16. Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де билік етуге құқылы емес.
Министрлік өз бетімен билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері заңдарда белгіленуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
17. Министрлік, оның органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары әділет органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Министрлікті Министр басқарады.
Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары-вице-министрлері болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 28.12.01 ж. № 1755; 14.06.02 ж. № 644; 22.08.02 ж. № 939 қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді
19. Министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретiне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Әдiлет министрлiгінiң қызметкерлерiн, Министрлiк комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық органдарының, Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы атақтарды, сыныптық шендерді береді;
бұйрықтар шығарады;
Министрліктің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Министрліктің қарауындағы органдар басшылары актілерінің күшін жояды, не толығымен, не ішінара тоқтата тұрады;
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдай режимiн енгiзедi;
орта және аға басшы құрамның бiрiншi арнайы атағы, сондай-ақ әдiлет полковнигi атағын бередi;
сотқа мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерін жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен шағымданады;
әдiлет органдары орындауға мiндетті актiлердi, сондай-ақ өзiнiң құзыретi шегінде өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті актiлер шығарады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсынымдар енгiзедi.
өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда
20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы № 223
қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 2-қосымшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы № 223
қаулысына
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. № 487; 28.02.00 ж. № 314; 18.08.00 ж. № 1278 қаулыларымен 3-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың
тізбесі
"Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы
"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
"Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлік қоғамы
"Ұлттық заң қызметі" жабық акционерлік қоғамы
"Жеті Жарғы" жабық акционерлік қоғамы
"Заң" акционерлік компаниясы" ашық акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 11 наурыздағы
№ 223 қаулысына
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 461 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды ; 31.12.03 ж. № 1369 (бұр.ред. қара) қаулыcымен өзгертілді
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының
тізбесі
1. Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қ.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті Ақтөбе қ.
3. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қ.
4. Атырау облысының Әділет департаменті Атырау қ.
5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Өскемен қ.
6. Жамбыл облысының Әділет департаменті Тараз қ.
7. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Орал қ.
8. Қарағанды облысының Әділет департаменті Қарағанды қ.
9. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қ.
10. Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қ.
11. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қ.
12. Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар қ.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Петропавл қ.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Шымкент қ.
15. Астана қаласының Әділет департаменті Астана қ.
16. Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қ.