Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер
орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1502 Қаулысы
(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3001 Жарлығын орындау үшiн (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 21, 179-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 29.10.02 ж. № 1148 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың тiзбесi;
"Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 29.10.02 ж. № 1148 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге енгiзiлген оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды басқару жөніндегі уәкiлеттi орган болып Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы ғылымды қаржыландыруға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен негiзгi мiндеттер мен көрсеткiштерге сәйкес мақсатты бағдарламаны қамтамасыз ететiн "Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң" ғылыми-техникалық бағдарламасын белгiленген тәртiп бойынша бiр ай мерзiм iшiнде бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Еңбек министрлігімен бiрлесiп Қаржы министрлігімен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
5. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1502
қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым
академиясына ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың
ТIЗБЕСI
────────────────────────────────────────────┬───────────────────────
Ғылыми ұйымдар │ Орналасқан жерi
────────────────────────────────────────────┼───────────────────────
1 │ 2
────────────────────────────────────────────┴─────────────────────── В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк Алматы облысы ғылыми-зерттеу институты Қаскелең ауданы Еңбек Қызыл Ту ордендi Қазақ қой Алматы облысы шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық Жамбыл ауданы институты Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу Алматы облысы технологиялық институты Қаскелең ауданы Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы Алматы облысы ғылыми-зерттеу институты Қаскелең ауданы Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу Алматы қаласы станциялары бар (МҒЗС) мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты:
Батыс Қазақстан МҒЗС Орал қаласы
Қарағанды МҒЗС Қарағанды қаласы
Академик К.И.Скрябин атындағы
Жамбыл МҒЗС Жамбыл қаласы
Қостанай МҒЗС Қостанай қаласы
Целиноград МҒЗС Ақмола қаласы
Оңтүстiк Қазақстан МҒЗС Шымкент қаласы
Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн Алматы қаласы ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн Ақтола қаласы ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының Тың бөлiмшесi Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу институты Алматы облысы
Қаскелең ауданы
Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы Қызылорда қаласы ғылыми-зерттеу институты Қарағанды ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Қарағанды облысы кеңшар институты Тельман ауданы Солтүстiк мал шаруашылығы және мал Солтүстiк Қазақстан дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институты облысы
Бескөл ауданы
Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Шымкент қаласы институты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Жамбыл қаласы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу Алматы облысы институтының Алматы кешендi бөлiмi Талғар ауданы А.И.Бараев атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендi Ақмола облысы, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу Шортанды ауданы институты Қазақ орман тәжiрибе стансалары (ОТС) бар Көкшетау облысы орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Щучье қаласы
Алматы орман-тәжiрибе стансасы Алматы қаласы
Алтай орман-тәжiрибе стансасы Лениногор қаласы
Батыс Қазақстан орман-тәжiрибе стансасы Ақтөбе қаласы
Қостанай орман-тәжiрибе стансасы Қостанай қаласы
Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу Орал облысы институтының Жәнiбек стационары Жәнiбек ауданы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу Алматы қаласы институты және оның бөлiмдерi:
Балқаш Балқаш қаласы
Алтай Өскемен қаласы
Арал Арал қаласы
Атырау Атырау қаласы
Қазақ экспериментальды базалы ет және сүт Семей қаласы өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты Қазақ экспериментальды базалы астық және оны Ақмола қаласы ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институты Қазақ экспериментальды базалы астық және оны Алматы қаласы ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институтының Алматы бөлiмшесi Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу Алматы облысы институты Қаскелең ауданы Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану Ақмола облысы және өңдеу ғылыми-зерттеу технологиялық Алексеев қаласы институты Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Талдықорған қаласы институты Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу Алматы қаласы институты Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Павлодар облысы институты Павлодар ауданы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-зерттеу институты Глубокое ауданы Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Атырау қаласы институты "Алмалы" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi Алматы қаласы (бас ұйым - Қазақ жемiс шаруашылығы және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) "Жемшөп және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк Алматы қаласы бiрлестiгi (бас ұйым - Қазақ жемшөп өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу институты) "Көкшетау" эксперименттi базалы майда Көкшетау облысы тұқымды шөптi тазалау жөніндегі ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiк (бас ұйым - Көкшетау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) "Қостанай" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi Қостанай облысы (бас ұйым - Қостанай ауыл шаруашылығы Қостанай ауданы ғылыми-зерттеу институты) "Қазауылшармеханикаландыру" эксперименттi Алматы қаласы базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас ұйым - Қазақ ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты) "Тыңауылшармеханикаландыру" эксперименттi Қостанай қаласы базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас ұйым - Тың ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты) "Шымкент" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бас Оңтүстiк Қазақстан ұйым - Мемлекеттік облыстық ауыл облысы шаруашылық тәжiрибе стансасы) Сайрам ауданы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 9 желтоқсандағы № 1502
қаулысымен Бекiтiлген
"Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң"
мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының
негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi
Проблеманың жай-күйi
Агроөнеркәсiптiк кешен - азық-түлiк және шикiзат ресурстарын негiзгi берушi және елiмiздiң экспорттық мүмкiндiктерiнiң маңызды буыны. Соңғы жылдары онда қоғамдық жалпы өнiмнiң - 35, ұлттық табыстың - 40 және халық тұтынатын тауарлардың 63 процентi өндiрiлдi.
