4) әскерлердің жедел (жауынгерлік) даярлығының, қызметінің қамтамасыз етілуінің жай-күйін, әскерлерді басқару жүйесінің құрамын және (немесе) жай-күйін ашатын мәліметтер;
5) әскерлердің жұмылдырушылық өрістетілуі, адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу, жұмылдырушылық өрістетілуді басқару жүйесі туралы және (немесе) әскерлерді жеке құраммен жасақтаудың, қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық, қаржы қаражатымен, сондай-ақ әскери тасымалдаумен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы мәліметтер;
6) қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдарын немесе жоспарларын, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі мақсатты бағдарламаларды зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын немесе нәтижелерін, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ашып көрсететін мәліметтер;
7) қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеудің бағыттарын, оларды даярлаудың конструкциясын, технологиясын, изотоптық құрамын, жауынгерлік, физикалық, химиялық, немесе ядролық қасиеттерін қолдану немесе пайдалану тәртібін ашып көрсететін мәліметтер;
8) бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын (заттай түрде) шығару және (немесе) жеткізу жөніндегі өндірістік қуаттарды, жоспарлы немесе іс жүзіндегі деректерді ашатын мәліметтер;
9) қорғаныстық және экономикалық маңызы зор атом ғылымы мен техникасының немесе қару-жарақ пен әскери техниканың және (немесе) принципінде жаңа бұйымдар мен технологиялар жасау мүмкіндіктерінің сапасы жөнінен жаңа деңгейін анықтайтын жетістіктерін ашатын мәліметтер;
10) ракеталық отын, баллистикалық оқ-дәрі, әскери мақсаттағы жарылғыш заттар немесе жару құралдары, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға арналған жаңа құймалар, арнайы сұйықтар, отын өндірудің қасиеттерін, рецептурасын немесе технологиясын ашатын мәліметтер;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық жариялауға жататын объектілердің тізбесіне кіргізілмеген әскерлердің орналасқан жерін, шынайы атауын, ұйымдық құрылымын, қару-жарағын, санын ашатын мәліметтер;
12) Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде пайдалану туралы мәліметтер;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелеріне кірмейтін режимді объектілердің орналасқан жері, мақсаты, даярлық дәрежесі немесе қорғалуы туралы, аталған объектілерді салу үшін жер учаскелерін, жер қойнауларын немесе айдындарды таңдау, бөлу туралы, сондай-ақ бұл объектілерді жасау жөнінде жоспарланып немесе жүргізіліп отырған іздестіру, жобалау және өзге де жұмыстар туралы мәліметтер. Мемлекеттік өкімет органдарының арнаулы объектілеріне қатысты нақ сондай мәліметтер;
14) мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының өзара ұштастырылған байланыс желілерін пайдалану немесе оларды дамытудың болашағы туралы мәліметтер;
15) магистралды қалааралық байланыс желілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі жалға алатын запастағы байланыс тораптарының географиялық координаттарын қамтитын схемалары мен сипаттаулары бар олардың қуаттары туралы деректер көрсетілген жиынтық мәліметтер;
16) әскери немесе арнаулы мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен радиожиіліктері белдеулерінің бөлінуін немесе пайдаланылуын ашатын мәліметтер;
17) байланыстың барлық түрлерінің, әскерлерді радиолокациялық, радиотехникалық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын немесе олардың жұмыс істеуін ашатын мәліметтер;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң негiзгi қызмет түрлерiн ұстауды, ұйымдастыруды немесе олардың нәтижелерін ашатын мәліметтер;
19) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды дамытудың бағыттарын, бұл құралдарды, технологияларды жасау немесе жаңғырту жөніндегі нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын, нәтижелерін ашатын мәліметтер;
20) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды әскери мақсаттарда қолдану туралы мәліметтер;
21) Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымдарын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде дамытудың перспективалары туралы және (немесе) оларды пайдалану туралы мәліметтер;
22) мемлекеттің қорғанысы мен оның қауіпсіздігі мүдделерінде гидронавтиканы дамытудың жай-күйін және (немесе) бағыттарын ашып көрсететін мәліметтер.
