттық Банктiң тиiстi шетел валютасы үшiн төлем күнi белгiленген ресми бағамы бойынша не тараптардың келісімiмен белгiленген өзге бағаммен айқындалады.».
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат):
1) 7-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «банктiк есеп айырысуды» деген сөздер «банктер мен олардың клиенттерi арасындағы ақша аударымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
г) тармақшасындағы «оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
д) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;»;
з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, банктердiң өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгi талаптарын белгiлейдi;»;
к) тармақшасындағы «есеп айырысу» деген сөздер «ақша төлемдерi мен аударымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
л) тармақшасында «белгiлейдi» деген сөз «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, бухгалтерлiк есептiң стандарттарын белгiлейдi» деген сөздермен ауыстырылсын;
м) тармақшасындағы «есеп айырысу» деген сөздер «ақша төлемдерi мен аударымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттік кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;»;
с) тармақшасында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«, сондай-ақ индоссаттың банк шотындағы қайта есептелген вексельдер сомасын төлеуге қарсылық бiлдiру негiзiнде осы вексель бойынша төлем жасаудан бас тартқан жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы у-1) және у-2) тармақшаларымен толықтырылсын;
«у- 1) банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) - банктердiң тұрған жерiнен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесiне ие болмаған және өкiлдiктер немесе филиалдар болып есептелмейтiн, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлiмшелерiн, сондай-ақ ломбардтардың тұрған жерiнен тыс жерде ломбардтар ашатын қабылдау пункттерiн ашуға келісім бередi және арнайы есебiн жүргiзедi;
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;»;
3) III тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері»;
4) 9-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «оның табысынан алынған» деген сөздер «оның таза табысынан алынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-бапта:
баптың атауындағы «қоры» деген сөз «капиталы» деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
«қоры» деген сөз «капиталы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өз» деген сөз «таза» деген сөзбен ауыстырылсын;
«осы қор туралы» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
«шығынды банк активтерiнен» деген сөздер «үмiтсiз талаптарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«банктiк емес активтерден құралады, оған аяқталмаған құрылыс көлемi және Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес өзге де талаптары, сондай-ақ әлеуметтiк сипаттағы төлемдер кiредi.» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 11-баптың екiншi және үшiншi бөлiктеріндегі «жарғылық капитал мен резерв қорын» деген сөздер «жарғылық және резерв капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) IY тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«IҮ тарау. Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті»;
8) 12-баптың атауындағы және екiншi бөлiгіндегі «басқару» деген сөз алып тасталсын;
9) 15-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
«басқару» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы е-1), е-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
л) тармақшасындағы «табыстары мен шығындары» деген «қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
м) тармақшасындағы «жарғылық капиталы мен резерв қорын» деген сөздер «жарғылық және резерв капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 17-бапта:
екiншi бөлiктегi «шақырылады» деген сөз «өткiзiледi» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiктегi «қатысқан» деген сөз «қатынасқан» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiктегi «қатысқан мүшелерiнiң» деген сөздер «Басқарма мүшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 19-бапта:
төртiншi бөлiкте:
«барлық» деген сөз алып тасталсын;
«(немесе оның орынбасарларының)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 43-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге» деген сөздер «банк шоттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 46-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «жартысынан» деген сөз «үштен екісiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) ҮIII тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру»;
15) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемi мен аударымын ұйымдастыруға өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйесiнiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және реттейдi, сондай-ақ:
1) ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқаулары мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
2) банктер мен олардың клиенттерiне кассалық қызмет көрсету тәртібін белгiлейдi.»;
16) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленедi.»;
17) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.»;
18) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
1) осы Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне алты айдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзiмi алты айдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн, өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Жарлықта тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.»;
19) 54-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
үшiншi абзац алып тасталсын;
төртiншi абзацтағы «өндiрiстiк» деген сөз алып тасталсын;
20) 56-баптың бiрiншi бөлiгіндегі в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан алып кету және жiберу тәртібін белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды міндетті түрде аудару тәртібін белгiлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шетел банктерiнде шот ашу шарттарын анықтайды.»;
21) 57-бапта:
атауындағы «шетелдiк валютамен» деген сөздер «валюталық құндылықтармен» деген сөздермен ауыстырылсын:
бiрiншi бөлiктiң үшiншi абзацындағы «кепiлдiк берген» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасымен» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 58-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi және бесiншi абзацтарындағы «монетарлық» деген сөз «тазартылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:
«62- 1-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыру
1. Қазақстан Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Президентi өзiне жүктеген өкілеттiкке сәйкес сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады.
2. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган ретiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттерi мен мақсаттары осы Жарлықта және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленедi.
3. Қазақстан Ұлттық Банкi сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган ретiнде:
1) Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн, сақтандырушылардың және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу жөніндегі шараларды белгілейдi және iске асырады;
2) өз құзiретi шегiнде сақтандыру рыногының барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi сақтандыру қызметi мен оны қадағалау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялайды;
5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат бередi, Қазақстан Республикасының аумағында да, республика аумағынан тыс жерлерде де сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім бередi;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма Төрағалары мен мүшелері, бас бухгалтерлері, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады;
7) сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды тексередi (инспекциялайды);
3) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат алып отырады;
9) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысандарын, беру мерзiмiн белгiлейдi;
10) сақтандыру статистикасын әзірлеу сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау жасау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қауымдастықтарынан, одақтары мен бірлестіктерінен, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алып отырады;
11) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ олардың қызметін заңдарда көзделген негіздемелер бойынша сот тәртібімен тоқтату жөнінде шаралар қолданады;
12) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалайтын орталық органдарымен қарым-қатынастарда, халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің сақтандыру қызметiн қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган ретіндегі өзге функциялары және өкiлеттiгi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.»;
24) 64-баптың екiншi бөлiгiнiң алтыншы абзацындағы «Байқаушы Кеңесiнiң» деген сөздер «Директорлар кеңесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 66-бапта:
екiншi бөлiктегi «Банкінің» деген сөзден кейiн «жылдық» деген сөзбен толықтырылсын:
үшiншi бөлiктегi «пайдасы мен шығыны» деген сөздер «қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 67-бапта:
бiрiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы «пайдасы мен шығынының», «пайда» деген сөздер «қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң», «таза табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «балансының» деген сөз «қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық баланстың және есептiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 72-баптың екiншi бөлiгіндегі «есеп айырысу ұйымдары» деген сөздер «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жырығы 17 сәуірдегі № 2198 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14; 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6; 50-құжат; № 17-18; 224-құжат.):
1) 6-бапта:
үшiншi бөлiкте:
«Банк» деген сөзден кейiн «және сақтандыру (сақтандыру делдалдығын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктердiң филиалдарын және өкiлдiктерiн» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банктердiң, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi тиiсiнше банк және сақтандыру заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттік) тiркелуге жатпайды.»;
төртiншi-тоғызыншы бөліктер бесінші-оныншы бөліктер болып есептелсін;
2) 14-баптың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң, ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиiстi банк және сақтандыру заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.».
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы« 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат, № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7; 80-құжат; № 11; 144-149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195-205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырылар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы» заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің Лицензиялау туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың екiншi бөлiгіндегі «операцияларын жасауға» деген сөздерден кейiн «және сақтандыру рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-баптың 1-тармағындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары мен брокерлерiнiң сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы қызметi;»
3) 15-бап мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары мен брокерлерiне сақтандыру және қайта сақтандырумен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия беру шарты мен тәртібі сақтандыру және қайта сақтандыру туралы заңдарда белгiленедi.»;
4) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру және қайта сақтандыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн.».
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 231-құжат; № 19; 370-құжат; 1997 ж., № 5; 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағындағы «министрлігінде», «министрлігі» деген cөздер «министрлігі органдарында», «министрлігінің органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
2-тармақта:
а) тармақшасындағы «жарғылық капиталдағы» деген сөздер жарғылық капиталдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олардың жалпы санынан олардың бiр эмитентiнiң акцияларына» деген сөздер «шығарылған акциялардың жалпы санынан бiр эмитенттiң акциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
д) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын:
«е-1) бағалы қағаздары қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыру»;
3) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бiрлестiктер
Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.»;