Республикада ауыл шаруашылығының алқабы 222,6 млн. га құрайды, оның iшiнде егiстiк - 33,7 шабындық - 5,1 жайылым - 182,4 көпжылдық шөптер - 146, суландырылатын жерлер - 2,4 млн. га.
Егер жер қоры мен әр аймақтың биоклиматтық әлеуетiн тиiмдi пайдаланған кезде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнiмдерiн республиканың iшкi және экспорттық қажеттерiн қанағаттандыра алатын көлемде өндiрудi қамтамасыз ете алады. Алайда қазiр аграрлық сектор терең дағдарыста қалып отыр. Жалпы өнiм өндiрiсiнiң орташа жылдық құлдырауы 7,4 процентке жеттi. Топырақтың құнарын сақтау, өсiмдiктердi қорғау, өсiмдiктер мен малдың генофонын сақтау жұмыстары тоқтады.
Село тауар өндiрушiлерiнiң төлем қабiлетi төмен болғандықтан, техникаға деген сұраныс күрт азайды, республиканың машина-трактор паркi жаңартылмайды, ауыл шаруашылығы техникасының 70 процентке жуығы есептен шығарып тастауға жатады. Техниканың физикалық және моральдық жағынан тозуы жұмыстың технологиясы мен агрономиялық мерзiмнiң бұзылуына, соған сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмiнiң кем алынуына және оның сапасының нашарлауына әкеп соқтырды.
1995 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы 1990 жылғымен салыстырғанда екi есе азайды (жаздық дәндi дақылдар мен дәндi бұршақ дақылдары тиiсiнше гектарына 10 және 5 ц/га). Малдың саны мен өнiмдiлiгi азайды. 1992 жылғымен салыстырғанда iрi қара саны - 29,5 қоймен ешкi 46,4, шошқа - 48,8, құс 68,1 процент кемiдi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны ұқсатудың тиiмдiлiгi жоғары интенсивтi технологияларын игеру тоқтады.
1995 жылы 1990 жылғымен салыстырғанда iшек-қарын, сүйек-аяқты қоса есептегенде еттiк жартылай фабрикаттарды өндiру 30 процент, шұжық бұйымдары 22,2 процент, қаймақ алынбаған сүт өнiмдерi - 22,9, нан және нан-тоқаш бұйымдары 66,9 процент азайды. Жалпы 580 кәсiпорын 56,6 млрд. теңгенiң тамақ өнiмдерiн берген жоқ. Соның салдарынан халықтың тамақ рационында тұтынатын өсiмдiк майы, қант, көкөнiс және балық өнiмдерi 45-50 процент, жемiс-жидек үштен бiрге, ет - 21, сүт - 13, жұмыртқа 20 процент кемiдi, сөйтiп тағамда 11,5 процент белок және 34,5 процент май жетпей қалды.
Терi және тiгiн кәсiпорындарында жағдай мейлiнше ауыр болып отыр - оларда иiрiлген жiп пен терi - 4, ал жуылған жүн 2,5 есе қысқарды.
Пайдаланатын қызмет пен шаруашылықтар арасындағы төлем жүйесiнiң айқын тетiгi болмағандықтан, шаруашылықтар өздерiнiң шығынын өтей алмағандықтан және технологиялық әдiстер бұзылғандықтан, мұның өзi суландыру торабының бұзылуына, суландыратын каналдардың, құрғату жүйелерiнiң iстен шығуына, топырақтың қайта сортаңдануына соқтырып, соның салдарынан 256,6 мың га суландырылатын жер тыңайған жерге жатқызылды.
Пайдаланылатын негiзгi ағаштарды жүйесiз шауып, санитарлық мақсатта кесудi күрт азайтып, зиянкестер орманды залалдағандықтан (642,2 мың га), орманның өртенуiнен (35,8 мың га) республика ормандарының экологиялық-биологиялық күйi күрт нашарлады.
Агроөнеркәсiптiк кешендi дағдарыстан шығарып, оның тиiмдiлiгiн арттырудың аса маңызды факторы оны ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты және "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы № 434 қаулысын iске асыру мақсатында "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық (МҒТБ) бағдарламасы жасалды. Оның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк күш мүмкiндiктерiн аграрлық секторды дағдарыстан шығаруға және оны табыспен дамытуды пайдалануға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - халықты азық-түлiкпен және өнеркәсiптi шикiзатпен барынша толық қамтамасыз ету үшiн өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң ғылыми негiзiн жасау. Мақсатқа жету үшiн мына мiндеттердi шешу керек:
жер реформасын жүзеге асыру;
қаржы, несие, баға және салық саясатын реформалау;
жердiң құнарын сақтап, арттыра түсу және осының негiзiнде ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруды қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, ауыл шаруашылығы жануарлары аталықтары мен кростарының тұқымдарының үлгiлерiн, бұтақтарының, құстардың, балықтардың гендiк қорын, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын, ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық және тауарлық үйiрлерiн жақсартуды одан әрi пайдалану үшiн сақтау;
өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң, ұқсатудың және сақтаудың қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн аймақтық, қорды үнемдейтiн, тиiмдiлiгi жоғары және бәсекелiк қабiлетi бар технологиясы мен техникалық құралдарын жасау;
орман қорын қалпына келтiру, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарда ландшафтық қалпына келтiру үшiн ағаш өсiру;
ластану процесiнiң және суландырылатын жерлердiң минералдана түсуiнiң салдарынан өсiп бара жатқан су қоры тапшылығының алдын алу.
Осыған байланысты "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасында мыналар көзделедi:
нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсiп өндiрiсiнiң экономикалық реттеу тетiгiн негiздеу;
Қазақстанның негiзгi табиғи шаруашылық аумақтарына арнап егiншiлiктiң агроландшафт жүйесiн және топырақтың құнарын басқарудың тиiмдi әдiстерiн жасау;
өнiмдiлiгі жоғары, ортаның қиын-қыстау факторына (ауруларға, зиянкестерге, үсiкке, құрғақшылыққа, сортаңдануға) төзiмдi, интенсивтендiру факторларын қабылдағыш жаңа 129 сорт пен будан шығару, оның iшiнде 53 - дәндi, 3 - дәндi бұршақты, 3 - жарма, 6 - техникалық, 24 - жемiс-жидек, 8 - көкөнiс, 8 - картоп, 24 - мал азығы дақылдары;
еңбек пен қаражатты аз жұмсап экологиялық таза өнiм алуды қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 10-15 процентке және ауыл шаруашылығы малдарының өнiмдiлiгiн 5-10 процентке арттыруға мүмкiндiк беретiн, өнiмдi өндiруге, сақтауға және ұқсатуға арналған механикаландыру құралдарын (48 машина және құрал) жасау;
республиканың су қорын автоматты түрде басқару жүйесiн құру және суды түрлiше интенсивтiлiкпен берiп тұратын әртүрлi әдiспен суаруға мүмкiндiк беретiн техникалық құралдар жасау;
орман шаруашылығын жүргiзу жүйесiн, орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын сақтаудың, экологиялық апатқа ұшыраған жерлердегi ормандарды қалпына келтiру мұқтаждарын өтеудiң әдiстерi мен технологиялық әдiстерiн жасау;
егiншiлiктiң аумақтық жүйесiнде қолданылатындай етiп, өнiм ысырабын 15-20%, пестицидтер жүктелуiн 20-25% азайтуға мүмкiндiк беретiн өсiмдiк қорғау жүйесiн оңтайландыру;
iрi қараның 1 тұқымын, 6 үлгiсiн, 7 зауыттық желісін, шошқаның 2 үлгiсiн, қойдың 17 үлгiсi мен 7 желісін, жылқының 1 тұқымын, 3 үлгiсiн және 8 желісін, сүттi ешкiлердiң 1 отарын, тауықтың 5 кросын шығару;
республикамыздың табиғи-климат аймақтарының ерекшелiктерiн және меншiк нысанын ескере отырып ауыл шаруашылығы мал төлiн өсiрудiң жаңа технологиясын жасау;
екпе шабындықтар мен жайылымдықтар жасау үшiн мал азығындық дақылдар жиынтығын көбейтiп, оларды егiп өсiрудiң агротехникасын жасау, қуаңшылық аумақтардағы азған жайылымдарды жақсарту әдiстерiн жетiлдiре түсу;
сортаңданған жерлердiң құнарын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн өндiрiс технологиясын жасау, суландырылатын жерлерде гектарынан 12-15 мың азық өлшемiн және суарылмайтын жағдайда 2-3 мың азық өлшемiн алуды қамтамасыз ететiн егiстiкте мал азығын өндiрудiң экономикалық жағынан тиiмдi және экологиялық жағынан қауiпсiз технологиясын құру;
су экологиялық жүйесiнiң экологиялық-биологиялық заңдылықтарының өзгерiстерiн зерттеу және анықтау, қолдан балық шығаруды өрiстету, балық шикiзатын сақтау мен ұқсатудың технологиялық процестерiн жетiлдiру;
Қазақстанның әртүрлi табиғи аумағы үшiн дәрiлiк өсiмдiктердi iрiктеудiң принциптерiн, көбейту әдiстерi мен өндiру және ұқсату технологиясын жасау;
өсiмдiк және жануар тектес шикiзаттардан дәрi-дәрмек және тамақ өнеркәсiбiнде пайдалану үшiн өнiм алу әдiстерiн жасау;
экологиялық мониторинг ұйымдастыру және агроөнеркәсiптiк кешен салаларын басқарудың экологиялық және экономикалық негiздерiн жасау.
Жиынтық бөлiм
Бағдарлама 5 жылға есептелген және 12 негiзгi мiндеттен тұрады. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң тiзбесi, күтiлетiн нәтижелер, олардың ғылыми-техникалық көрсеткiштерi, қажеттi бюджет қаржысы, сондай-ақ аграрлық ғылымның тәжiрибе-эксперименттiк кәсiпорындары шығаратын өткiзiлетiн ғылыми өнiмнiң көлемi кестеде келтiрiлген.
Бағдарламаға байқауда iрiктеуден өткен 871 ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық еңбек енгiзiлдi.
Бағдарламаны орындау үшiн республикамызда қажеттi материалдық-техникалық база, біліктi ғылыми күш және ғылыми-техникалық бастамалар әбден жеткiлiктi.
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық еңбектердi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының 34 мамандандырылған және аймақтық ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжiрибе станциясы және 44 тәжiрибе шаруашылығы, сондай-ақ оның құрамына кiрмейтiн 11 жоғары оқу орны және 21 ғылыми мекеме орындайтын болады. 1996 жылы зерттеу жұмыстарын 6340 маман орындайды, оның iшiнде 1044 ғылым кандидаты мен 202 ғылым докторы бар.
Орталықтың ғылыми мекемелерiнде 15 институтта аспирантура арқылы 33 мамандық бойынша жоғары біліктi ғылыми кадрлар даярлануда, ол институттарда 5 докторлық және 2 кандидаттық арнайы кеңес жұмыс iстейдi.
Қазақстан селекционерлерi дақылдардың 137 сорты мен буданын шығарды, ол мемлекеттік сынақтан өтуде. Қазiр дақылдардың 103 сорты мен буданы аудандастырылды. Малшылар 3 тұқым, 14 үлгi және 38 желi шығарды. Өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру технологиясының жаңа элементтерi жасалды. Өндiрiске 10 диагностикум, 8 вакцина, 15 препарат, 7 дезинфекциялайтын дәрi ұсынылды. Ғалым-механизаторлар 24 машина жасап, машина сынайтын станцияларға оларды сериялап шығару ұсынылды. 16 машина мен құрал мемлекеттік және шаруашылық сынақтан өту үстiнде.
Ресурстық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес конкурстық негiзде агроөнеркәсiптiк кешендi 1996 жылы және 2000 жылға дейiн ғылыммен қамтамасыз етудiң кеңейтiлген ғылыми-техникалық бағдарламасы жасалды. 1996 жылы iстелiп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар басты ұйымдардың ғылыми кеңестерiнде, салалық бөлiмшелердiң ғылыми кеңестерiнде қаралып, мақұлданған. Бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келісілген және оны Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiнiң Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi мақұлдаған.
"Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландырылады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы айқындап отыратын болады.
Ғылыми-техникалық бағдарламаны 1996-2000 жылдарға қаржыландыру үшiн мемлекеттік бюджеттен тұтастай алғанда 5095 млн. теңге, оның iшiнде 1996 жылға 668,8 млн. теңге керек.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi елiмiздiң агроөнеркәсiптiк кешенiн ғылыми қамтамасыз етуге жауап беретiн Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы жүргiзедi "Агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз етудiң" мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасы жөніндегі бас ұйым - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы, ал Бағдарламаның басшысы Орталықтың басшысы болып табылады.
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн
ғылыми қамтамасыз ету" атты мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi
───────────────────────────┬────────────────────────────────────────
Бағдарламаның негiзгi │Бағдарламаның ғылыми-техникалық
мiндеттерi │ көрсеткiштерi
├────────────────────────────────────────
│ 1996 - 1998 жылдарға арналған
───────────────────────────┼────────────────────────────────────────
1 │ 2
───────────────────────────┴────────────────────────────────────────