ҚР 02.04.04 ж. № 541-II (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара); 2010.03.02. № 248-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер
Экономика, білім, ғылым және техника саласында мыналар мемлекеттік құпияларға жатқызылады:
1) Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуге дайындауды айқындайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер;
2) ғылым мен техника саласында принципті жаңа бұйымдарды жасауға пайдаланылуы мүмкін ең жаңа жетістіктердің, экономиканың түрлі салаларындағы технологиялық процестердің мәнін ашатын, сондай-ақ жария болуы мемлекет мүддесіне залал келтіруі мүмкін қару-жарақтар мен әскери техника мүмкіндіктерінің, олардың жауынгерлік тиімділігін арттырудың сапалық жаңа деңгейін анықтайтын мәліметтер;
3) мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мүдделерінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық немесе жобалық жұмыстардың мазмұнын және (немесе) бағыттарын ашатын мәліметтер;
4) мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесінде жүргізілетін шараларды ашатын кадрларды даярлау немесе бөлу туралы мәліметтер;
5) гидрометеорология немесе гелиогеофизика саласындағы жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде жүргізілетін арнаулы геологиялықгеофизикалық зерттеулердің нәтижелерін ашатын мәліметтер;
6) мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жоспарын (тапсырмасын), қару-жарақ пен әскери техниканы беру көлемін, оларды шығару жөніндегі өндірістік құжаттарды ашатын мәліметтер;
7) кәсіпорындардың кооперация жөніндегі байланыстары, қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеушілер немесе дайындаушылар туралы мәліметтер, егер бұл мәліметтер оларды шығару жөніндегі өндірістік қуаттар және (немесе) қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасы туралы деректерді ашатын болса;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық жағынан қамтамасыз етудің жай-күйін, әскери эталондардың техникалық немесе метрологиялық сипаттамаларын немесе қару-жарақ пен әскери техниканың сапалық жағынан жаңа деңгейін айқындайтын метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын ашатын мәліметтер. Стандарттауды дамытудың негізгі бағыттарын немесе бағдарламаларын, сондай-ақ әскери ұлттық стандарттардың мазмұнын ашатын мәліметтер;
9) Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық прогрестің болжамды бағалануын және оның мемлекеттің қорғаныс қабілетін айқындайтын бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық салдарларын ашатын мәліметтер;
10) металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды өндіруі туралы мәліметтер;
11) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда жер қойнауларындағы ресурстық әлеуетті, баланстық қорларын ашатын мәліметтер немесе пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерін өндіру туралы деректер;
12) республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді (қорытылған көрсеткіштерден басқа) ашатын шығыстары туралы мәліметтер;
13) қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылымизерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілердің мүдделерінде жүргізілетін жұмыстарға қатысты нақ сондай мәліметтер;
14) қару-жарақ пен әскери техниканы, режимдік объектілерді әзірлеу, өндіру немесе жөндеу тапсырыстарына арналған қаржыны немесе нақты шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілерге де қатысты нақ сондай мәліметтер;
15) сыртқы берешектер бойынша жинақталған көрсеткіштерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен реттелмеген есеп айырысулары жөніндегі мәліметтер;
16) мемлекеттік органдар сметаларының жекелеген баптары бойынша әскерлерді ұстауға арналған ақша қаражатының шығыстарын ашатын мәліметтер;
17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешім қабылданған күннен бастап және бұл мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына берген кезге дейін банкноттар мен монеттерді (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса;
18) мемлекеттік бағалы қағаздарды, құжаттарды қолдан жасаудан қорғаудың әдістері, сондай-ақ олардың түпнұсқалылығын айқындаудың әдістері туралы мәліметтер;
19) қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау (жөндеу) жөніндегі жұмылдыру қуаттары, бұл қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер;
20) жаппай қолданылатын өнімдерді, шикізаттың, материалдардың стратегиялық түрлерін өндіру жөніндегі жұмылдырушылық қуаттар, осы қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер;
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) индикациялау, газсыздандыру, халықты жаппай жою қаруларынан химиялық қорғау құралдарын немесе олар үшін жаңа сорбционды және басқа да материалдар жасау мақсатында жүргізілген жұмыстарды ашатын мәліметтер;
22) қорғаныстық немесе экономикалық маңызы зор топографиялық, геодезиялық немесе картографиялық қызметтердің нәтижелерін ашатын мәліметтер;
23) көлік желілерінің, көлік құралдарының жай-күйін, оларды әскери мақсаттар үшін жабдықтауды, дайындауды, әскери тасымалдардың көлемін және қару-жарақ пен әскери техниканы тасымалдау бағыттарын ашатын мәліметтер;
24) темір жолдардың жүктерді темір жолмен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін және (немесе) жұмылдыру резервтерін, әскери тасымалдауды ұйымдастыру мен олардың көлемін, энергетикалық, минералдық, ауыл шаруашылығы шикізаттарының, отындардың, материалдардың стратегиялық түрлерін, қару-жарақтың немесе әскери техниканың жекелеген түрлерін тасымалдаудың көлемі мен тасымалдау бағыттарын, байланыс немесе басқару жүйелерін ұйымдастыруды және (немесе) олардың жұмыс істеуін, сондай-ақ темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды ашатын мәліметтер;
25) әскерлерді тиеу немесе түсіру пункттерінің орналасқан жерін, мамандануын, қуатын және (немесе) өткізу қабілетін, оларға азық-түлік, медициналық-санитариялық жағынан қызмет көрсету туралы деректерді ашатын мәліметтер;
26) көлік құралдарына, оның ішінде көліктің жекелеген түрлері бойынша жұмылдырушылық қажеттіліктерін және (немесе) олармен жұмылдырушылық жөнінен қамтамасыз етілуді ашатын мәліметтер;
27) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда азаматтық қорғаныс күштерінің немесе құралдарының жай-күйін ашатын мәліметтер;
28) Қазақстан Республикасы экономикасының жұмылдырушылық жоспарын құрылымдық жағынан ұйымдастыруды немесе олардың көрсеткіштерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе жекелеген ұйымдардың жұмылдырушылық дайындығының жай-күйін ашатын мәліметтер;
29) мемлекеттік материалдық резервтiң нақты запастарын ашатын мәлiметтер;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары, халықтың тіршілік ету жүйелерін қамтамасыз ететін объектілерге және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық техникалық құжаттаманың сақтандыру қорының жасалуы мен сақталуын сипаттайтын мәліметтер, тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша техникалық құжаттаманың сақтандыру қорын сақтау объектілерін (базаларын) орналастыру туралы мәліметтер;
31) Қазақстан Республикасының өнеркәсібін жұмылдыруға дайындау және жұмылдыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын, мазмұнын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер;
32) Қазақстан Республикасының соғыс уақыты кезіндегі шет елдермен төлем балансын ашатын мәліметтер;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33) тармақша өзгертілді
33) елді қорғау мүдделерінде пайдаланылуы мүмкін кен қазу орындары, табиғи үңгірлер, басқа да ғимараттар туралы мәліметтер, сондай-ақ темір жол тораптарының, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар объектілердің схемаларын ашатын мәліметтер;
34) қару-жарақты, әскери техниканы жасауға, өндіруге және (немесе) пайдалануға жағдай туғызатын, олардың күзетілетін параметрлерін ашатын физикалық-химиялық құбылыстар (өрістер) туралы мәліметтер;
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың күші қолданылатын және олармен алмасу көзделетін мәліметтер мен ашық көздерден немесе оларға еркін қол жеткізу арқылы алынуы мүмкін мәліметтерді қоспағанда, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36) бюджет қаражаттары есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер.
13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер
Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының стратегиясы мен тактикасын ашып беретін сыртқы саясат, сыртқы сауда, ғылыми-техникалық байланыстар мәселелері жөніндегі, күні бұрын таратылуы мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер;
2) егер жария еткен жағдайда олардың көзін анықтауға әкеп соғуы мүмкін бір немесе бірқатар шет мемлекеттерге қатысты сенім білдіру тәртібімен алынған саяси, әскери, ғылыми-техникалық немесе экономикалық мәселелер жөніндегі мәліметтер;
3) егер келіссөзге қатысушылардың пікірі бойынша бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мен басқа мемлекеттердің өкілдері арасындағы халықаралық қатынастарда бірыңғай принципті көзқарас тұжырымдау жөніндегі келіссөздер туралы мәліметтер;
4) күні бұрын тарату Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне, саяси немесе экономикалық мүдделеріне зиян келтіру мүмкін халықаралық шарттарды әзірлеу, жасасу, олардың күшін жоюға дайындау, мазмұны немесе орындалуы туралы мәліметтер;
5) егер бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, алушы елдері көрсетілетін қару-жарақтың, әскери техниканың немесе керек-жарақтардың экспорты мен импорты туралы мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекеттерге қару-жарақты, әскери техника мен әскери объектілерді жасауға техникалық жәрдем, оның ішінде тегін көрсету туралы мәліметтер;
6) шет мемлекеттермен ерекше кезеңдегі экономикалық ынтымақтастықтың мәнін немесе көлемін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осы мәселелер жөніндегі сыртқы экономикалық ұйымдары әскери-жұмылдыру органдарының өзара іс-қимылын ашатын мәліметтер;
7) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы есептік жылға арналған шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді өзара беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың немесе соңғыларына тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған кәсіпорындар мен объектілерді салуға техникалық жәрдем көрсету жөніндегі шаралардың мазмұнын ашатын мәліметтер;
8) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы жалпы Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдау көлемін ашатын мәліметтер.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II; 10.07.02 ж. № 338-II ; 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер
Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады:
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретінде қылмыстық процесте пайдаланылмаған нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар тізбеленген мәліметтерді ашатын болса;
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өздеріне қатысты қылмыстық процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің күштерін, құралдарын, нысандарын, әдістерін және нәтижелерін ашатын мәліметтер, осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәліметтерді ашатын болса, сондай-ақ өздеріне қатысты «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер;
2) нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер;
3) барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер;
4) сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер;
5) Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;
6) жедел жұмылдыру жұмысының жай-күйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер;
7) радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;
10) үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;
12) жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер;
13) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ олар жүргізген жедел-іздестіру және жедел-техникалық шараларды ашатын мәліметтер;
14) нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеу қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына жататындығын ашатын мәліметтер;
15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер;
16) мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жай-күйін ашатын мәліметтер;
17) ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер;
18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) терроризмге қарсы операциялардың тактикасын, нысанын, әдістерін, құралдарын және оларға қатысушылар құрамын ашатын мәліметтер;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.
15-бап. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу тәртібі
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуды мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырады.
Аталған лауазымды адамдар басқаратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету жөнінде өкілеттік беріледі.
2. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу олардың салалық, ведомостволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Басшыларына осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбелерін әзірлейді. Аталған органдардың билік етуі жөнінде өкілеттік берілген мәліметтер осы тізбелерге енгізіледі және олардың құпиялылық дәрежесі белгіленеді. Қару-жарақтар мен әскери техниканың үлгілерін әзірлеу мен жаңғырту, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жөніндегі нысаналы бағдарламалар шеңберінде аталған үлгілер мен жұмыстарға тапсырыс берушілердің шешімі бойынша құпияландыруға жататын мәліметтердің жекелеген тізбелері әзірленуі мүмкін. Бұл тізбелерді тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары бекітеді. Мұндай тізбелерді құпияландырудың орындылығы олардың мазмұнымен айқындалады.
3. Мәліметтерді құпияландырудың принциптеріне сәйкес мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу қажеттілігінің негіздемесі осы мәліметтер алынған (әзірленген) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктеледі.